ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

 

Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы» жеке кафедра ретінде 2010 жылы құрылған болатын.

Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы:

6М050700 –«Менеджмент»;

6М051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша магистратура;

5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару;

5В050700 – Менеджмент;

5В051100 – Маркетинг мамандықтары бойынша бакалавр мамандар даярлайды.

Кафедра миссиясы– мемлекеттік басқару және жергілікті басқару саласында, тиімді қызмет ететін жоғарғы кәсіби және білікті болашақ басқарушыларды дайындау.

КАФЕДРАНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Кафедрада студенттерге білімді жоғары білікті мамандар жүргізеді:  

  1. Э.ғ.д., профессор М.Т. Кантуреев;
  2. Э.ғ.к., доцент Г.Р. Байтаева;
  3. Э.ғ.к., доцент М.Б. Торегожина;
  4. Э.ғ.к., доцент М.Б. Сейсекенова;
  5. Э.ғ.к., доцент А.У.Амирова;
  6. PhD, аға оқытушы Э.Ө. Қыдырбаева;
  7. Магистр, аға оқытушы А.К. Бекметова;
  8. Магистр, аға оқытушы Б.Х. Қылышпаева;
  9. Магистр, аға оқытушы А.Т. Абжаков;
  10.  Магистр, аға оқытушы М.Н. Абдилдинова;
  11. Магистр, аға оқытушы М.К. Аяжанова;
  12. Магистр, аға оқытушы Ш.А. Қабылбекова;
  13. Магистр, оқытушы Ж.К. Сюбебаева;
  14. Магистр, оқытушы А. Тоқанұлы;
  15. Магистр, оқытушы А.Ж. Сейткапаров.

 

 

Кафедра құрылған уақыттан бері «Мемлекеттік және жергілікті басқару басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша 400 ге жуық түлектер бітіріп шықты. Осы мамандықтардң түлектері әртүрлі салалар бойынша қызмет етуде:

-  білім саласы (ЖОО, колледж);

-  бизнес және кәсіпкерлік салалары;

-  қаржы-банк қызметі;

-  мемлекеттік органдарда (әкімшіліктер, министірліктер, құқық қорғау органдары);

-  ҚР президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы.

Осы уақытқа дейінгі аралықта кафедра басшылығын мына жетекші мамандар атқарды:

1. Торегожина Меруерт Болатовна – э.ғ.к., доцент.

2. Қыдырбаева  Эльмира Өмірсериковна - PhD, аға оқытушы.

3. Кантуреев Мансұр Тасыбаевич– э.ғ.д., профессор.

4. Амирова Айнур Уызбаевна - э.ғ.к., доцент.

 

 

Бүгінгі күні кафедраны э.ғ.к., доцент Байтаева Гүлнар Рахметқызы басқарады.

1986 жылы «Ауыл шаруашылығында шаруашылық қызметтегі бухгалтерлік есеп және талдау» мамандығы бойынша К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық Академиясын бітірді.

Мамандану аумағы: мемлекеттік басқару, менеджмент және маркетинг, салалар экономикасы, бухгалтерлік есеп.

Академияны тәмамдағаннан кейін Гурьев педагогикалық институтының «КПСС тарихы және политэкономия» кафедрасында  оқытушылық қызметін бастады. 1989 жылдан 2002 жылдар аралығында Талдықорған педагогикалық институтының «Экономика және менеджмент» кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарды. 2002 жылдан 2005 жыл аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономикалық теория» кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап аталған университеттің «Менеджмент» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Байтаева Г.Р. монография, оқу құралдары және 40-тан астам халықаралық және университет ішілік жинақтарда ғылыми мақалалар жариялады.

Кафедра оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Агроөнеркәсіптік кешендегі аймақтық басқарудың концепциясын құрастыру (Мемлекеттік тіркеу №0114РК00081).
  2. Экономикалық пәндерді оқытудың инновациялық технологялары (Келісімшарт  № 0114РК00082)
  3. Ұйымдағы персоналдарды оқыту мен дамыту қажеттіліктерінде бағалаудың инновациялық менеджменті (Келісімшарт № 75 от 28.10.2013 г.).

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Жастар еңбек нарығының мәселелері.
  2. Аймақтың тұтыну нарығын маркетингтік зерттеу.

Зерттеу мәселелері бойынша 3 жыл ішінде 100 ден астам халықаралық және республикалық ғылыми журналдар соның ішінде 2 мақала импакт-факторымен, 4 оқу құалы және оқулықтар шықты.

БІЛІКТІЛІКТІ ЖОҒАРЛАТУ

Кафедраның оқытушылары үнемі өз біліктіліктерін көтеруде, мысалы бүгінде э.ғ.к., доцент М.Б. Торегожина, PhD докторы Э.Ө. Қыдырбаева «Болашақ» бағдарламасымен Англияда білім алуда.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Кафедраның студенттері мен магистранттары жыл сайын Европа мен Азияның белді ЖОО академиялық ұтқырлықпен оқып, білімдерін ұштауда. 2014-2015 жылы Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенттері Мақсұт Д., Есенбаева А. және Менеджмент мамандығының магистранты Бершінбекова М. Варшава мемлекеттік университетіне (Чехия) сыртқы академиялық ұтқырлықпен білім алуға кетеді.

Шетелден шақырылған ғалымдар

  1. Дашкова Виктория, Чехия мемлекетіндегі  Прага қаласында орналасқан EURASSқосымша кәсіби білім беру мекемесінің PhD докторы. 6M051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының магистранттарына 23.10.2013ж. мен 06.11.2013ж. аралығында «Кәсіпорынның қаржылық анализі» атты курс бойынша 45 сағат лекция оқыды.
  2. Стефан Дырка экономика ғылымдарының докторы, Польша мемлекетіндегі Краков қаласында орналасқан  В. Корфантого атындағы Верхнесилез экономикалық университетінен келді. 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне «Қазіргі заманғы бизнесті мемлекеттік деңгейде басқару» атты курс бойынша 02.09.2014ж. мен 14.09.2014ж. аралығында өз лекциясын жүргізді.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Кафедра доценті Торегожина  Меруерт Болатовна 2008 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты республикалық конкурсында ҚР ҒБМ грантын иеленді.

Кафедра меңгерушісі Байтаева Гулнар Рахметовна 2009 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты республикалық конкурсында ҚР ҒБМ грантын иеленді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аға оқытушы А.К.Бекметова басшылығымен «Прометей» атты студенттік үйірмесі жұмыс жасайды.

«Маркетинг» мамандығы бойынша э.ғ.к., доцент М.Б. Сейсекенова жетекшілігімен  «NEW  GENERATION»  студенттік үйірмесі жұмыс жасауда.

Кафедрада  жылдан-жылға белсенді жұмыс жасап келетін аталған  студенттердің ғылыми үйірмелері «Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасының жетістігі деп білеміз.

Профессорлық оқытушы құрамның орташа жасы - 36. Осыдан кафедра потенциалы жоғары екендігі білінеді, ол ұжымның өз біліктілігі мен білімін көтеруге деген ұмтылыстарынан байқалады.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович

Пайдалы сілтемелер

  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image