ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

   

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің

2013-2016 жылдарға арналған

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Университет жоғары білікті кадрлары, заманауи оқу-әдістемелік және материалдық базасы бар, көп салалы  бағытта үш деңгейлі жүйемен мамандар даярлайтын (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура),  аймақтың және еліміздің инновациялық дамуын барлық жағынан қамтамасыз ететін, Болон декларациясы қағидаларына сәйкес білім беру жүйесінің  модернизациясын Алматы облысында іске асыратын ғылыми-білім беретін ірі орталық болып табылады.

Сапа саласындағы  саясаттың  негізгі принциптері:

·         Қоғамдағы, нарықтағы сұранысты  бағдарлау;

·         Өзгермелі шарттарға  қызмет түрін шұғыл бейімдеу;

·         Қызмет көрсетудің барлық саласында сапаны қамтамасыз ету және үзіліссіз арттыру;

·         Шешім қабылдаудағы ұтқырлық және оның экономикалық тиімділігі;

·         Қызмет көрсетудің барлық саласындағы ашықтық.

Сапа саласындағы  саясаттың  негізгі бағыттары:

Инновациялық технологияны пайдалану және университет қызметінің мониторинг сараптамасы негізінде, көптілділік жүйені дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен оқу бағдарламаларын құру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру ;

Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіне бағытталған басымдықтарын жүзеге асыру үшін  қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізуге білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін жұмылдыру;

Университеттің қаржылық-экономикалық тұрақты жағдайын қамтамасыз ету және ресурстарын тиімді пайдалану;

Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтарымен бірлескен оқу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын құру тәжірибесін кеңейту арқылы  халықаралық кеңістікке терең интеграциялану;

Жалпыға бірдей сапаны басқарудың (TQM) және ISO 9001 халықаралық стандарт талаптары сериясы қағидаларына сай университетті әріптестік басқару жүйесі менеджменті сапасын арттыру;

Университет қызметін тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету деңгейін анықтайтын қоғамдық қызығушылық танытушылармен, түлектермен тиімді байланыс орнатуды жақсарту;

Университеттің кадрлық әлеуетінің, үдерістің ресурстық және ақпараттық жабдықталуын, корпоративтік мәдениеттің дамуын жетілдіру;

Білім алушылардың  оқу, ғылыми, тәрбиелік жағына, кәсіби және тұлғалық қалыптасуына, азаматтық ұстанымын, потратизмін қалыптастыруға, шығармашылық тұрғыдан дамуына қолайлы орта жасау;

Университеттегі білім алушылар мен қызметкерлерге салауатты және қауіпсіз жағдай жасау, әлеуметтік кепілдемелері мен жеңілдіктерін сақтау;

Жетісу мемлекеттік университетінің басшылығы осы саясатты профессорлық-оқытушылар құрамының, білім алушылардың,  қызметкерлердің назарына ұсынады және іске асыру үшін  қажетті жағдайды жасауды міндетіне алады.

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image