Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136
Құрметті  ұстаздар, әріптестер!
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білім және консалтинг қызметін қөрсету Орталығы мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының білімін жетілдіру курстарына қалалық, аудандық білім бөлімдері мен мектептерден, колледждерден мамандық салалары мен пәндерден  тапсырыс берушінің қалауы бойынша тыңдаушылар қабылдайды
2014 жылы  қаңтар айының  23 - 25 күндері І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. абайтанушы ғалым Сайлау Қажыбекұлы Қожағұлов «Абайды білмек парыз әрбір жасқа» тақырыбында мектептер мен колледждерде  ақын мұрасын жаңаша оқыту мәселелеріне  арналған «Абайтану» авторлық курсына шақырады
Курс биылғы жылы барлық мектептерге міндетті оқу пәні ретінде енгізілген. Абайтану пәнін жүргізетін мұғалімдерге, жалпы  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне  колледж оқытушыларына арналған.
Қарастырылатын тақырыптар:
Абайтану тарихы. 
Абайтанудың алғашқы кезеңі.
Абайдың ақындық мектебі .
Абайдың ақындығы.
Ағартушылық – дидактикалық лирикасы.
Ән-күй, өнер, өлең тақырыбы. 
Көңіл - күй лирикасы
Махаббат-ғашықтық тақырыбы.
Табиғат лирикасы. Философиялық  лирикасы. Сатирасы. 
Абай аудармалары. Қарасөздері.
Абай өлеңдерінің тіл бейнелілігі
Абай өлеңдерінің текстологиясы.          
Курсқа қатысу үшін оқу орнының, мектептің атын, мекен-жайын, қатысушылар санын, банк реквизиттерін, электрондық пошта, байланыс телефондарын, факс арқылы есеп айырысу  құжаттарын жіберу үшін орындаушының  аты жөнін толық жазып жіберу керек. Жеке тұлғалар  да қабылданады.  Курстан өткендерге сертификат беріледі.
Оқу ақысы  НДС-сіз  бір қатысушыға – 15 мың теңге.
Курсті өткізу орны -  Талдықорған  қаласы,  Жансүгіров көшесі 187а, 125  аудитория
Электрондық пошта: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
Анықтама телефондары : 8 (728-2) 22-05-89