ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Есеп және аудит кафедрасы 2008 жылдан бастап құрылымдық бөлімше ретінде қалыптаса бастады.

 Кафедраның білім беру  бағдарламасының мақсаты - басқарушылық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық кабілеттері бар бухгалтерлік есеп және баскарушылық есеп  кадірлерін даярлау және халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес(ХҚЕС) қаржылық есептілікті жасау тәжірибеде талдау мен аудитті жүргізу болып табылады.

            Қазіргі таңда  кафедра білімгерлерді екі мамандық бойынша дайындайды: «5В050800 - Есеп және аудит», «5В090800 – Бағалау». 2011-2012 оқу жылынан бастап «Есеп және аудит» бакалавр мамандығының түлектері осы бағыт бойынша білімдерін «6М050800 - Есеп және аудит» магистратурасында жалғастыра алады.                                                                          

КАФЕДРАНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Кафедра білімгерлерін жоғары дәрежелі кадірлер даярлайды 

  • э.ғ.д., профессор А.К.Шарипов
  • э.ғ.к., доцент С.К.Байдыбекова
  • э.ғ.к., доцент Б Оразбекұлы.
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  Ж.Ш.Абдыкалиева
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  Р.К.Турысбекова
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  А.А.Адамов
  • экономика магистрі,аға оқытушысы  А.Д.Толегенова
  • аға оқытушысы  К.К.Бабашева
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  Ж.И.Асанова
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  Ф.А.Гаджиев
  • экономика магистрі, аға оқытушысы  А.Г.Нурбекова

 «Есеп және аудит» кафедрасының профессорлық – оқытушылар құрамы 12 адамнан тұрады, оның ішінде 1 ғылым  докторы, 2 ғылым кандидаты,  1 аға оқытушы және 7 магистр қызмет атқарады. 

Кафедраның жалпы штаттық құрамы  - 12 адамнан тұрады. 

Кафедраның сапалық көрсеткіші 33% құрайды

2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметінде -  э.ғ.к., доцент Байдыбекова Салтанат Кенжебайқызы.      

Байдыбекова Салтанат Кенжебайқызы– кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент. 1998 жылдан бері І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің есеп және аудит кафедрасында еңбек етеді. 2008 жылдан бастап есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі.

 Байдыбекова Салтанат Кенжебайқызының 120 -тан астам ғылыми еңбектері бар, соның ішінде «Компьютерные технологии в бухгалтерском учете» (2011 ж.), «Бухгалтерский учет» (2008 ж.), «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» (2011 ж.) және «Компьютерные информационные системы бухгалтерского учета» (2012 ж.) еңбектері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің (РОӘК) мақұлдауымен баспадан шықты. «6М050800-есеп және аудит» магистранттары  үшін  оку құралдары басылымнан шығарылды: 

  • Компьютеризация бухгалтерского учета
  • Контроллинг
  • Практика бухгалтерского учета в системе «1С-Предприятие»
  • Электронные формы налоговой отчетности, и монография «Компьютерные информационные системы бухгалтерского учета».
  • 1С – бухгалтерия жүйесіндегі бухгалтерлік есептің тәжірибесі (Оқу құралы)  (2013ж.)

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С.К.Байдыбекова 2012 жылы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысып, грант иегері атанды.

Шарипов Аскар Қалиұлы– экономика ғылымдарының  докторы, профессор.

Шарипов А.К. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-да 2004 жылдан бастап қызмет етуде. ҚР-ның кәсіби бухгалтерлер одағының мүшесі және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Аскар Қалиұлы  казіргі кезде 100 авторлық ғылыми еңбектерінің авторы, оның ішінде «6М050800-Есеп және аудит» мамандықтарының магистрлеріне  арналған «Кіші кәсіптерліктегі есепті жүргізу», «Қаржылық есептілік: құрастырылуы, бағалануы және аудиті», «Есеп саясатын құрастыру әдістемесі» және монографиясы «Проблемы эффективного развития свеклосахарного производства Казахстана» атты құралдары жарық көрген.

2013-2014 оқу жылында А.К.Шариповтың «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп» атты оқулығы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген.

Экономика ғылымдарының  докторы, профессор А.Қ.Шарипов 2008 жылы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысып, мемлекеттік грант ұтып алды.

Оразбекұлы Бахыт -  бухгалтер – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері. 2010 жылы «ҚР ЖОО-ның  ең үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысып, грант иегері атанды. «Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері», «Особенности бухгалтерского учета в отраслях экономики», «Шаруашылық саласындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері» атты оқу құралдары мен «Бағалы қағаздар нарығындағы бухгалтерлік есеп» атты электрондық оқу құралының авторы.

Оразбекұлы Бахыттың «6М050800-Есеп және аудит» мамандықтарының магистрлеріне  арналған  «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит», «Бухгалтерлік есептің негіздері мен әдістемесі», «Қаржылық есеп пен есепкерліктің перспективтік сұрақтары» атты  оқу құралдары  баспадан шықты.

2013-2014 оқу жылында Б.Оразбекулының «Бухгалтерлік есеп: инвестициялық қор, зейнетақы қор, сақтаңдыру компаниялар» атты оқулығы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген.

Абдыкалиева Жупаргуль Шайласқызы – аға оқытушы, экономика ғылымдарының  магистрі.  2002 жылдан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде,  2008 жылдан есеп және аудит кафедрасында қызмет етіп келеді. 35 ғылыми еңбектің, оның ішінде «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша «Шаруашылық саласындағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері», «Маркетингтік логистика» атты оқу құралдарының авторы.

2012-2013 оқу жылында Жұпаргүл Шайласқызының құрастыруымен «5В050800 - Есеп және аудит» мамандығына арналған курстық жұмысты орындау тәртібіне әдістемелік нұсқаулар және  «5В050800- Есеп және аудит»мамандығының студенттеріне арналған өндірістік іс-тәжірибені жүргізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулары  баспадан шықты.

Адамов А.А.экономика магистрі, есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедрада 2008 жылдан бастап қызмет етуде, 40 ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде "5В050800- Есеп және аудит" және «5В090800-Бағалау»: мамандықтарының студенттеріне оқу құралдары:

  • Қоршаған ортаның жағдайын бағалау
  • Бизнесті бағалау
  • Интеллектуалдық меншік және материалдық емес активтерді бағалау
  • Қозғалмайтын мүлікті бағалау
  • Жер және жер кадастырын бағалау

Қауып-қатер жардап салдарын бағалау

Қазіргі таңда кафедрамызда келесі мамандықтар бойынша бакалавриат мамандарын даярлайды:

  • «5В050800-Есеп және аудит»
  • «5В050800-Бағалау»

2011 жылдан бастап «Есеп және аудит» мамандығының бакалавр түлектері «6М050800-Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратурада өз оқуын жалғастыра алады.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

            Кафедра оқытушылары үнемі білімгерлермен әр түрлі салада ғылыми жұмыстар орындап, жобаларға қатысып отырады. Соңғы төрт жылда аталған мамандық білімгерлері республикалық пән олимпиадасында екі мәрте жеңіске жетті және жыл сайын өтетін жекелеген номинациялар бойынша лауреат атанды.

            Сонымен қатар, аға оқытушы А.А. Амангелдіұлының ғылыми жетекшілігімен  «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенттері Жоламанова Бақыт, Сайдильдина Айжан, Тарыбаева Арай орындаған «Кеден одағының Қазақстанның сыртқы саудасына әсері» атты жобасы бас жүлдені иеленді.

            Есеп және аудит кафедрасының профессорлық – оқытушылар құрамы «Алматы облысының 2015 жылға дейінгі стратегиялық даму тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша ҚР шағын бизнесті дамыту мемлекеттік «Даму» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде жалпы соммасы 2,1 млн. теңгені құрайтын ұжымдық келісім жұмысына қатысты. 2008-2012 жылдары кафедра оқытушылары қоғамдық секторға Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын енгізу шараларына қатысып, ҚР Қаржы министрлігінің бағдарламасына сәйкес қаржы-бюджет ұйымдарының бас есепшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жұмыстарын жүргізді.

2012-2013 оқу жылында кафедра оқытушылары 4 мақаланы америкалық ғылыми журналда  нөлдік емес импакт-фактормен жарияланды.

2012-2013 оқу жылындағы «Есеп және аудит» кафедрасы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік жұмыстары бойынша Қаржы-экономикалық факультеті кафедралары арасында  Ең үздік кафедра кубогымен марапатталды.

Есеп және аудит ПОҚ-тың басылып шыққан монографиялар және оқу құралдарының көлемі / оның ішінде мемлекеттік тілде

Ф.И.О./год

2009-2010

2010-2011

2011-2012

2012-2013

2013-2014

Байдыбекова С.К.

10,4

 

42

51,9

100,3

Шарипов А.К.

 

16,7

28,9

105,9

49

Оразбекулы Б.

 

 

 

7,8

27,2

Абдыкалиева Ж.Ш.

 

 

 

3,6

16,6

Адамов А.А.

 

 

 

 

64

Всего

10,4/10,4

16,7/5,6

70,9/40,5

169,2/117

257 ,1/156,8

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚАРЛЫҚ

Академиялық ұтқарлықтықты жүзеге асыру үшін есеп және аудит кафедрасының «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылында шетелдік әріптестерден теориялық және практикалық тәжірбие жинау үшін Чижегов А. Варшава университетіне (Польша) және Досымбекова А. Риж техникалық университетіне (Латвия) жіберілді.

«6М0508000-Есеп және аудит» мамандығы бойынша кафедраның оқыту бағдарламасы ғылыми – педагогикалық бағытта шетелде ғылыми тәжірибе алмасу қарастырылған.

Шетелдік тәжірбие алмасу мақсатында есеп және аудит кафедрасымен және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім және кадрларды қайта даярлау институтымен  бірлесіп 2012-2013 оқу жылдарында 24 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Сануэй» Малайзия университетіне ғылыми-педагогикалық бағыттының 2 курс магистранттары Есимкулова З.Б. және Нурбекова А.Г. жіберілді.

2013-2014 оқу жылында кафедра магистранттары (Бейсенбаева Б., Серікқызы К, Конысбаева Г.Б. и Ахметжанов Г.) ғылыми тағылымдаманы Фатих (қ.Стамбул, Турция). университетінде өтті.

КАФЕДРА БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Есеп және аудит кафедрасының студенттері ЖОО-ның ғылыми зерттемесіне және мәдениетті-бұқаралық іс-шараларына жаппай белсене қатысады және республикалық пән олимпиядаларында жүлделі орындар алады.

2012 жылы ғылыми жетекші-аға оқытушы Адамовтың  А.А  жетекшілігімен кафедра білімгерлері Жоламанова Бақыт, Сайдильдинова Айжан, Тарабаева Арай «Кеден одағының Қазақстанның ішкі саудасына әсері» атты жобасымен қатысып, Ұлттық банктің 443 800 тг көлеміндегі стипендия иегерлері атанды.

  

2013 жылы профессор Шарипов А.Қ –ның жетекшілігімен «Ішкі инвестициялық салымдарды арттырудағы кәсіпорынның есеп саясатының рөлі» атты жобасын ұсынып, республикалық ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысында «Есеп және аудит» мамандығы студенттері Адильбекова Ақбота, Бөкейханқызы Асель және Әбу Құралай жүлделі 3 орын алды және ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.

Сол 2013 жылы профессор Шарипов А.Қ.-ның жетекшілігімен Республикалық студенттер пән олимпиадасында «Есеп және аудит» мамандығы студентері Адамбекова Жансая, Адамбекова Асия және Серікқызы Құралай жүлделі 2 орын алды және ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.

Есеп және аудит кафедрасы интеллектуалды және мәдени потенциалды дамыту, білімгерлердің шығармашылығын арттыру үшін үнемі ізденіс үстінде.      

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image