ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің

2014-2015 оқу жылындағы

САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТЫ

Басты мақсаты: қоғам қажеттілігін әлемдік білім кеңістігінде және ғылыми-ақпараттық қауымдастықта интеграцияланатын жоғары деңгейде кәсібилілікті меңгерген, адами қасиеті басым жаңа генерациядағы кадрлармен, ғылыми ресурстармен қамтамасыз ету.

1. Білім беру сапасын арттыру мақсатымен  ACQUIN халықаралық агенттігінде педагогика және психология факультетінің, қаржы-экономикалық және заң факультеттерінің 16 білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу.

2 Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу үрдісін құру, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру, оқу үдерісін жетілдіру және ақпараттық технологияны енгізу арқылы білімгерлердің  оқудағы жетістігін бақылау және тіркеу.

3.Бакалавриаттың «Ақпараттық жүйелер» және «Педагогика және психология» мамандықтарының көп тілді қызметкерлерін дайындау және «Тарих», «Математика», «Биология» мамандықтары бойынша шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп құрған оқу бағдарламаларын меңгеру.

4.Профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін кадрлік менеджмент құру (штаттық кестедегі оқытушылар 80 пайыздан кем емес, дәрежелілігі 50 пайыздан төмен емес).

5.ҚРБҒМ  берілген грант негізінде қаржыландырған іргелі және қолданбалы зерттеулері мен «Инновация» ғылыми жобаларының орындалуын 20% арттыру.

6.Академиялық қауымдастықта беделі бар  шетелдік жоғары оқу орындарымен білімгерлерді алмастыру, магистранттар мен ПОҚ машықтанудан өткізу аясын кеңейту. Болон процесіне қатысушы мемлекеттермен (Германия, Чехия, Испания, Польша), АҚШ, Швейцария, Кытай, Түркия және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына білімгерлердің, ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру.

7.ИСО 9001:2008 халықаралық жүйесіннің талабы бойынша ресертификациялауға, әлемдік және ұлттық ранжирлеуге қатысу арқылы білім беру қызметі нарығында тұрақты орын иеленуді қамтамасыз ету.

8.Университеттің инфрақұрылымын жетілдіру және зертханалық базасын модернизациялау: кем дегенде 48 млн.тг. сомаға заманауи құрылғыларды, сертификатталған ақпараттық  бағдарламаларды алу; кем дегенде 40 млн.тг. сомаға кітапхана қорын толықтыру; әлемдік ақпараттық ресустарға (Springer, Thomson Reuters, Elsevier, Рolpred, Britannica UK Academic) еркін кіруді қамтамасыз ету.

9.Университеттің ақпараттық және баспа өнім қажеттіліктерін білім беру аясында өтеу және  заманауи құрылғылар мен технологияларды қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді және ақылы қызметтерді көрсету.

10.Әлеуметтік жобаларды орындау, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тарих, дәстүр туралы білімдерін көтеру және салауатты өмір салтын ұстану шаралары арқылы жастардың азаматтық ұстанымын, патриоттық сезімін, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру.

11.Ар-намыс кодексін сақтау, мәдени-танымдық шараларын өткізу арқылы профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің, білім алушылардың корпоративтік мәдениетін көтеру. 

А.Е.Бектурганов

 

Рег.№ _222_

 

 

 

 

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image