ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

 Музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі  доцент Теміров Есен Шораұлы.

Кафедра тарихы: В 1976-1977оқу жылында І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетінде музыка және ән-күй кафедрасы ашылды. Осы жылы кафедра тұңғыш талапкерлерден студенттер қабылдауды іске асырды.  Кафедраның құрылуы 1978-1979 оқу жылында музыка-педагогика факультетінің ашылуына материалдық -техникалық базаның дайындығының септігі тиді. Осылайша институтта өз алдына жеке бөлім болып музыкалық-педагогика факультеті құрылды.

Музыка-педагогика факультетінде төрт түрлі  мамандандырылған музыкалық кафедра жұмыс істеді, осы кафедралардың барлығын арнаулы білімдері бар ұйымдастыру қабілеттері жақсы жолға қойылған білікті оқытушылар басшылық етті.

2008 жылы» музыкалық білім мамандығы» кафедрасы ретінде жаңадан құрылған мәдениет және өнер факультетіне енді.

2012 жылдан кафедра педагогика және психология факультетінде өз қызметін атқарып келеді. 2009 жылдан бастап кафедраны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарихи-теория факультетінің «фортепиано» мамандығы бойынша бітірген түлегі - доцент Теміров Есен Шораұлы басқарып келеді. Доцент Теміров Есен Шораұлы 1986 жылдан 2008 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы ЖМУ музыка-педагогика факультетінің деканы болып келді. Білім және мәдениет саласында сіңірген еңбегі үшін 1994 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен доцент-ғылыми атағы берілді, бірнеше төс белгілері бар: «ҚР құрметті білім қызметкері». «ҚР мәдениет қайраткері». Республикалық «Жігер» жастар конкурсының лауреаты.

«Музыкалық білім» мамандығы өзінің қалыптасу барысында ұзақ жолдан өтті, даму және кемелдену барысында шығармашылық ұжымдардың лайықты қосқан үлестері өз алдына тұрарлық нәтижелері бар. Атап айтқанда: студенттік хор, қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, орыс халық-аспаптар оркестрі-осы шығармашылық ұжымдар-бүгінгі «Халықтық ұжым» деген жоғарғы атаққа ие болды. 2014 жылы сәуір айында бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламасы саласында музыкалық білім кафедрасы Тәүелсіз  Қазақстан агенттігінің (білім сапасын қамтамасыз  ету HKAOKO-IQAA) сапалы білім берү бағдарламалық аккредитациядан ойдағыдай табысты өтті.

Профессорлық-оқытушылар құрамы:Кәзіргі уақытта кафедрада 30-ға жуық профессорлық-оқытушылар құрамы және оқу-тәрбиелік құрам жұмыс істейді. Осылардың арасында: композиторлар одағының мүшесі, дәстүрлі музыка бойынша «Мақам» зерттеу тобының Халықаралық алқасының мүшесі, Азия-Тынық мухит музыкатанушы ассоциациясының мүшесі, Орталық Азия өнер академиясының Құрылтайшылар Алқасының мүшесі, өнертану докторы, профессор Ш.Г.Гуллыев;

4 педагогика ғылымының кандидаттары, доценттер: Ж.Ш.Таубалдиева, Н.А.Митина, А.К.Усенова, К.А.Тулеужанова; 1 өнертану кандидаты-аға оқытушы Р.К.Алсаитова; екі оқытушы-доцент ВАК РК ж/е СССР ғылыми атағын иеленген-Е.Ш.Теміров ж/е Б.А.Мұстафин; профессор атағын иеленген оқытушы-Ж.Ш.Таубалдиева, Л.А.Ли, Х.О.Валитова, Е.К.Тоқтаров-университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген,кафедраның екі оқытушысы-Е.Ш.Теміров, Е.К.Тоқтаров «Қ.Р.Мәдениет қайраткері» құрметті атағына иеленген.

2014-2015 оқу жылында кафедра дәрежесі 48% болып тұр.

Оқу-әдістемелік әрекеті: Музыкалық білім кафедрасы кәсіптік оқу жүйесін дамытуда жаңалық енгізу білімділігін ж/е ақпараттық-комуникативті технология негізінде жұмыс істейді. «Музыкалық білім» мамандығы бойынша шығарылған әдістемелік кітаптар 15 атаудан тұрады, соның ішінде 7-і мультимедиялық кітаптар: «Практикалық (Машықтық) полифония» «Шетелдік Азия музыкасы», «Музыкалық этнография», «Қазақстан композиторларының фортепианолық шығармалары», «Мәдениеттің көркемдік кеңістігіндегі музыкалық стилі», «Жастардың музыкалық демалысы», «Шығыс музыкасы»-кафедра оқытушыларының жарыққа шығарғаны.

Ғылыми-зерттеу қызметі: 2011-2014 жыл аралығында кафедра оқытушыларының 200 ғылыми мақалалары жарық көрді: Канаданың шетел журналдарына, АҚШ, Германия; Австрия, Ресейде, халықаралық ғылыми конференциялар ж/е жакын және алыс шетел симпозиум материалдарында: Индия, Туркия, Чехия, Болгария, Германия, Украина, Россияда, ҚР білім ж/е ғылым жүйесін қадағалау комитетінің тізіміндегі журналдарында, отандық ж/е шетел басылымдарында: «Вестник ЖГУ им. И.Жансугурова», «Жұлдыз», «Наука и мир» ж/е т.б., ҚР жоғарғы оқу орындарындағы халықаралық ғылыми конференциаларда, республикалық басылымдарда.

Кафедраның ПОҚ-ы әр түрлі жобаларға ж/е бағдарламаларға қатынасады. 2012 жылы пғк., доцент А.К.Усенова басшыығымен ҚР гранттық қаржыландыру конкурсына қатынасуға: «Жоғарға музыкалық білім жүйесіндегі педагог-музыканттың профессионалдық біліктілігін қалыптастыру» атты тақтырыпта ғылыми жоба дайындалды.

П.Ғ.К., доцент Н.А.Митинаның басшылығымен «Ғылыми-зерттеу қызметінің процессіндегі болашақ музыка мұғалімдерінің творчестволық белсенділігін қалыптастыру». Атты тоқырыпта ғылыми жоба дайындалды, осы жоба конкурстық комиссиясының шешімімен 2014-2015 ректордың гранты «Инновация» конкурсында жүзеге асыруға іріктелді. «Музыкалық білім» мамандығында оқитын магистранттарға 2012 жылы кафедрада «Магистрант-зерттеуші» атты ғылыми үйірме ұйымдастырылды. «Болон процессінің шеңберіндегі педагог-музыканттың профессионалдық біліктілігін дамыту» (ғылыми жетікшісі п.ғ.к., доцент А.К.Усенова) атты зерттеу темасы ең бір маңызды алға орында тұр. «Профессионал» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Н.А.Митина) және «Музыка мұғалімі» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., профессор Ж.Ш.Таубалдиева) атты келелі топтың құрамына студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде жұмылдырған. Келелі топтың (проблемные группы) негізгі талқылайтын мәселері: музыкалық білім ж/е әдістеме сұрақтары; музыкалық білімдегі жаңа технология; жоғарғы оқу орындарында ж/е жалты білім беретін мектептерде оқу процессінде жаңа технологины қолдану. Кафедрада студенттермен творчестволық әлеуеттілігін (потенциал) жүзеге асыруда белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Студенттер әр түрлі регионалдық (өңірлік) ж/е республикалық конкурстарға қатынасып ж/е де жүлделі орындарға ие болады. Соның айғағы «Талдықорған шұғыласы», «Абай әлемі», «Әсет әндері», «Айтыстар» ж/е де т.б. пәндік олимпиадалар, фестивальдар. Астрахан қаласында 3 қыркүйектен 8 қыркүйек 2013ж. Аралығында «Голос золотой степи» атты халықаралық этнофестиваль-конкурс өтті, сол конкурста І.Жансугіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің музыкалық білім кафедрасының студенттері Азат Дауыл ж/е Қаділжан Қайсар (Жетікшісі өенртану ғылымының кандидаты Р.К.Алсаитова) қатысып, 1-ші орынды 3 курс студенті Азат Дауыл женіп алып «Голос золотой степи-2013» халықаралық конкурстың лауреаты атанды. Астрахан қаласындағы казинформ. «Астрахан қаласында өткен «Голос золотой степи-2013» IV Халықаралық этнографиялық фестиваль-конкурста «этникалық аспаптық жеке орындаушылық» Номинациясында Қазақстандық Азат Дауыл ең жақсы орындаушы боп табылды деп жазды. Ал 2 курс студенті Қаділжан Қайсар «Сольное народное пение» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Халықаралық ынтымақтастық: Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әр кез атақты ғалымдармен, педагог-музыканттармен байланыста ж/е де бірге жұмыстар атқарады. 2013ж. Мамыр айында кафедраның оқытушылары ж/е 1 курс магистратура «Музыкалық білім ж/е өнерде магистрларды дайындаудағы ғылыми –педагогикалық негіздері»-атты семинарға қатысты. Осы семинарды п.ғ.д.,профессор МПГУ, вице-президент МАНПО, «Музыка» кафедрасының меңгерушісі Э.Б.Абдулин (Москва қ.) ж/е п.ғ.д., Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Р.Р.Джердималиевалар (Алматы қаласы) өткізді.

2014 жыл март айында Белорус мемлекеттік мәдениет ж/е өнер университетінде 1-2 курсмагистранттарымен жоғарғы бойынша ғылыми-сынақ өтті. Бұл бағдарлама мынаны қарастырған: лекциялар, семинарлар, жоғарға оқу орынындағы жетекші оқытушылардың ойындық бағдарламалары (д.п.н., профессор Коломинский Я.Н., д.п.н., доцент И.П.Малахова, д.п.н.,проф. В.М.Ушакова, п.иск.,доцент О.О.Грачева, к.п.с.н. доцент Алехнович Е.Ч. және басқалар). Мастер-кластар (Беларус республика еңбек сіңірген әртісі, аға оқытушы Денисов И.Л., п.ғ.к., профессор Пекутько А.В. және т.б.); домалақ стөлдер «Научно-исследовательская работа субъектов обучения на 1и2 ступенях высшего образования» («1 және2 сатыдағы жоғарғы білімдегі субъектілерді оқытудағы ғылыми-зерттеу жұмысы»).

«БГУКИ жағдайындағы коммерциализациалау нәтижесіндегі ғылыми-зерттеу ж/е оның шешу жолының проблемасы »; жеке ж/е топтық консультациялар, магистранттардың ғылыми-оқу конференциялары.

Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін көтеру.Қ.Р. жоғарғы орындарының қауымдастығының шақыруы бойынша 9 шілдеден 21 шілде 2014 жыл аралығында п.ғ.к., доцент А.К.Усенова АҚШ-та «Жетекшілік ж/е білімге, мәдениетке ж/е кәсіпқойлыққа жаналық енгізу» профессионалдық сыннан өтті. Бұл сындық бағдарлама АҚШ-тың 5 штатын қамтыды. Вашингтон (Сиэтл қ-сы), Монтана (Баземан қ-сы), Вайоминг (Иелоустон қорығы), Невада (Лас-Вегас қ-сы), Аризона (Домба Гувера). Американдық жағынан ұйымдастырушылар: Education 2, International Center for Education & Technology, Association of Cultural Exchange, Montana State University.

Сындық шеңберде Сиэтл қаласында (University of Washington,)жетекшілік және инновациялық семинарлар өтті.Осындай семинарлар Боземан қаласында  (Montana State University);   University of  Nevada,Лас-Вегас қаласында және                 ,ресми сапарлар және экскурсиялар болды.Музыкалық білім кафедрасы алған білімдерін келешекте жеке дамытып жәнеде ұжымда өз бетінше жүзеге асыратын,профессионалдық ортада ойдағыдай мансабын жоғарылата алатын студенттермен магистранттар дайындап шығарады.Кафедра жұмыс істеген кезден бастап 2000нан жоғары мамандар Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі білім беретін мекемелерде қызмет жасап,иігі іс атқарып жүр.Бітірүші студенттер арасында музыкалық теориялық білімдерінің жақсы деңгейдегілері оқытушылық қызметіне шақырылды-Ж.Ш.Таубалдиева, Х.О.Валитова, Г.И.Арапова, А.К.Үсенова, Н.А.Митина, Ш.Е.Темирова, Г.С.Сарбалина, С.С.Оңғарбаева, А.К.Түменбаева, С.Т.Шыныбаев.

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Ратаев Ардан
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • ONLINE-EXPO 2017

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image