ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

1996 жылы политэкономика және философия кафедрасының негізінде экономика және менеджмент кафедрасы құрылды, яғни кафедра 15 жыл жұмыс істеп келеді. Университет «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензия алды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, білім нарығының дамуына байланысты бөлімдердің қайта құрылуы жүрді. 2002 жылы экономика және менеджмент кафедрасының негізінде екі жаңа кафедра құрылды – экономика және құқық, қаржы және есеп кафедралары. Факультет жаңа атауға ие боды – экономика және құқық факультеті. 2007 жылы «Құқықтану», «Экономика және құқық негіздері» мамандықтарының бөлінуіне және заң факульетінің құрылуына байланысты кафедра «Экономика және менеджмент» кафедрасы болып қайта аталды. Келесі жылдары жоғары білім жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер және оқытудың кредиттік технологиясын ендіруге факультеттің  құрылысы мен мамандандырудағы адекватты заманауи өзгерістерді  талап етті. Сондай-ақ, 2010 жылы «Маркетинг, Иенеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары қайта құрылған «Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасына берілді, ал кафедра Экономика кафедрасы болып қайта аталды.

Экономика кафедрасының тарихы осы кафедраның негізінде басқа жаңа бөлімдердің, мамандықтардың ашылып және факультеттің кеңейтілгенін көрсетеді. 

Қазіргі кезде кафедра өз жұмысында дәстүр мен сабақтастықты сақтап жаңашылдықты қолдануда. Кафедра алдында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың біздің алдымызға қойған міндеттерді білім беру саласында практика жүзінде орындау тұр. Ол дербес ойлай алатын, кәсіби және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Әдістемелік шеберлікті жоғарылату, иновациялық технологияларды зерттеу және қолдану, оқу – әдістемелік құралдар жасау және кафедраның кейбір пәндері бойынша ұсыныстар беру - кафедра оқытушыларының оқыту жұмысындағы басты бағыттары.

Осы уақыт ішінде кафедраны ЖООның және аймақтың жетекші оқытушылары басқарды:

Шомшекова Б.К.– э.ғ.к., доцент 1996 – 1999 жылдар

Блеутаева К.Б.– э.ғ.д., профессор. 2007 жылғы Қазақстанның үздік оқытушысы грантының иегері – 2000 – 2004 жылдар

Торегожина М.Б.– э.ғ.к., доцент 2005 – 2007. 2009 жылғы Қазақстанның үздік оқытушысы грантының иегері.

Бисенова С.Ш.– э.ғ..к., доцент 2008 – 2009 жылдар

Тулешова Г.Б.  – э.ғ.к., доцент 2010 жылдан – қазіргі күнге дейін

Қазіргі таңда Экономика кафедрасы бакалавриаттың 5В050600 - Экономика, 5В090400 – мәдени-әлеуметтік сала, 5В090200 – Туризм мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды. 2007 жылы магистратурының6M050600 – Экономикамамандығы бойынша мамандар дайындауға лицензия алды.  2009 жылдан бастап 6D050600 - Экономика докторантура  PhD мамандығы бойынша дайындық жүргізеді.

Экономика кафедрасы қаржы-экономикалық факультетіндегі алғашқылардың бірі болып білім берудің үшсатылы: бакалавриат – магистратура – докторантура бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады.

Осы уақыт ішінде кафедра 1000-ға жуық «Экономика және менеджмент», «Экономика», «Менеджмент және Маркетинг» мамандықтары бойынша түлектерді шығарды.  Біздің түлектеріміз халық шаруашылығының,  білім берудің әртүрлі саласында (ЖООда, колледжде) жұмыс жасайды.

- қаржы-банк ісі саласында  (банктер, қаржы мекемелері, қаржы полициясы, салық мекемесінде);

- мемлекеттік мекемелер (әкімдік, министрлік, құқық қорғау органдары);

- ҚР Презиндетінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы.

Бүгінгі күні кафедраны э.ғ.к., доцент Төлешова Г.Б. басқарады.

Гульнар Болатовна –  1995 жылы С.М.Киров атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін, 1988 ж. Арқалық ауыл шаруашылық техникумын «бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  1991-2010 жылға дейін «Экономикалық теория» кафедрасында аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарып келді. 2010ж. қыркүйек айынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқаруда. Жалпы еңбек өтілі – 29 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі - 13 жыл.

2001 жылы желтоқсанда 08.00.01 – экономикалық теория мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне түсіп, 2004 жылы «Қазақстанда экономикалық ой-пікірдің даму заңдылықтары» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә.Әубәкіров.

Оқитын пәндері: «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Кәсіпкерлік негізі», «Нарықтық инфрақұрылым экономикасы», «Сервис инфрақұрылымы», «Өндірістік сфераның экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру» (лекция, семинар сабақтары) курстары мен арнайы курстары бойынша дәріс оқиды.

Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 37, оның ішінде халықаралық ғылыми практикалық конференцияларға қатынасып, мақалары жарық көрген. Г.Б.Төлешованың жетекшілік етуімен орындалған студенттердің ғылыми жұмыстары жылда жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Г.Б. Төлешова университет пен факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады.

Кафедраның ПОҚ-ы жоғары мамандандырылғандығымен және кәсіби шеберліктерімен ерекшеленеді. Құрамында: кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Төлешова Г.Б., доцент 4  э.ғ.к.- Бисенова С.Ш., Ағымбай А.О., Кольбаев М.К., доцент 1 г.ғ.к.-Токпанов Е.А., 2 аға оқытушы Габдуллина Р.Ж., Тулегенова Н.К., 6 аға оқытушы-магистр Казиева Л.Ж., Мусина Т.С., Асанова Ж.А., Қорабаева Н.Б., Байтаракова Б.Д., Беркінбаева Е.Е.,  3 оқытушы магистр- Оралова С.Ш., Бабаш Д.Б., Гусенов Б.Ш. Сапалық көрсеткіші 51 % құрайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардағы басылымдар, оқу құралдарын және әдістемелік ұсыныстарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие. Кафедра оқытушыларымен, доценттер Г. Б. Тулешова, С. Ш. Бисенова, аға оқытушылар Р.Ж., Габдуллина, Л.Ж. Казиева, Ж.А. Асанова оқытушы Е. Е. Беркинбаевалар курстық, дипломдық жұмыстарды, барлық іс-тәжірибеден өтуді кіргізетін оқу құалдарын жариялап шығарды.

Экономика кафедрасының академиялық ұтқырлығы

Сыртқы ұтқырлық бойынша кафедра тығыз қарым-қатынасты  Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетімен,Чехия білім беру мекемесі қосымша кәсіби білім беру ұйымымен  EURASS (Чехия), В. Корфанто атындағы (Польша)  Верхнесилез экономикалық университетімен,    Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу), Варшава университеті (Польша),  Крайов университеті (Румыния),  Белград университеті (Сербия), ХДУ (Мәскеу) жүргізеді.

Аталған бағытта келесі іс-шаралар орындалды:

16.09.2013-28.09.2013 жылдар аралығында кафедраның шақыруы бойынша қаржы-экономикалық факультетінің студенттеріне Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінен ф.-м.ғ.д. Станжицкий А.Н., 24.10.2013-05.11.2013 ж.ж. Чехия білім беру мекемесі қосымша кәсіби білім беру ұйымынан  EURASS (Чехия) PhD докторы Дашкова Виктория Юрьевна  «Кәсіпорындарды қаржылық талдау» тақырыбында дәріс оқыды.

02.09.2014-14.09.2014 ж.ж. В. Корфанто атындағы (Польша)  Верхнесилез экономикалық университетінен э.ғ.д. Стефан Дырка «Жаһандану жағдайындағы экономикалық саясат» бағытында дәрісін жүргізді.  

Жоғарғы білім жүйесін жаңарту  және кредиттік технолоия бойынша оқытуға көшу дәстүрлі әдіс-тәсілдерден бас тартуды және инновациялық әдістерді ендіруді талап етті. Кафедра оқытушылары келесі әдістерді қолданады: Кейс-стади, ой-талқы, топта жұмыс істеу, пікірталас, дебат, рөлдік ойындар, өз кезегінде білімгерлердің оқуға деген қызығущылығын арттырады. Осындай оқытушылардың қатарына Тулешова Г.Б., Бисенова С.Ш., Габдуллина Р.Ж., Казиева Л.Ж, Мусина Т.С., Асанова Ж.А., Корабаева Н.Б. жатқызуға болады.

6М050600 «Экономика» мамандығы магистранттарының ғылыми машықтануы. Малайзияның Менеджмент және Ғылым университеті, 23.01.2013 -08.02.2013ж. аралығында.

«Туризм» мамандығының білімгерлері 2013 жылы мамырда Ұлы Жібек Жолымен жүрді. Туркістан, Тараз, Шымкент қалаларына жетекшілері доцент Е. А. Тоқпановпен барып қайтты.

 

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • ONLINE-EXPO 2017

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image