ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Филология және журналистика кафедрасында қазіргі таңда 2 ғылым докторы, профессорлар Т.С.Сыдықов, М.М.Иманғазинов, 2 академиялық профессор М.К.Бисенқұлов, Э.В.Ли,  14 ғылым кандидаты, доценттер С.Қ.Қожағұлов, Қ.Б.Сарбасова, Ш.Ә.Қыяхметова, Д.С.Аңсабаев, М.Т.Жақыпбекова, Н.Ж.Сералиева, Б.Н.Есимкулов, Б.А.Әуелбекова, И.Г.Щербовских, Т.Д.Абжаков, Л.А.Чалтикенова, Г.Т.Сырлыбаева, К.Ш.Жүнісбекова, 1 философия докторы PhD А.М.Рахимова, аға оқытушылар М.Б.Құрманов, Т.Кәрім, 4 магистр Г.С.Сүлейменова, Д.Мүлік, Д.Б. Есімбекова А.Т.Сейдахмет, оқытушы Ү.Д.Өмірзақов  жұмыс жасайды. 2014-2015 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлау Қажыбекұлы Қожағұлов.

Сапалық  көрсеткіші  68% құрайды.

 

Мамандықтар:

5В011700  –  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  

5В12100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті»  

5B012200 –  «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»

5B011800 –  «Орыс тілі мен әдебиеті»

5В050400  – «Журналистика»

            Кафедра тарихы.

            Бұрынғы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында әр түрлі жылдары филология ғылымдарының докторы, профессор – М.Ж.Жолдасбеков, Е.А.Сидельников,                               Қ.К. Ахмедьяров, В.В. Савельева, Х.Р. Рымгали;филология ғылымдарының кандидаты, доценттер -  Н.А. Кока, В.И. Масик, В.М. Мирошников, В.Х. Щербакова, В.В.Никифоров, И.В. Кузнецова,  Л.Н. Ротова, В.С. Верещагина, Б.Г. Малеев, В.Г. Салагаев,                                   Л.Л. Салагаева, Е.А. Нифонтова, Э.Т. Какильбаева, Н.Я. Кутман, Х.С. Мухамадиев, Г.И.Калиева, В.Ф. Хрипков, В.А. Белкина, А.Х. Алимов, Н.К.  Данилова, Н.Е. Каменева, Ольга Буренина-Петрова, М. Есжанова, Г.А. Исабекова, М.Н.Джумартова; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – Ф.Ф. Джумабаева, Л.В. Зорина, А.А. Алькенова, М.А. Сегизбаева, М.Қ. Биғожанова; аға оқытушылар – Ғ.Р. Тазабекова, Р.Б. Дюсембекова, Ф.Ж. Омарова, Р.В. Афиндеев, А.И. Хасенов, Р.С. Омарова, А.Е. Гарас, Ж.А.Ахметов, Г.А. Алишева, Р.В. Новикова, З.А. Ермуханова, Р.А. Айтжанова, И.А. Ляшенко, Т.Н.Андриянова, И.В. Лих, Қ.А. Амандосова, А.С. Балтабаева, С. Бозумбаева,                                Т.С. Руденко, Н.А. Станкевич қызмет атқарды.

1990-1991 оқу жылында І.Жансүгіров атындағы педагогика институтының құрамында қазақ филологиясы кафедрасы құрылып, 030740 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мамандар дайындай бастады. 1999-2005 аралығында кафедра «Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» мамандықтарын даярлады. 2004 жылдан бастап (ҚР МЖМБС 3.08.017 – 2004). (ҚР МЖМБС 3.08.267–2006. Бакалавриат)  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2004 жылғы 26.04 күнгі №361,  бұйрығы негізінде  5В011700 –  «Қазақ тілі мен әдебиеті» (бакалавриат) мамандығы, 2008-2009 оқу жылында 5В12100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» (бакалавриат) мамандығы, 2009-2010 оқу жылында 050504-«Журналистика» мамандығы ашылды. 

 

1990-1996 жылдары Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі – п.ғ.к., доцент К. А. Абылкасымова. 1996 жылы кафедра екіге бөлініп, «Қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» кафедралары қызметтерін бастады. «Қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент К. А. Абылкасымова, «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін аға оқытушы З. Х. Еркімбекова атқарды.

1998 жылы институттың «Қазақтану» және «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі»  кафедралары қосылып (бұйрық №166п, 30.05.98), жаңа  «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы құрылды, оны 2002 жылға дейін ф.ғ.д., профессор Қ. Қалиасқарұлы, 2002-2006 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.д., профессор Т. С. Сыдықов басқарды. 2005 жылдан кафедра Қазақ филологиясы болып атауы өзгерді (бұйрық №97п, 01.09.05). 2006-2007, 2008-2009 жылдары кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ. Б. Сарбасова, 2007-2008 жылы кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Т. Д. Абжақов басқарды. 2009 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент Қожағұлов Сайлау Қажыбекұлы. 

 

 

 

 

 

  2007 жылдан  бастап (ҚР МЖМБС 3.09.269 - 2006). (ҚР МЖМБС 3.09.139–2004. 6N0117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы)  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2005 жылғы 23.12 күнгі № 779,  бұйрығы негізінде 6N0117 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша  ғылым магистрларын дайындай бастады. 2007-2014 жылдар аралығында 28 магистр дайындалды, оның алтауы қазір кафедрада ұстаздық қызмет атқарып жүр.  

 

Кафедра жанынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30.03.2010 жылғы № 558 бұйрығына сәйкес берілген  АБ сериялы № 0137366 мемлекеттік лицензиясы негізінде ғылыми-педагогикалық бағыттағы  6D011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Ph докторантура) мамандығы ашылды.

2005-2011 жылдар аралығында кафедра ОПҚ жазған оқулық, оқу құралы, монографиялар: «Әсет ақын» (С.Қожағұлов) 2005 ж. - “Өңінде тұлпар мінгендер” (Т.Сыдықов), “Өлең өрімі” (Ш.Кыяхметова), “Кәсіби  қазақ тілінің практикалық сабақтар жүйесі” (М.Сәлімгереева), 2006 ж. -  „Ізгілік сабақтары” (Т.Сыдықов), “Қазақ ауыз әдебиеті” (Қ.Қалиасқарұлы), “Жетісу әдебиеті” (Ш.Кыяхметова, С.Қожағұлов), 2007-„Ақынның қызыр ие жолдасы бар“ (Ш.Кыяхметова) “Қазақ тіліне арналған жаттығулар” (Қ.Сарбасова),  “Қазақ тілі” (М.Сәлімгереева), „Мектепте лириканы оқыту” (Д.Аңсабаев), 2007 ж. - “Антика әдебиеті” (М.Иманғазинов), “Тест тапсырмалары”, „Аңызға бергісіз ғұмыр“ (Ш.Кыяхметова), „Қазақ әдебиеті»  І,ІІ бөлім (Т.Сыдықов), 2008 ж. – „Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер“ (Қ.Сарбасова), „Шығыс халықтарының әдебиеті” (Д.Аңсабаев), 2009 ж. – „Қазақ лирикасы» (Ш.Кыяхметова), „Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұражайы“, „Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі»(Т.Сыдықов), „Көне әдебиет терминдері «(М.Иманғазинов, Молдабаева А.), 2010 ж. – „Қазақ тарихи романының поэтикасы“ (Т.Сыдықов), „Ерлік жылдарындағы ұлттық өрнектер“ (М.Жақыпбекова) 2011 ж. – „І.Жансүгіров және дәстүр жалғастығы“, „Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі“ (Т.Сыдықов), „Қазақ тілі мәселелері“ (Қ.Сарбасова), „Жетісу гидронимдері“ (Қ.Сарбасова, Г.Чукенаева), „Ақсудың ақын қызы“ (Еркінбекова З.Х.). Кафедра ОПҚ мамандық білімгерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулар даярлап, олар тәжірибеде қолданыста. Мәселен, бакалавриат және магистратура білімгерлеріне арналған „Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру“ атты әдістемелік нұсқауды доцент Қ.Сарбасова құрастырса,  „Диплом жұмысын жазуға әдістемелік нұсқауды“ доцент Ш.Кыяхметова құрастырды.

  Кафедраның орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары мынадай ғылыми бағытта жұмыстар атқарады: аударма теориясы мен практикасы (М.К.Бисенқұлов, Б.А. Әуелбекова, Т.Д.Абжақов),мәтін лингвистикасын талдау (Э.В. Ли), көркем мәтіннің коммуникативтік аспектісі  (Б.Н. Есимкулов), орыс тілін оқыту әдістемесі (Н.Ж. Сералиева, Н.А. Қожабекова), ХІХ ғасырдағы орыс поэзиясы (И.Г. Щербовских), А.Платонов  шығармашылығын оқып тану   (М.Б. Құрманов).

            Филология және журналистика кафедрасының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары 400-дей ғылыми мақалалар мен 50-ге жуық оқу-әдістемелік және электрондық оқулықтардың авторы.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері ғылыми бағытта жұмыстар атқаруда, кандидаттық диссертациялар қорғап ҚР жоғары оқу орындарында  оқытушылық қызметтер  атқарады. Атап айтсақ:  Мухамадиев Х.С. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты; Алимов А.К. – Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты; Есимкулов Б.Н. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты; Әуелбекова Б.А. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты; Абжаков Т.Д. - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты; Сералиева Н.Ж. - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты; Ким Т.В. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Сегизбаева М.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Алматы облысы Әкімшілік аппаратының жетекші маманы,   Алибаев К.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты,  Ескелді ауданы әкімінің орынбасары,    Кусаинова Т.С. –   Курчатов қаласы Әкімінің кеңесшісі, Айнабеков М. – Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары;

 «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы Ілияс Жансүгіров мұрасын толық жинап, соларға академиялық талап деңгейінде талдау жасап, оған қатысты материалдарды таразылап, сүзгіден өткізіп  40-қа жуық кітап шығару және дүлдүл қаламгердің  шығармашылығын насихаттау,  зерттеу, іздестіру, қорыту, талдау ісіне білімгерлерді, магистранттарды, докторанттарды тарту арқылы ғылыми ізденістерге баулуды алдына мақсат етіп қойды. Бұл мақсат іске асырылды, әлі де үлкен еңбектер жасалуда.

 

 

Кафедра білімгерлері:

            Кафедра дайындайтын мамандықтарының білімгерлері  проблемалық топтар мен ғылыми үйірмелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. «Тілші» - жетекшісі ф.ғ.к., доцент Қ.Сарбасова, «Ілияс ізбасарлары» - жетекшісі доцент Д.С.Аңсабаев, «Тағылым» - жетекшісі ф.ғ.д., профессор М. Иманғазинов, «Зерде»-жетекшісі ф.ғ.к. доцент Ш.Кыяхметова.

       Мамандық білімгерлері республикалық, облыстық, қалалық әдеби-мәдени бағыттағы түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып, өнерлерімен көзге түсіп жүр. Оразбайқызы Аманнұр, Қайым қалалық, облыстық студенттер айтысының жүлдегерлері атанса, Қалиев Дархан «Шешендер сайысы» байқауында І орын, «Талдықорған шұғыласы» байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. Сондай-ақ, «Оралхан Бөкей оқулары», «Ілияс оқулары», «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» байқауларының жүлдегерлері -  Қожақова Гүлайым, Серғазин Данияр. Кафедра білімгерлері факультеттегі «Жас түлек» театр үйірмесінің белсенді мүшелері. Олар республикалық байқауда І орынды иеленді. 

 

 

       Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген түлектер республикамызда, облыста әр түрлі салада қызмет атқарады. Атап айтар болсақ,  Алпысбаев Жасұлан Білім және ғылым министрлігінде бас маман,  Жанысбекова Шайзат ҚР Мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі, Үпиев Серік Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бөлім меңгерушісі, Әлішерова Динара ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, Солтанов Қанатбек Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушысы, ф.ғ.к., Адаева Ермек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, ф.ғ.к., Асылова Раушан, Ғалиева Айгүл, Тұрысбекова Әсем І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-да, ф.ғ.к Момбекова Динара Орта Азия университетінің аға оқытушысы, Оспанова Раушан Алматы технологиялық университетінің оқытушысы, Құдайбергенов Шалқар Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының, Төлеужанов Мәулен Үшарал қаласындағы мектеп-гимназиясының директорлары, Мұқашев Мұрат Алматы облыстық ішкі істер бөлімі кадр бөлімінің бастығы, Жақсылықов Қаһарман, Қасенова Гүлбақыт, Елесбаева Жанар  Алматы облыстық Тіл  басқармасының мамандары, Кенжебеков Төлеген Алматы облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі, т.б. ғылым жолын қуып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, нәтижеге жеткен түлектер саны -20-дан асады.

       Мамандықтың түлектері облыс, қала, аудан мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарып жүр. Олардың арасында «Жыл мұғалімі», «Үздік оқытушы» атанып, ел алғысына бөленіп жүрген азаматтар да бар.

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының түлектері өмір жолында республикамыздың әр түрлі сферасында  беделді қызметтер атқарып жүр. Атап айтсақ: Байгутдинов С.К. – «Достар»  Халықаралық қазақ-корей мектебінің директор орынбасары (Алматы қаласы),  Андриянова Т.Н. –   №12 орта мектеп директоры (Талдықорған қаласы), Чуюмбекова Ж. –  Голубинск орта мектебінің директоры (Кербұлақ ауданы),   Джиренбаева Г. Н. – №10 орта мектеп директоры (Талдықорған қаласы), Рахметова А. – Чарск орта мектеп директоры, ШҚО;  Касымбекова С. – Текелі қ-сы ОМ директоры,  Сексембаева Б.М. – № 25 ОМ жетекші мұғалімі, Талдықорған қаласы, Штоппель Р., Далекенова М., Склабовский А. – «Огни Алатау» газетінің қызметкерлері, Мустапова Г.,  Жиентаева А., Адильханова У.  –   «Жетісу» телеарнасының қызметкерлері,                     Щербовских С. – ҚР ҰҚК полковнигі, Саурамбеков Б. – ҰҚК полковнигі,                          Корганбаев М. – ҚР  ІІМ полковнигі,    Толымбекова А. –   «Вечерний Талдыкорган» газеті редакторының орынбасары, Муратов Р. –   «Өркен» спорткомплексінің директоры, Ханбекова И. –   «LineInterior» қызметкері, Ляшенко И.А.,Абжакова Ж.О.–   «Темірқазық» колледжінің оқытушылары, Туреханова Г.Б., Лих И.В., Мамлеева С.Б. Ким Г.Ф., Сабитова А., Танекенова Г., Клокова (Попова) Е. -«Назарбаев зияткерлік мектебінің» мұғалімдері, Мамлеев Б.Б. – медициналық газет директоры, Ахмеджанова М., Бердникова Т. -     №10 им. Ш.Уалиханов атындағы ОМ жетекші мұғалімі, Чекрыгин М., Полтавский А., Зименко А., Копылова С.Н., Абжакова Ж.Д.–   №4 им. М.Горкий атындағы ОМ жетекші мұғалімі, Серебрякова Л., Кучинская Т. – №12 ОМ гимназиясының жетекші мұғалімі,   Рахимбаева Э.Н., Семкина И.П. –   СШ №1  Абай атындағы ОМ жетекші мұғалімі.

       Кафедраның ОПҚ оқытушылық қызметтері мен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, З.Х.Еркімбекова 2003 жылы „ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері“ атағын алды, 2008 жылы „Ы.Алтынсарин“ төсбелгісімен, Қ.Б.Сарбасова 2010 жылы „Ы.Алтынсарин“ төсбелгісімен, 2010 жылы „М.Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл“ медалімен, Т.С.Сыдықов 2008 жылы „ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері“ атағын алды, „Ы.Алтынсарин“ төсбелгісімен, 2009 жылы „М.Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл“ медалімен, М.Иманғазинов 2009 жылы „М.Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл“ медалімен,  Т.Абжақов 2009 жылы „М.Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл“ медалімен,  К.Жүнісбекова 2009 жылы „М.Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл“ медалімен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, облыс, қала әкімдігінің Алғыс хаттарымен Ш.А.Кыяхметова, М.Т.Жақыпбекова, Т.Д.Абжақов, М.Ш.Сәлімгереева, С.Қожағұлов т.б. марапатталды. 2011 жылы М.Иманғазиновтың  „Антика әдебиеті“ оқулығы Ректорлар алқа қауымдастығының арнайы жүлдесіне ие болып, баспаға ұсынылды.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image