ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Қысқаша тарихи анықтама. Алғашқы әскери дайындық кафедрасы өз тіршілігін 1988 жылы Талды-Қорған педагогикалық институтының алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру факультеті негізінде, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы ретінде бастады. Ректордың бұйрығына сәйкес 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы алғашқы әскери дайындық кафедрасына ауыстырылды.

Кафедраның жұмысымемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби білім, іскерлік пен дағдыларға ие маман дайындауға бағытталған. Қазіргі таңда алғашқы әскери дайындық кафедрасы оқу үдерісінің келесі мамандықтары бойынша қызмет етеді: 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық». Жыл сайын мамандық түлектері оқу орындарында, мекемелерінде, Талдықорған қаласы, аудан, облыстың құрылымдық күштеріне талап етіледі.

Кафедрада 2 мамандандырылған кабинет бар: 1 ТИР атқыш, тәжірибелік сабақтарға арналған 1 тосқауыл алқабы, анатомия және физиология кабинеті.

Қазіргі кезде кафедрада: 1 әскери ғылымдарының докторы – профессор Б.Б.Жакубақынов, 3 медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Н.Смаил, профессор С.М.Бектұрсынов, профессор В.И.Сапожников, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты – доцент М.А.Прокофьева, 1 медицина ғылымдарының кандидаты – доцент Г.Б.Галиева, Құракбаева Асыл Жексембайқызы п.ғ.к., 6 аға оқытушылар, 4 магистр, 3 отставкадағы байырғы офицер.

Сапалық  көрсеткіші 50% құрайды.

Кафедраның ұйытқысы әр жылдағы «Алғашқы әскери және дене дайындығы» мамандығы түлектері.Кафедра меңгерушісі п.ғ.к.  Куракбаева Асыл Жексембаевна.  1982 жылы ҚазақМемлекеттік қыздар педагогикалық  институтың  бітірді.

Оқу жұмысының бағыттары және нәтижелері курстық, дипломдық жұмыстар, педагогикалық тәжірибе басшылығымен жүзеге асады. Білімгерлердің кәсіптік бейімделуін және педагогикалық тәжірибесін өткізу сапасын жоғарылату мақсатында Талдықорған қаласының білім беру мекемелерімен шарт жасалған.

Ғылыми жұмыс. Кафедраның ПОҚы жыл сайын республикалық және халықаралық конференцияларға қатысады. Алғашқы әскери дайындық кафедрасы келесі ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша жұмыс істейді: «алғашқы әскери дайындық құралдары арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу». Алғашқы әскери дайындық кафедрасында денеге түсетін ауырлық кезіндегі адамның физиологиялық күйі облысындағы зерттеулер жүргізетін «Адам физиологиясы» лабораториясы жұмыс істейді. Ғылыми зерттеудің тақырыбы: « денеге түсетін ауырлық кезіндегі әскери қызметкерлердің физиологиялық күйінің мониторингі». Ғылыми жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, кафедра профессоры Н.Н.Смаил, орындаушылар: медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Г.Б.Галиева, аға оқытушы З.Ю.Кибраева. Алынған нәтижелер республикандық ғылыми журналдарда жарияланды. Өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық және халықаралық конференция материалдарында және профессор Н.Н.Смаилдың оқу-әдістемелік құралында,  ПОҚ  және білімгерлердің бірлескен басылымдарында көрініс тапты. Жиналған тәжірибелі материалдар медициналық пәндер циклі бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар өту барысында белсенді қолданылуда.

Кафедраның еңбектері мен жетістіктері.  Медицина ғылымдарының докторы, профессорН.Н.Смаилдың үкіметтік марапаттары бар: ҚР денсаулық сақтау үздігі – 1982 жыл, ҚР білім беру үздігі – 2000 жыл, оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – 2008 жыл. Н. Н. Смаил оқулықтар жазу және шығару бойынша белсенді түрде жұмыс істейді. Соңғы үш жылда медицина және спорт физиологиясы бойынша 10 оқулық жазылып шығарылды.

Жыл сайын мамандық білімгерлері Қарағанды қаласында алғашқы әскери дайындық бойынша Республикалық олимпиадаға қатысады. 2009 жылдың 050104 «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының түлектері Д.С.Бақаев, С.Е.Курбатов, Д.С.Баубеков АӘД бойынша 1 Республикалық олимпиадада 2ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – аға оқытушы, отставкадағы подполковник В.В.Буланов

050104 «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының 4 курс студенттері Маратов Ә.А., Шагатаев Ж.К., Касенов  А.Б. 2011 жылы АӘД бойынша Қарағанды қаласында өткен III Республикалық олимпиадада 3ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі – аға оқытушы, отставкадағы майор К.Т.Жанабаев.

2012 жылы 050104 «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының білімгері Д.А.Қасымов 2012 жылы «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білімгерлердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары» Республикалық конкурсында III дәрежелі диплом алды. ҒЗЖның ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент М.А.Прокофьева.

2013 жылы 4 курс студенті Тұрсынов Айдос «XXI ғасыр студенттерінің ғылыми қоғамдастығы» XII СТУДЕНТТІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯсының лауреаты атанды. Редакциялық алқаның шешімі бойынша конференцияда ұсынылған ең үздік ғылыми жұмысы үшін Сібір кеңесшілерінің ассоциациясы Лауреат дипломын тапсырды.Конкурста «БОЛАШАҚ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ  ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ПАРАМЕНТРЛЕРІ» тақырыбында баяндама жасалды. Сонымен қатар Сібір кеңесшілер ассоциациясының № DNR -8/1 дипломын ғылыми жетекші п.ғ.к., АӘД кафедрасының доценті М.А.Прокофьева алды.

050104 «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының 3 курс студенттері Молдахметов Ш., Елтаев Д. 2014 жылы БӘД бойынша Қарағанды қаласында өткен III Республикалық олимпиадада 2ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі – аға оқытушы, Тлеуов Е.Б.

ҚР ҒБМ Ұлттық Аккредиттеу Орталығы өткізген рейтинг нәтижелері бойынша 2010-2011 жылдардағы бакалавриат мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын айрықша жемісті жүзеге асырушы ретінде І. Жансүгіров атындағы ЖМУ 050104 «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы Қазақстан ЖООның арасында III орын алды. 2012 жылы – 8

ЖООның ішінде 4 орын, 2013 жылы – 10 ЖООның ішінде 5 орын алды.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image