ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасын  менгерушісі, п.ғ.к., доцент Өтегенов Ерлан Қазбекұлы.

Өтегенов Е.Қ. 1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтынын «Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығын үздік дипломмен аяқтаған.

1995 жылдан Дене шыңықтыру факультетінің «Спорттық пәндер» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерінде еңбек етуде. 1998-2002 жылдары Дене шыңықтыру факультеті деканының оқу-ісі бойынша орынбасары, 2003-2004 жылдары «Спорттық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, 2008-2010 жылдары «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 1-қарашасынан бүгінгі күнге дейін университет спортклубының төрағасы және кафедра меңгерушісі.

2007 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің диссертациялық кеңесінде «13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,  этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, 2007 жылдың қазан айында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2008 жылдың қараша айынан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті.

Сонымен қатар кафедраның өркендеуіне аға оқытушылар Т.С. Дуанаев, А.С. Султанов,  Р.Т. Саутов, М.Ш. Туякбаева, Б.Ф. Гизатов, Ж.О. Ахметов, А.Д. Абжаков, Е.К. Туганбаев, М.Р. Озенбаев, Б.Б. Сарсенбаев, К.И. Дузжасаров оқытушылар В.Г. Ким, Д.Ч. Байдильдин, Н.Ж. Баримбеков лабаранттар Қ.Ж. Шалабаева, М. Туғанбаевалар өз үлестерін қосты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінде дене тәрбиесі және спорт кафедрасы 1988 жылдан қызметін атқарып келеді. 2013-2014 оқу жылында кафедрада 15 оқытушы жұмыс жасауда, оның ішінде Утегенов Ерлан Казбекұлы п.ғ.к, Сочин Сергей Анатольевич п.ғ.к, доцент, Абишев Нурлан Акашұлы п.ғ.д., профессор, Андрущишин Иосиф Францевич п.ғ.д., профессор, Канапьянов Серікжан Сатыбалдыұлы п.ғ.к., доцент, Галиева Гулмира Базарханқызы м.ғ.к., доцент, Рысбекова Рысжан Мырзашқызы п.ғ.к., Чарапиев Сарсембек Толеубекович КР атақты  жетекшісі, Гбдуллина Сауле Жамбырбаевна КР спорт атақты шеберi еңбек етуде.

Сапалық  көрсеткіші 50% құрайды.

Кафедра оқытушылары 25 спорттық пәндер бойынша оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын атқаруда.

Кафедра жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік білім беру стандарттарына сай жоғары білімді кәсіби мамандар дайындау болып табылады. Мемлекеттік стандарт бойынша кафедра 5В 010800 «Дене тәрбиесі және спорт», мамандығын дайындауға қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен қамтылған: барлық пәндер бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты 5.08.258 – 2006 ж., типтік оқу жоспары, оқу жұмыс жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары және оқу жұмыс бағдарламаларымен қамтылған. Мамандық пәндері бойынша СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 стандартына сай оқыту-әдістемелік кешендер құрастырылған.

Кафедра оқытушылары сабақ оқыту процесінде келесі әдістемелерді қолданады: рольді және дәстүрлі ойындар, пікірталас, интерактивті әдістер, дисскуссиялар, әңгімелер, шеберлік класстар, педагогикалық тестер және спорттық жетістіктер бойынша тестер. Іс тәжірибе сабақтарында суреттер, плакаттар, оқытатын техникалық құралдар, аудио, видео, интербелсенді әдістер құралдарын пайдаланып, әр түрлі спорт түрлерінен видео материалдар қолданылады. Кафедрадағы ӨСӨЖ мен СӨЖ-дің негізгі бағыты студенттердің ізденіс қабылеттерін жетілдіру және дамыту болып табылады. ӨСӨЖ және СӨЖ тапсырма беру және қабылдау кестелері СМЖ ЖМУ Е/СӨЖ.09-2009 талаптарына сай құрастырылған. Жұмыс бағдарламаларында СӨЖ бөлімдері қарастырылған. Мамандық пәндері бойынша СӨЖ жұмыстары реферат, баяндама және жарыс өткізу құжаттарын дайындау түрінде қабылданады. СӨЖ жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу сұрақтары кафедраның әдістемелік топ мәжілісінде талқыланады. Кафедра 1-4 курс студентерінің білімін бақылау мақсатында рейтингтік бақылау жүйесі ұйымдастырылған. Аралық бақылау нәтижелері арнайы электронды журналда тіркеледі.

Кафедрада таңдаған мамандықты кәсіби жетілдіру пәні бойынша келесі спорт түрлерінен: волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, күрес түрлері (дзю-до, грек-рим, спорттық күрес) бекітілген кесте бойынша сабақтар жүргізіледі.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының қарамағында келесі спорттық ғимараттар бар:екі ойын залы 18х36м, 648 м ², жаттығу залы.

  • арнайы құралдарымен жабдықталған 12х30 м, 360 м ² гимнастика залы
  • арнайы құралдарымен жабдықталған 12х28 м, 336 м ² бокс залы
  • 2000 орынды стандартты стадион: 107х71,40 м, 7640 м ² футбол алаңымен, волейбол, баскетбол алаңдарымен, ұзындыққа секіру, граната лақтыру, ядроны итеру секторлары және жүгіру жолдары бар
  • 25 орынға арналған жаңа үлгідегі тренажер залы
  • Балқаш көлі жағалауында «Құлагер» демалыс аймағы
  • «Карлығаш» жаздық сауықтыру лагері

Сабақтарды ЖОО талаптарына сай сапалы деңгейде өткізу үшін, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс білімгері  Ермекбай Гаухар жастар арасында бокстан (қыздар) 2013ж. қыркүйек айында  әлем чемпионы атағына ие болды.

Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1курс білімгері Ахмет Қымбат және 3 курс білімгері Күрішбаева Ділдаш жастар арасында самбодан (қыздар) әлем чемпиондары атанды.

2013ж. Ресей федерациясының Санкт-Петербург қаласында әйелдер арасында  самбо күресінен  өткен әлем чемпионатында, Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс білімгері Күрішбаева Ділдаш қола медальға қол жеткізді.

2013 ж. 5 қазанда Талдықорған қаласының  Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығының 25-жылдығына және кафедра оқытушысы, КСРО спорт шебері А.Х. Султановты еске алу, волейбол жарысы өтті. Жарыс нәтижесі бойынша Мәдениет және өнер факультеті 1-орын, 2-ші орын Ректорат командасы, 3-орын Физика - математика факультетінін командасы жеңіп алды, командалар бағалы сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.

2013 ж Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі «индустриялық  - инновациялық даму жағдайындағы дене шынықтыру мен спорттың басымдықтары мен болашағы » халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында Талдықорған қаласының Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының осы оқытушылардың Утегенов Е.Қ. Габдуллина С.Ж. Берікболов Қ.Е. Данабеков Е.А. Өзенбаев М.Р. Мұздыбаев Б.А. Туғамбаев Е.Қ. Гизатов Б.Ф. Қилыбаев Қ.Қ мақаласы жарық көрді.

2013 ж Ұлттық – практикалық дене тәрбиесі орталығы Дене тәрбиесінің Жаршысы ғылыми-практикалық жорналында Талдықорған қаласының Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының осы оқытушылардың Өзенбаев М.Р. Габдуллина С.Ж. Өтегенов Е.Қ. мақаласы жарық көрді.

2013 ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Білім – Ғылым – Қоғам Өзара ықпалдастық мәселелері мен перспективалары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының осы оқытушылардың Өтегенов Е.Қ. Саутов Р.Т Сочин С.А.  мақаласы жарық көрді.

Қазақстан Республикасының 7-жазғы Универсиада кортындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 ж. «27» желтоқсан №574 бұйрығымен бекітілген 2013 жылдың сәуір және мамыр айларынды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының VII жазғы

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Айдарханов Аян
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image