ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Қаржы-экономикалық факультетінің университет шеңберінде өткізілген семинар отырысы

Төрағасы – Д. А. Калдияров

Хатшысы – Т.С. Мусина

Қатысқандар: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары (қатысушылар тізімі тіркелген).

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.«ЕурАзЭҚ аясында Қазақстанның интеграциялану» тақырыбы бойынша семинар

Тыңдалды:

Қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ.д., профессор Қалдияров Д.А.

29 мамыр - Еуразиялық интеграция күні ретінде атаулы датаға айналуға лайық. Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа салтанатты түрде жасалған мәлімдемесінде ҚР Президенті Н. Назарбаев атап өтті. «Бүгінгі күн Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің халықтары үшін айтулы тарихи күн. Еуразиялық экономикалық одақ -бұл мәңгі достық пен өзара әрекеттестіктің, елдеріміз арасындағы тату көршіліктің жаңа әрі мығым механизмі. Елбасы Н 29 мамырды біздің елдеріміздің айтулы даталар күнтізбесінде - Еуразиялық интеграция күні ретінде енуге лайықты деп санаймын», - деп ерекше атап көрсетті.

Э.ғ.к., доцент Шөмшекова Б.К. – Еуразиялық экономикалық одақ – уақыт талабына лайықты жауап.Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес-тің Мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысы өткізіліп жатыр. Отырысқа Қазақ-стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Федера-циясының Президенті Владимир Путиннің, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен шағын құрамдағы кездесуден басталды. Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, еуразиялық интеграциялық үдерістерді кеңейту мәселелерін талқыланады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесудің Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты әзірлеу жөніндегі орасан зор жұмыстарды аяқтадық, деді Елбасы. Шартқа қол қою арқылы еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың жаңа сапалы кезеңі басталады. Бұл құжатта барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілген. Сауатты және салиқалы дайындалған. Бірқатар келіспеушіліктерге қатысты қол жеткізілген консенсус барлық тарапты қанағаттандырды.

Елбасы өз сөзінде Одаққа мүше мемлекеттердің тіл мәселесі қозғалады. Дегенмен, сондай құжаттар бірден тараптардың әрқайсысының мемлекеттік тілде-ріне де аударылатын болады. Сондықтан тілдік қағидаттар жөнінде ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды.Қазақстан Президенті бұл шарт үш мемлекеттің азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Еуразиялық экономикалық одақты құру біздің экономикамызды жан-жақты жаңғыртуды жалғастыру, елдерімізді әлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін беретініне сенімдімін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Құрылып жатқан Одаққа Арменияның қосылуы туралы тармақ бар. Өз кезегінде Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдады (Баяндаманың толық нұсқасы тіркелген).

Аға оқытушы - Р.Ж. Габдуллина. Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып, қазір өмірге белсене еніп келеді. Әрине, мұндай озық идея «қайдан пайда болды, «еуразияшылдық ағымның» шығуы, даму тарихы қайда жатыр?», осы мәселеге алдымен, тоқталған жөн. Жалпы, жаңа Кедендік Одақ құрылғаннан бері, макроэкономикалық тиімділігін байқауға болады. Кедендік Одақ қатысушы-мемлекеттер үшін айтарлықтай, оң пайдасын беруде. Шетел инвестицияларын тарту, ұлттық ЖІӨ өсуі, өнімнің өзіндік құнын төмендету және басқа да көптеген шешуші көрсеткіштер бойынша оң динамиканың неғұрлым нақты цифрларын беріп жатыр. Үш мемлекеттің экономикалық субъектілерінің бірегейлендірілген кедендік тарифтер мен импорттық баж салықтарына бейімделу кезеңіне байланысты белгілі бір қиындықтар туындады. Ұлттық кедендік әкімшіліктер арасында жекелеген сәйкессіздіктер бар, олар Кеден одағы комиссиясының тәсілді жұмыстары арқылы жойылып келеді. Кеден одағы қазақстандық өндірісшілер үшін өткізу нарығының шекарасын Бресттен Владивостокқа дейін кеңейтті. 2013 жылы біздің экспорт Ресейге 60 пайызға, ал Беларусь мемлекетіне 2,3 еседен астамға өсті. Біртұтас кеден аумағы ішінде шетел валютасын алып жүруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл Ресей мен Беларусь мемлекетінің тауар өндірушілері үшін жасалды. Осылардың бәрі, байқағанымыздай, барлық қазақстандықтар, ресейліктер және беларусьтер үшін нақты тиімділіктер.

ШЕШІМІ: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарастыратын өзекті тақырыптар бойынша семинарларды өткізуді жалғастыру

Төрағасы Д.А. Қалдияров

Хатшы Т.С. Мусина

Вход/Регистрация

Гордость ЖГУ

  • Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Алимбек Зереш Рашитқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Қалиев Дастан Ерланбекұлы
  • Нұрсағат Маржан Батырғалиқызы
  • Досмухаметов Мади Алимович
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Жакупов Арсен Абзалович
  • Аталықова Балжан
  • Мизамова Мадина Мырзашқызы
  • Алдибек Қырмызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Лентаева Ақмарал Ерғалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Лентаева Ақмарал Ерғалиқызы

Полезные ссылки

  • Библиотека
  • image
  • История Казахстана
  • ScienceDirect
  • Thomson Reuters
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • Издательство «Лань»
  • Виртуальная научная библиотека
  • polpred.com
  • Республиканская межвузовская электронная библиотека
  • image
  • Единая Электронная библиотека
  • Observatory
  • Финансовый центр
  • image

Статистика

Online Expo-2017

  • image