ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Педагогика  және  психология  кафедрасы  1972 жылы  25 қазанда  Казақ ССР-нің  Білім  Министрлігінің  №572  приказымен  құрылды.

Кафедраны  алғаш  басқарған  педагогика  ғылымдарының  кандидаты, профессор Ж.Т. Түркпенов. Сол  кезде кафедрада б.ғ.к. С.Б. Бусурманова, м.ғ.к., доцент В.Я.Глумов, б.ғ.к. В.А. Глумова, аға  оқытушы Ш.Ж. Жана-дилов, оқытушы Р.А. Буркеева, лаборант Ш.Н. Абеновалар  қызмет атқарды.Описание: F:\Новая папка (П и П)\Изображение 59666.jpg1980 жылдың 17 сәуірінде  Министрліктің №70 приказымен педагогика  және психология  кафедрасы негізінде 2 дербес кафедра  құрылды: педагоги-ка кафедрасы,  психология  және  жас ерекшелік  физиологиясы кафедрасы.

1987 жылы 13 мартта  екі  кафедра педагогика  және  психология кафед-расы  болып  қайта бірікті.

2003 жылдың  3 шілдесінде  № 81 приказымен жалпыуниверситеттік  педагогика және  психология  кафедрасы музыкалы-педагогикалық факуль-теттің құрамына кірді. Музыкалы-педагогикалық  факультеттің оқу-тәрбие үрдісінде  қызмет  көрсете  отырып, жалпыуниверситеттік  кафедра болып  қала  берді.

2005 жылдың 1 қыркүйегінде  № 97  приказымен  педагогика және психология  кафедрасына  жасерекшеліктер педагогикасы  және  психо-логиясы  кафедрасы  біріктірілді.

2008  жылдың 1 қыркүйегінен  №72 приказымен музыкалы-педагоги-калық  факультеті  қайта  құрылып, педагогика  және  психология факультеті болып  аталды, сол  себептен  жасерекшеліктер  педагогикасы  және  психологиясы  кафедрасы  педагогика  және  психология  кафедрасынан  бөлінді.

Описание: C:\Users\Русс\Desktop\Фото33\Изображение 662267736.jpg

Институттың, университеттің әртүрлі  даму  кезеңдерінде кафедраны көрнекті ғалым-педагогтар  басқарды:

п.ғ.к., профессор Туркпенов Ж..Т (1973-1976 гг.);

б.ғ.к., доцент Бусурманова Светлана Толеуовна (1976-1978 гг.);

п.ғ.к., доцент Байгуатова Орынбасар Мырзатаевна (1978-1980 гг.);

п.ғ.к., доцент ЖумабаевАбугали Жумабаевич(1980-1983 гг.);

п.ғ.к., профессор, академик Балтийской педагогической академии Ли Афанасий Дмитриевич  (1983-1984 гг.);

п.ғ.к., профессор Баженова Валерия Петровна (1984-1987 гг.);

п.ғ.д., профессор Баженов Вячеслав Григорьевич  (1987-2001 гг.);

п.ғ.к., доцент Наубаева Хапиза Танирбергеновна (2001-2002 гг.);

п.ғ.д., профессор Абишев Нурлан Акашевич(2002-2003 гг.);

АЕН корреспондентмүшесі,п.ғ.д., доцент Дюсембинова Райфа Кадыровна (2003-2011 гг.).

Қазіргі  уақытта кафедраны психология ғылымдарының  кандидаты, аға  оқытушы Абишева Эльмира Даулетовнабасқарады.

1995-2003 жылдар  аралығында  кафедра  жанынан  13.00.01-Педагогика тарихы  мен теориясы  мамандығы  бойынша  аспирантура ашылды.     2007 жылдың  тамыз айында 6N0103 (6М010300) – Педагогика және психология мамандығы  бойынша магистратура  ашылды. Магистранттарды  даярлау АА №0000020    04 ақпан  2002ж.; АБ № 0137366 3 ақпан 2010 ж. мемлекеттік лицензиясына  сәйкес  жүзеге  асырылды.

Қазіргі  уақытта 6М010300 – Педагогика және психология  мамандарын даярлау  оқытудың  күндізгі  формасында ҚРЖМББС5.04.033-2008 «Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі білім  беру: магистратура», 2008ж.6 мамырынан ҚР МОН  №259 бұйрығымен  бекітілген  негізгі   Ережелерімен, сонымен  қатар,

І.Жансүгіров  атындағы ЖМУ-нің  ректоры,профессор А.Е.Бектұрғанов 01 ақпан 2009 жылы  бекіткен СМЖ: ЖМУ П/М.-ның 11-2009 магистратура  жайлы  Ережесіне  сәйкес  жүргізіледі.

2010  жылдың  тамыз  айында кафедра  жанынан докторантура ашылды, 6D010300 – Педагогика және психология, лицензиясы  АБ № 0137366   2010 жылдың  3 ақпанынан .

Магистранттар  мен докторанттарды  даярлаудағы  кафедраның  қызметі жоғары оқу  орнынан  кейінгі кадрларды  даярлау бағдарламасын ғылыми-педагогикалық  дайындығын  терең  игерген жоғары, жоғары оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  және  ғылыми-зерттеу  секторының жүйесі үшін жүзеге  асыруға  бағытталған.

6М010300 – Педагогика және  психология  мамандығын бітірушілерге «Педагогика  және  психология  магистрі»,ал 6D010300 – Педагогика және психология докторантурасын бітірушілерге-«Педагогика және психология PhD, философия  докторы»  дәрежесі  беріледі.

Магистратура мен докторантурадағы  оқыту қазақ  және  орыс  тілде-рінде жүргізіледі, магистратурадағы  ғылыми-педагогикалық бағыттағы оқу  мерзімі 2 жыл, профиль(бағыт) бойынша-1 жыл, ал  докторантурадағы  оқу 3 жыл.

2007-2011 жылдар аралығында 11 магистрант даярлап шығарылды. Қазіргі кезеңде кафедрада 42 магистрант  және 1 докторант білім  алуда.

Халықаралық  байланыстың  дамуы Қазақстанның және жақын шетелдік алдыңғы  қатарлы жоғары  оқу  орындарымен,  аль-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, Абай атындағы Қазақ     Ұлттық  педагогикалық  университетімен, Қайнар университетімен , Санкт-Петербургтің психология  және  әлеуметтік  жұмыстар университетімен  бірлесе  жүзеге  асырылады. Кафедраның ПОҚ–ы жоғары мамандандырылғандығымен және  кәсіби  шеберліктерімен ерекшеленеді. Олар: 2 педагогика ғылымдарының докторы - Р.К. Дюсембинова, Н.А. Абишев, 1 әлеуметтану ғылымдарының докторы  – Р.К. Аралбаева.  6 педагогика  ғылымдарының кандидаттары – Х.Т. Наубаева,  Г.К. Токкулинова, Р.М. Рысбекова, А.Ж. Куракбаева, К.А. Тулеужанова, Ш.У.  Онгарбаева,  1 психология ғылымдарының  кандидаты – Э.Д. Абишева, 1 аға оқытушы – Г.К. Бельгибекова, 5 магистр – А.Б. Абуханова, Д.Б. Жанатова, C.І. Тулепова, Ж.М. Молбасынова.

Сапалық  көрсеткіші  58% құрайды.

Кафедраның  ғылыми әлеуетін көтеру  мақсатында п.ғ.к., доцент Наубаева Х.Т. 19.00.07. –Педагогикалық  психология  мамандығы  бойынша «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері»  тақырыбында докторлық диссертациясын  табысты  қорғап  шықты.

Білім  беру  жүйесінде  мамандарды  даярлауды іске  асыра  отырып, кафедра білім  беру  мекемелеріне 6М010300, 6D010300 - Педагогика и психология мамандығы  бойынша  магистранттарды  және  докторанттарды  сапалы  деңгейде  даярлауды  қамтамасыз  етеді.

Кафедраның  ғылыми-зерттеу  тақырыбы: «Бәсекеге  қабілетті жаңа  формация  педагогының  психологиялық—педагогикалық  дайындығы».

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің  негізгі бағыты ғылыми-зерттеу жобасын, бағдарламасын жасау және  жүзеге  асыру, психология  бойынша  ғылыми  лаборатория  ашу.

Кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамы «Жаңа  жағдайда білім  беру  аймағындағы  фундаменталды  және қолданбалы  зерттеулер» атты үш бағытта ұсынылған бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейді: «Халықаралық ынтымақтастық», «Ғылыми - зерттеу іс-әрекетінің иннова-циялық  дамуы» және «Академиялық  ұтқырлық».

Педагогика  және  психология  кафедрасы  маңызды  звено  ретінде І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің білім  беру  кеңістігінде  Қазақстанның және ТМД  жоғары  оқу  орындарының көрнекі  ғалымдарымен, Алматы  аймағының  әлеуметтік инфраструктурла-рымен, білім  беру  мекемелерімен  серіктестік  пен  ынтымақтастыққа  негізделген  тығыз  байланысы  бар.

Кафедра  оқытушыларының көптеген монографиялары,оқу  құралда-ры,әдістемелік нұсқаулары, ғылыми  мақалалары  жарияланды.  Олардың  ғылыми  жетекшілігімен магистранттық  және білімгерлік  проблемалық  топтар жұмыс істейді.

Описание: D:\ФОТО октябрь курглый стол Дюсем.,Молбас\Изображение 662266852.jpgКафедра  көлемінде  психология  және  педагогика  проблемалары  бойынша  ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі.

Кафедра оқытушылары  Қазақстан Республикасының білім  беру  мекемелерінде оқу  семинарларын  өткізеді.

Қазіргі  уақытта алыс  шетелдердің алдыңғы  қатарлы жоғары  оқу  орындарымен халықаралық  ынтымақтастық  орнатудың және магистранттар  мен білімгерлердің, оқытушылардың  академиялық  ұтқырлығын  дамытудың жаңа жолдарын іздестіру белсенді жүргізілуде. 

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image