ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы 2008 жылы 2-шілдеде І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры Ә.Е. Бектұрғановтың бұйрығы бойынша құрылды.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент, Еуразиялық дизайн Одағының мүшесі, "Этнохудожественная культура" журналының бас редакторы, «Ақын Сара» сыйлығының лауреаты – Адамқұлов Нұрәлі Мерекебайұлы.тел. 8 777 198 42 71,   8 775 326 72 88.

Кафедра білімгерлерді 2 мамандық бойынша оқытады:

5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»;

5В042100 – «Дизайн».

Кафедраның бейнелеу өнері және дизайн бойынша кәсіби мамандарды дайындауда тәжірибесі мол. Кафедра унивенрситеттің оқу ғимараттарын, акт залын, жатақхана және басқа да университеттің инфрақұрылымдарын көркемдік безендіру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізеді. Кафедраның барлық қызметі оқытушылар мен білімгерлердің кәсіби шеберлігін және шығармашылық өсуін жетілдіруге бағытталған.

Кафедраның білім берудегі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасы және еңбек нарығында талап етілетін мамандар, жаңа формациядағы, креативті ойлайтын, ылғи да көркемдік-педагогикалық, көркемдік-арнайы және маңызды біліктілік, шеберлігін және дағдыларын үнемі жетілдіретін мамандардағы  қоғамның қажеттіліктерін көрсетеді.

Штат бойынша кафедрада 13 оқытушы: профессор Ж. Ш. Барымбеков және М. Д. Абділдаев 2010 жылы ҚР көркемөнер Академиясының корреспондент-мүшесі болды. Кафедрада 3 ҚР суретшілер Одағының мүшесі - Ж. Ш. Барымбеков, М. Д. Абділдаев және Б.Б.Ахметов, ҚР дизайнерлер Одағының үш мүшесі - Б.Б.Ахметов, Ж.Ш.Қамбаров, Н.М.Адамқұлов, сонымен қатар 5 аға оқытушы: Ж.Ш.Қамбаров, Г.М.Ожарова, С.М.Нұртілеуов, Б.Б.Ахметов, Д.Б.Өтелбаева, магистрлер – Э.С.Қыдырбекова, А.Н.Дүсіпова, Д.С.Құсаинова жұмыс істейді.

«5В010700 –Бейнелеу өнері және дизайн»  кафедрасының мақсаты мен міндеті ҚР орта мектептеріне жоғары білікті мамандар дайындау, сонымен қатар жарнама саласында шығармашылық және көркемдік жұмыстар орындау, экспозициялар, интерьерлер, визуалды коммуникациялар, сәулеттік орта үзінділерін, өнеркәсіптік және тұрмыстық заттарды жобалау болып табылады.

Дизайн мамандығы кәсіпкерлік және бизнес саласында әртүрлі жекешлік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың шығармашылық жобалық ұжымдарының жұмыс бағытына, сонымен қатар қалалық және аудандық тұрғын үй және территория құрылысының, ақпараттық және жарнамалық агенттіктердің, көркемдік редакциялардың, баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларының жұмыс бағытына сәйкес келеді. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨАмен, Абай атындағы ҚазҰПУмен, көокемдік-графикалық факультетімен, ҚызПУ «Кәсіби білім беру» кафедрасымен, «Сымбат» сән және бизнес Академиясымен, ҚазБСҚА және басқа да ҚРның оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді.  

Кафедраның ғылыми жетістіктері.

2013 жылы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ПОҚ-ы Қазақстанның жетекші ЖОО арасындағы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларына қатысты. 2013 жылы 2 қыркүйекте доцент  Н.М.Адамқұлов  Абай атындағы ҚазҰПУде өткен, «Садықов тағылымы» конференциясына қатысты. 2013 жылы 24-26 қазанда І.Жансүгіров атындағы ЖМУде өткен конференцияға кафедра ПОҚы белсенді қатысты. Н.М.Адамқұлов, Ж.Ш.Қамбаров және С.М.Нұртілеуовтың "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі" атты оқу құралы шықты.

Кафедраның  шығармашылық жетістіктері.

Н.М.Адамқұловтың шығармашылық жұмыстары.

Өңделген Шертер Нар кобыз Ащщы дауысты домбыра Аша домбыра
Балдырған домбырасы Кең шанақты домбыра Торсық домбыра Домбыра «Шіңкілдек»

Д. Б.Өтелбаеваның шығармашылық жұмыстары

 

    Мастер по дереву
Натюрморт Шопан Келін

Б.Б. Ахметовтың шығармашылық жұмыстары

 

  Посол Портрет Зарины Ира

М.Д.Әбділдаевтың шығармашылық жұмыстары

  Мауеле бәйтерек Жұлдыз жорамал Сәнді орындык

Е.Б. Ахметовтың шығармашылық жұмыстары

  Алка Серьги  
       

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image