ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Бақтыбаев Жанат Шаймұратұлы  – жас ерекшелік педагогикасы менпсихологиясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогикалық білімнің халықаралық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл.

Бақтыбаев Ж.Ш. өз кәсіптік біліктілігін және деңгейін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп, республикалық және халықаралық оқыту семинарлармен тренингтерге бірталай рет қатысқан, ол терминологиялық анықтамалығы мен педагогика және психология саласындағы мәселелері бойынша 5 оқу құралдың авторы, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жарыққа шыққан 45-тен астам ғылыми жарияланымдарының авторы.  1978 ж. музыка және педагогика факультетінде мектепке дейінгі педагогика бөлімі мен мектепке дейінгі педагогика кафедрасы ашылды. Мектепке дейінгі педагогика кафедрасына әр жылдары медициналық ғылымдарының кандидаты, доцент Жанадилов Ж.Ж. педагогика ғылымдарының кандидаты доцент Ибрагимов У.Ш. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Каретная  А.Д. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Аралбаева Р.К. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ж. Менлибекова меңгерушілік етті.

1990-95 ж.ж. аралығында Қазақстанның тәжірибелі педагог-психолог ғалымдарының қатысуымен республикалық семинар, конференциялар өтіп, 1994ж. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Қ.Аралбаеваның жетекшілігімен  «Қазақ бала бақша бағдарламасы» проблемасы бойынша уақытша ғылыми-зерттеу комитеті (ВНИК) құрылды., 1996ж. Р.К.Аралбаева Балтық педагогика Академиясы (Ресей) корр-мүшесі ретінде сайланды. Кафедра педагогика (мектепке дейінгі) және психология оқытушысы, мектепке дейінгі білім беру  әдіскері мамандарын даярлаған. 

1980-1990 ж. аралығында мектепке дейінгі педагогика кафедрасында: Ибрагимов У.Ш. (Ленин атындағы ММПУ. Мәскеу), Т.А.Боберская (Ленин атындағы ММПУ., Мәскеу), Ким Т.В. (АПГ СССР ҒЗИ., Мәскеу), А.Д.Каретная. (ҚазПИ Алматы), Р.Қ.Аралбаева (А.И. Герцен атындағы РМПУ., Санкт-Петербург) Г.Ж. Меңлібекова (Қаз.П.И., Алматы), Ж.Т.Тасжүрекова (УМПУ,Киев)., Т.И. Иманбеков (Қаз.қыз.ПИ., Алматы), Прейффер, Калилаханова К.Т.  т.б. кандидаттық диссертация қорғады.

Мектепке дейінгі педагогика кафедрасының түлектері: Ж.Т. Тасжүрекова (Украйна, Киев), Г.Ж.Мейлібекова (педагогика ғылымдарының докторы), Т.И. Т.В Иманбеков, Ким,  М.А. Прокофьева (педагогика ғылымдарының кандидаты), А.А. Нурохунова,  (п.ғ.к.,( Е.В.Пфейфер, В.В. Стерликова (Мәскеу, ММПИ), Н.Н. Ханина, А.И.Шужебаева, А.А.Капенова, Н.Ж.Баримбеков, Г.Дусманбетов,  Е.П. Ли, А.А. Верещагина  кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады.

1996 ж. мектепке дейінгі педагогика кафедрасы жас ерекшеліктер психологиясы және психология кафедрасы реінде қайта құрылып, п.ғ.к., доцент, Нуржанова Т.Т. кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалды. 2005 ж. кафедра педагогика және психология кафедрасымен біріктіріліп, 2008ж. жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы ретінде құрылып, п.ғ.к., доцент  Бақтыбаев Ж.Ш. кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалды.

Кафедра ардагерлері Нуржанова Т.Т., Ажарбеков Қ.Қ., Арысбаева А.А., Аралбаева Р.К. еңбек демалысында жүрсе де, жастарға педагогикалық тәжірибелерін меңгертуде.

Қазіргі таңда жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы республикада мектепке дейінгі педагогика және жас ерекшеліктер психология ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосып жатқан жетекшеі кафедра болып табылады.

Екі мәрте, 2007 және 2011 жылдары кафедра профессоры, с.ғ.д. Р.Қ. Аралбаева  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігін «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері болып, Франция (Сорбонна университеті), Люксембург, Бельгия, Голандия, Чехия елдеріндегі жоғары білім беру жүйесімен танысып, Прага (Чехия), Санкт-Петербург А.И.Герцен атындағы РМПУ (Ресей), Миккеле (Финляндия), Брюссель (Бельгия) қалаларында өткен халықаралық конференцияларына қатысты. 

Кафедра мектепке дейінгі педагогика, жас ерекшеліктер психологиясы проблемасы зерттеумен айналысуда.

Кафедрада оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік іс шараларды 20 оқытушы жүзеге асырады: әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Аралбаева Р.К., педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер:  Бактыбаев Ж.Ш., Нуржанова Т.Т., Шужебаева А.И., Капенова А.А., Сыдыкова Б.Т.,  педагогика ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар Сыдыкбекова М.А., Жексембаева Ж.Р., PhD, аға оқытушы Баженова Э.Д., магистрлер: Абдеева С.Б., Ахмедиева К.Н, Таурбекова А.С. және т.б. Сапалық  көрсеткіші  50% құрайды.

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының бағыттары:

-баланың іс-әркет субьектісі ретінде дамуы мен қалыптасу жүйесі;

-үздіксіз білім беру үрдісі интегративті ашық жүйе.

-инновационная организация обучения и воспитания.

Қазіргі кезеңдегі кафедраның негізгі ғылыми және ғылыми-әдістемелік жобалары:

- болашақ педагог-психологтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;

- қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне мамандар даярлау;

- жоғары білім жүйесін Қазақстан Республикасының. әлеуметтік институты ретінде модернизациялау;

- электронды мәдениеттану бағдарламалары негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу;

- орта буын оқушыларының дербестігін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі жастағы оқушылармен қарым-қатынастағы қиындықтарды педагогикалық түзету;

- мектеп жасына дейінгі балардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- жасөспірімдердің девиантты тәрбиесінің психологиясы.

Соңғы үш жыл бойы кафедра оқытушыларының 1 монографиясы, сондай-ақ 17  оқулық пен оқу құралы жарыққа шықты, олардың ішінде мемлекеттік тілде – 9, орыс тілінде – 8, ағылшын тілінде - 1:

  1. Аралбаева Р.К. Модернизационные процессы высшего образования как социального института, (монография). Талдыкорган, 2011.
  2. Аралбаева Р.К. Дошкольная педагогика, учебное пособие, Талдыкорган, 2011.
  3. Ахмедиева К.Н. Девиантты тәртіп тән жасөспірімдер психологиясы, оқу құралы, Талдыкорган, 2011.
  4. Абдеева С.Б. Психологиялық ойындар мен жаттығулар, оқу-әдістемелік құрал, Талдыкорган, 2012.
  5. Аралбаева Р.К. Профессиональная компетентность педагога-психолога, 5учебно-методическое пособие, Талдыкорган, 2012.
  6. Аралбаева Р.К. Болашақ педагог-психологтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру, оқу-әдістемелік құрал, Талдықорған, 2012.   
  7. Капенова А.А. Развитие общения в онтогенезе, учебное пособие,  Талдыкорган, 2013
  8. Шужебаева А.И. Қарым-қатынастағы гармониясы мен дисгармониясы, оқу құралы, Талдыкорган, 2013
  9. Сыдықова Б.Т. Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дербестігін қалыптастыру, оқу құралы, Талдыкорган, 2013
  10. Таурбекова А.С.    Тіл дамытуға арналған дидактикалық материалдар (әліппеге дейінгі кезең), оқу құралы, Талдыкорган, 2013
  11. Аралбаева Р.Қ.      Методология и методы научных исследований в педагогике и психологии, учебное пособие, Талдыкорган, 2013
  12. Аралбаева Р.Қ. Социальная педагогика (Шерьязданова Х.Т., Платонова Н.М., Сапаргалиева А.Ж.) учебное пособие,  Алматы, 2013
  13. 3. Аралбаева Р.Қ.  Methodology and technique of the organization of scientific and pedagogical research» учебное пособие, Талдыкорган, 2013
  14. Сыдықова Б.Т., Байкасымова А.С.   Отбасы тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық негіздері, оқу құралы,  Талдыкорган, 2013
  15. Капенова А.А.        Детство и общество, учебное пособие,  Талдыкорган, 2014
  16. Капенова А.А., Ахмедиева К.Н.       Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің отбасымен жүргізетін жұмыс мазмұны, оқу құралы, Талдыкорган, 2014
  17. Таурбекова А.С.    Тәрбие жұмысын жүргізуде қолданылатын бағыттар, әдістемелік нұсқаулар, Талдыкорган, 2014
  18. Бақтыбаев Ж.Ш. Образование и музеи, учебное пособие, Талдыкорган, 2014

Кафедра оқытушылары соңғы үш жыл аралығында педагогикалық кадрларды сапалы дайындау мақсатында келесі ғылыми-ізденіс бағыттарында біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті:

  - қашықтықтан оқыту технологиялар бойынша семинар (Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) – Ахмедиева К.Н., Арысбаева А.А.

- қазіргі кезеңдегі педагогикалық-психологиялық пәндердің оқытудың инновациялық әдістері (Казақ қыздар пед.университеті) – Бактыбаев Ж.Ш., Ахмедиева К.Н., Сыдыкова Б.Т. Шмидт М.А., Шужебаева А.И.

- психологиялық диагностиканың жобалау әдістемелері (Ресей, К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті) - Бактыбаев Ж.Ш., Нуржанова Т.Т., Ахмедиева К.Н., Таурбекова А.С., Абдеева С.Б., Шарова В.В. және т.б.

- Эксперименттік психология және ғылыми жұмыстың математикалық статистикалық өңделуі, интеллектуалдық қабілеттердің жан-жақтылығын көрсету (Әл-Фараби атындағы КазҰУ им., Алматы) - Бактыбаев Ж.Ш. Нуржанова Т.Т., Ахмедиева К.Н., Таурбекова А.С., Абдеева С.Б., Байкасымова А.С., Сыдыкбекова М.А., Шарова В.В. және т.б.

- Болгария және Қазақстанның білім үрдісінің салыстырмалы сипаттамасы, Климент Охридский атындағы София университеті, София, (Болгария) - Бактыбаев Ж.Ш., Нуржанова Т.Т., Ахмедиева К.Н., Таурбекова А.С., Абдеева С.Б., Байкасымова А.С., Сыдыкбекова М.А., Шарова В.В. және т.б.

- ЖОО-ның педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы, «Өрлеу» АҚ, Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары, ЖОО оқытушылары категориясы– Капеноваа А.А., Таурбекова А.С.

- Жоғары мектептегі оқытудың интербелсенді әдістері, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті, Киев, Украина - Бактыбаев Ж.Ш., Нуржанова Т.Т., Ахмедиева К.Н., Таурбекова А.С., Абдеева С.Б., Байкасымова А.С., Сыдыкбекова М.А. және т.б.

Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми тағылымдамалардан өтуде, олар шетелде өтіледі:

- «CROSS-CULTURAL PSYCHOLOGY & PEDAGOGICAL PROCESSES» тақырыбындағы тағылымдама,  Әлеуметтік жүйе бойынша зерттеу орталығы, Глазго, Ұлыбритания, 2013 ж. – Аралбаева Р.К.

- Климент Охридский атындағы София университетіндегі ғылыми  тағылымдама, София, Болгария – Бактыбаев Ж.Ш., Ахмедиева К.Н., Шмидт М.А. -2012, 2013, 2014

- «Білім саласындағы сапа менеджменті» тақырыбындағы тағылымдама, Біліктілікті арттыру халықаралық орталығы, Дюссельдорф, Германия  -  Бактыбаев Ж.Ш., 2014 

Жасерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері үнемі түрде Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады. 2013 ж.  және 2014 ж. «Педагогика және психология» мамандығының студенттері «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысып 1 орынға ие болды. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері 2014 ж. Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып 2 орынға ие болды. Студенттердің шығармашылық өмірі өте қызықты және тартымды, олар оқу үрдісін игерумен ғана шектелмей, университет, қала, облыс көлемінде өткізілетін барлық спорттық және тәрбиелік іс шараларға белсене араласады. Университет бойынша өткізілген «Сен университет тарихын білесің бе?» атты конкурста «Педагогика және психология» мамандығының студенттері М.Иманғалиева (ПҚ-211топ) мен Т.Жанабековалар (ПҚ-111топ) қатысып, жүлделі 2 орынға иеленсе, университеттің спорттық командаларының белсенді мүшелері ПҚ-211 топ студенттері А.Омарова мен А.Бостанбековаларды мақтанышпен атауға болады. Кафедрада дәстүрлі түрде 1курс студенттерін педагог-психолог, мектепке дейінгі тәрбиеші- педагог қатарына қабылдау, ең үздік баяндама, бос орындар жәрмеңкесі т.б. қызықты да мазмұнды іс шаралар жүйелі өткізіліп тұрады. 

Бітіруші түлектердің басым көпшілігі мамандықтары бойынша тек мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, педагогикалық колледждер, арнаулы орта оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарында ғана емес,  ішкі істер бөлімдерінде, әскери бөлімшелерде де қызмет атқарады. Мәселен, Г.Амирханова ІІБ капитаны, А.Жылқайдарова, Ж.Ержанова ІІБ (психолог), А.Ибрагимова қауіпсіздік комитетінде психолог,  М.Ибраимова, Ж.Булумбаевалар Талдықорған қаласы мен Алматы облысының орта мектептерінде қызмет атқаруда, ал «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының түлектері бала бақшалар мен білім беру мекемелерінің басқарушы органдарында, Г.Серкебаева - Талдықорған қаласы №3 «Балбөбек» балабақшасының әдіскері, Сейлғазинова С. - Талдықорған қаласы № 45 «Арман» балабақшасының меңгерушісі, С.Бапиева - Өскемен қаласындағы балалар үйінде аға тәрбиеші болып қызмет етеді, ол  «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері.

Кафедраның ұздік түлектері кафедрада жұмыс істеуге қалады, бүгінгі күні кафедрамызда  педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Шужебаева А.И., Капенова А.А, аға оқытушылар Ахмедиева К.Н., Абдеева С.Б., магистрлер Шарова В.В., Ахаева А.Ш. жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кафедра ресейдің жоғары оқу орындарымен білімгерлер мен профессорлық-оқытушылар құрамымен сыртқы академиялық ұтқырлық аясында тығыз байланыс орнатқан. «Педагогика және психология» мамандығының білімгерлері жыл сайын К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінде оқып білім алуда (Наурызбаева Б.. Лукьяненко Е., Машин О., Водяная В., Махагонова А.).

Сонымен қатар жыл сайын «Педагогика және психология» мамандығының білімгерлері үшін К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары дәріс оқиды (п.ғ.к., доцент Барышникова Г.Б., п.ғ.к., доцент Шкатова Т.Г.). Әр оқу жылы кафедра академиялық ұтқырлық аясында халықаралық байланыстарды кеңейтуде. Оның дәлелі София университетімен орнатылған халықаралық байланыстар, Болагрия ғалымдары «Педагогика және психология» мамандығы мен  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының білімгерлері  үшін ағылшын тілінде дәріс оқиды. (В.Делибалтова, С.Чавдарова-Костова), біздің студенттер академиялық ұтқырлық бойынша оқуға шетелге Болгарияға, Чехияға барып жүр (Кырыкбай Ж., Зайцев М.).

  Жасерекшеліктер педагогикасы мен психология кафедрасының зерттеулерінің негізін мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен практикасындағы гуманистік және гуманитарлық идеялар қалап; мектепке дейінгі балалық шақтың субъектілік педагогика мен психологиясы және тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамалар жүзеге асырылуда.

  Әрбір оқу жылы жасерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасының даму тарихындағы уақыт ағымымен тексерілген, кафедраның теориясы мен практикасының дәстүрін қалайтын инновациялық идеяларының кезекті беті болып табылады. 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Ратаев Ардан
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image