ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Қаржы кафедрасында білім беру қызметін төмендегідей оқытушы-профессорлық құрам атқарады: Қаржы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Абдибеков С.У., 2 профессорлар, экономика ғылымдарының докторлары - К.Б.Блеутаева, Д.А.Калдияров., 4 экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер - кафедра меңгерушісі Б.К.Шомшекова, аға оқытушы Г.Қ.Лухманова, З.А.Илимжанова, 6 магистр, аға оқытушы – Ахметова З.Ш.,Нуртаева А.К., В.Р.Бурнашева, А.К. Бастаубаев, Касенова А.М. оқытушы-ассистент – Беделбаева А.Е.кпке.    Сапалық көрсеткіші  50% құрайды.

Кафедра өз қызметін төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

- инновациялық технологияларды жұмыста қолдану;

- студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобаларын зерттеу және жүзеге асыру;

- кафедраның ПОҚ  ҒЗЖ бойынша жарияламдарын  импакт-факторы жоғары басылымдарында шығару және көбейту;

-республикалық, халықаралық және аймақтық ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларға  және пәндік олимпиадаларға қатысу.

2011 жылдан бастап қаржы кафедрасында кәсіби және ғылыми-педагогикалық бағытта (мемлекеттік лицензия қосымшасымен АБ № 0137366 03.02.2010ж.) «Қаржы» мамандығы бойынша магистратура  ашылды.

Кафедра ОПҚ-ның біліктілігін жоғарылатуы бекітілген кафедра жоспарына сәйкес жүргізіледі. 2010 жылы кафедра ОПҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, «Экономикалық пәндер бойынша дәріс жүргізу және дайындау әдістемесі», «Педагогикалық шеберлік мектебі» бағдарламалары бойынша Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-да, «Адам ресурстарын басқару» қазақ-жапон орталығында біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті, осыған сәйкес куәліктері мен сертификаттары бар.

Академиялық ұтқырлық

Сыртқы ұтқырлық бойынша кафедра тығыз қарым-қатынасты (Швейцария), Цюрих Батыс Англияның университетімен, Бристоль, Ломоносов атындағы ММУ, (Польша) Варшава университеті (Румыния), Краева университеті (Сербия) Белград университеті, ХДУ (Мәскеу). 

Аталған бағытта келесі іс-шаралар орындалды:

1)   12.12.2011-23.12-2011 жж. қаржы кафедрасының меңгерушісі Абдибеков Сакен Уәлиханұлының жетекшілігімен магистранттар іс-тәжірбиені Рессей халықтар достығы университетінде (РХДУ) өтті, аға оқытушылар Ж.А. Асанова, Н.Б. Сыздыкбаева, магистранттар Алимханова Марина, Бабаш Диас, Базильбекова Шынар іс-тәжірбие барысында «Экономика- құқықтық саладағы болашақ мамандардың іскерлік компитенциясын жаңашыл тенденцияда жетілдіру» 72 (жетпіс екі ) сағаттық бағдарламаны  толық меңгеріп (№12-05-1\243).

2)   «Қаржы» 6М050900 мамандығының магистранттары Рымкул Н., Алдабергенова А., Қанапиянов с., Асаубаев М., Қазбек Д., Талдыбаева З., Закирулы О., Management and scince university  (MSU) ЖОО арасындағы келісімге сәйкес Малазияда 24.02.13-07.02.2013 ж. білім алды.

3)   2012-2013 оқу жылының 1 қарашасынан 2 ақпан аралығында (Польша) Варшава университетінде 2 магистрант МР211 Нусипова Айман (BWZ-GS-8\2012\Kazakhstan), базильбекова Шынар (BWZ-GS-7\2012\Kazakhstan) білім алды.

     Келесі дисциплиналарды оқыды:

1)   International Economic Geography

2)   International Finance

3)   International Labour Migration

4)   International Trade Policy

5)   Theory of Finance

«Қарым қатынастың мүмкіндіктері мен артықшылығы», «Әртүрлі жағдайдағы сөйлесу» тақырыбында лекция тындады. Тематикалық ізденіс жұмыстары жүргізілді «Адам және қарым-қатынас», «Әңгімелесудің этикеті», «Жұмыс орындағы коммуникация», «Қиын адамдармен қарым-қатынас», «Тілдіүйренудіңнатижесі» т.б.

2013-2014 оқу жылында «Қаржы»кафедрасында бакалавриат бойынша Прага (Чехия) ИманбековаА.К.-ҚҚ321 топ, Польша(Варшава) АбильдаеваА.Б.- ҚҚ411 топ, ҚадыроваФ.-ФР-321, магистратурада Будапешт(Венгрия) ҚанапияновС.- МР211, Прага(Чехия) ЗакирулыО.,-МК211 топ студенттерімен магистранттары академиялық ұтқырлық негізінде білім алуда.

Қаржы кафедрасының меңгерушісі

Абдибеков Сакен Уәлиханұлы

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

07.09.1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «Экономика» мамандығы бойынша түсіп, Халықаралық экономикалық қатынастар біліктілігін алған. 2000-2002 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада оқыған.

2000-2004 жж. - ОҚО облыстық әкімшілік жанындағы Қаржы департаментінде ОҚО бюджетін жоспарлау және болжау бөлімінде бас экономист, бас маман болған.

2004-2008 жж. - ОҚО, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған.

2007 жылы 08.00.05 - Халық шаруашылығын басқару және экономика (қызмет саласы мен ортасы) шифры бойынша «Нарық жағдайында көмір қазушы кәсіпорындар дамуын жоспарлау және болжау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

2008-2009 жж. - Д.А.Қонаев атындағы университетте «Қаржы және аудит» кафедрасының меңгерушісі.

2009 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Есеп және аудит факультеті, Статистика және бағалау кафедрасының доценті.

2010 жылдан бері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Біліктілігін арттыру үшін ISMA жобасы аясында «Қазақстанда жергілікті басқаруды дамыту», «Қаржы менеджменті» 1-2-3-4 USAID курстарына қатысты. CIPE директорлар институтының семинарына қатысып «Ұжымдық басқару негіздері» тақырыбында сертификат алды, «Адам ресурстарын басқару» қазақ-жапон орталығының курсында оқыған, «Стратегиялық менеджмент», «Экономикалық дағдарыстан шығу» сияқты сертификаттары, сондай-ақ біліктілікті арттыру туралы, «Педагогикалық шеберлік мектебі» бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтағаны туралы куәлігі бар.2014 жылы Санкт-Петербкрг қаласында өткен «Басқарушыларды үздіксіз даярлау орталығында кәсіпорындағы тиімді бюджеттік басқару» курсын өтті.

«Оқытушылық шеберлік мектебі» бағдарламасы бойынша халықаралық бизнес – мектепте біліктілігін жоғарылатып оны сәтті аяқтады.

Осы уақытқа дейін 50-тан астам халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік конференцияларға қатысқан. Үш монографиясы және екі оқу-әдістемелік құралы бар. Бітіруші білімгерлерге арналған дипломдық жұмыс жазу және іс-тәжірбие өту тәртібі бойынша әдістемелік құрал құрастырып шығарды. Соның ішінде Украинада, Қырғыстанда және Өзбекстанда, Якутия (Саха), шет ел мемлекетерінде Чехословакия және Польшада, АҚШ Нью-Йорк, Канада, Болгария, Турция, Австралияда өткен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Ғылыми зерттеу лабораториясымен бірлесе отырып Қаржы кафедрасының доценті Абдибеков С.У. «Агропромышленный комплекс Казахстана ее основные недостатки и приоритеты» тақырыбы бойынша, екінші ғылыми-практикалық конференциясына қатысып «Государство и общество: проблемы и взаимодействия» ВятГУ университетінде Киров қаласында 2011 жылы «Құрмет Грамотасымен» ИСГиМУ ВятГГУ ғылыми лаборатория меңгерушісінің қолынан марапатталды, профессор РАЕ (№6030), Академик МАИН (№1389). Үнемі өзінің біліктілігін артыру жолында қызмет етеді. 2014 жылы ЦНПР БПАН директорынан МАПН корреспондент-мүшесі Г.Е. Леевик Құрмет грамотасымен ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.

Отандық білім саласында және ғылыми зерттеу жұмысында оқытушылық қызметінің біліктілігінің жоғарылатып С.У.Абдибековке Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессор атағы және халықаралық ақпаратттандыру академиясын- Академигі атағы берілді (№ 1389).

Қазақстан Республикасының білім эәне ғылым министрі А.Саринжипов С.У.Абдибековке «2013 жылдың Үздік оқытушысы» атағын тапсырды.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Ратаев Ардан
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Айдарханов Аян

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image