ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Айгуль Оңалбекқызы Алдабергенова. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі (МАИН) 

Физика-математика факультетінің құрамына кіретін «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы 1991 жылы «Информатика» кафедрасы болып құрылған. Кейіннен кафедра: «Сандық әдістер және информатика», «Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі», «Информатика» аттарымен аталды.

Куляш Валиевна Турмагамбетова бірінші кафедра меңгерушісі болды. Кафедраның келесі меңгерушілері К.Н.Нуриденова, Н.С.Уалиев, Ж.Н.Нысамбаев болды.

2008 жылдың шілде айында университет құрылымының өзгеруіне байланысты информатика кафедрасы  мен математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедралары бөлініп, осы кафедралар негізінде мамандық бітіртетін «Ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы және жалпыға білім беруші «Информатика» кафедралары құрылды.  2008 жылдан 2013 жылдар аралығында «Ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі ф-м.ғ.к., доцент Н.С. Уалиев болды.

2013 жылдың тамызынан университет құрылымының өзгеруіне байланысты мамандық бітіртетін «Ақпараттық технологиялар» және «Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедралары құрылды.  2013 жылдан бастап «Ақпараттық технологиялар» кафедрасын п.ғ.к., доцент Алдабергенова А.О. басқарады.

Кафедрада жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылар құрамы білім береді. Казіргі таңда кафедрада 2 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 4 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 доктор PhD, 8 магистр жұмыс жасайды. Кафедраның 3 оқытушысыҚР БҒМ төсбелгілерімен марапатталған: Ж.Н. Нысамбаев – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, Н.С. Уалиев – «Ы.Алтынсарин», А.А. Шалтабаев – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін ».

Кафедраның  ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты – білім беруді ақпараттандыру. Осы тақырып төңірегінде төмендегі мәселелер зерттелуде: «Сағаттар есебі» қолданылымын жасау (Н.С.Уалиев), «Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасау әдістемесі» (А.О.Алдабергенова). «Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттерін дайындаудағы мәліметтер базаларын оқытуда мультимедианы пайдалану» (Н.И. Тукенова) т.с.с

Кафедраның сапалық  көрсеткіші 47% құрайды.

Бүгінгі таңда кафедра төмендегі бағыттарбойынша  мамандар дайындайды:
Бакалавариат:

жаратылыс ғылыми бағытта– 5В060200 – «Информатика»;

  • техникалық бағыт – 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»;

Магистратура:

  • Педагогикалық бағыт – 6М011100 – «Информатика»

Студенттердің компьютерлік технологиялардың әртүрлі облыстарынан білім алуына, дағдылар қалыптастыруына және оларды қазіргі заманның әртүрлі сфераларына қолдана білуіне мүмкіншіліктер жасалған, және төмендегідей жағдайлар бар:

  • Жоғары біліктілікті оқытушы-профессорлар құрамы;
  • Интернетке қосылған компьютерлік кластар;
  • Виртуалды зертхана;
  • Жергілікті, аймақтық компанияларда, фирмаларда, мектептер мен өндіріс орындарында жүргізілетін кәсіби іс-тәжірибеден өту;
  • Алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік университеттермен байланыс;
  • Өзбетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған студенттердің ғылыми және проблемалық үйірмелері.

Болон Декларациясының негізгі принциптеріне сәйкес студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда. 2013-2014 оқу жылында академиялық ұтқырлық бойынша  бір семестр көлемінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ИСС 211 топ студенті Еренғайыпов С. Чехия Агротехникалық университетінде білім алып қайтты.  Ал, осы 2014-2015 оқу жылында, білім алу мақсатында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ИСС 311 тобының студенті Слямқызы Д. және ИСС 211 топ студенттері Қабдуалиев Д. мен Абжаков А. Чехия Агротехникалық университетіне кетті.

Оқытушылармен тәжірибе алмасу және студенттер мен магистранттарға дәріс оқу мақсатында сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетелдің жоғарғы оқу орындарынан жетекші ғалымдар шақырылуда. 2013 жылы Чехия Агротехникалық университетінен PhD доктор Милош Ульман келіп «Smart public administration and egovernment» курсы бойынша дәрістер оқып кетті. 2013-2014 оқу жылында Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінен (Ресей,Курск) ф.-м.ғ.д., профессор В.П.Добрица «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне және «Информатика» мамандығының магистранттарына «Теоретические основы обучения и функционирования нейронных сетей» курсы бойынша дәріс оқыды.

Еренғайыпов С., ИСС 311 тобының студенті

PhD доктор Милош Ульман

Ф.-м.ғ.д., профессор В.П.Добрица

Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысады. Олардың көпшілігі әртүрлі пәндік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері және лауреаттары болып табылады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Мысалы, «Информатика» мамандығының студенті Рустам Темиргалиев 2004 жылы «Самсунг» Корпорациясымен ұйымдастырылған «INTECH-2004» ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер болды, «Информатика» мамандығының студенті Алишер Есмаханов 2005 жылы сол конкурстың жеңімпазы болды және Сан-Диего-ның, АҚШ  зерттеу орталықтарына жолдамамен марапатталды. Сонымен қатар, Алишер Есмаханов Павлодар қаласындағы информатика бойынша олимпиада жеңімпазы болды. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Руслан Бутин 2009 жылы «Жастар және ғылым» ғылыми-тәжірибелік конференциясында 2 орын алды, келесі жылы ол дәл осы конференцияда 1 орын алды. 2010 жылы Руслан Бутин ITAwardsKazakhstan-мен өткізілген жобалар конкурсында «Системы защиты» номинациясы бойынша 1 орын алды, сонымен қатар «Болашақ жастар үшін» 2-күндік семинарға шақырту алды. 2009 жылы Серікжан Карсаков және Әсем Еркинова құрамындағы команда информатика бойынша олимпиадада 3 орын алды. 2010 жылы осы олимпиадада Серікжан Карсаков, Әсем Еркинова және Ақбота Темірғали құрамындағы команда 2 орын алды, ал Асем Еркинова жеке есепте 2 орын алды.

2009-2010ж.ж. 5В011100 – «Информатика», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» бакалавриат және 6МВ011100 – «Информатика» магистратура мамандықтары AСQUIN Халықаралық агенттігінде еуропалық стандартқа сәйкестікке аккредитациядан өтті. 2010 жылы қазанда құрамына жетекші германдық университеттердің профессорлары кірген AСQUIN комиссиясы берілген білім беру бағдарламаларын зерттеді, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен,  «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының әртүрлі курс студенттерімен, біздің аймақтың жұмыс  берушілерімен кездесті. Нәтижесі AСQUIN халықаралық агенттігінің шешімі: бакалавриаттың 5В011100 – «Информатика», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және  магистратураның 6МВ011100 – «Информатика»    мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының еуропалық білім беру стандарттарына сәйкестігі.

«Информатика», «Ақпараттық жүйелер» бойынша бакалавриат және магистратура мамандықтарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Көптеген түлектер білім беру ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, банктерде, коммерциялық құрылымдарда жетекші қызметтерге ие. Атап айтатын болсақ, т.ғ.д. Нұрлан Ажиханов Ш. Есенов атындағы Каспийдің технология және инжиниринг университетінде оқу -әдістемелік жұмыстар бойынша проректор қызметін; Павел Сачков Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттық-телекоммуникациялық бөлім бастығын қызметінде; Жұмагелді Рысханұлы – Алматы облыстық әкімдігінде электронды құжат айналымы жүйесінің бас маманы; Айжан Адамбекова – Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының директор; Марат Мадыбаев – ҚР Ұлттық банкінің сервис бюросының бас инженер-программисті; Ардақ Болысбаева – «Евразиялық банк» АҚ-ның КОБ қарыздарды өтеу және жеке бизнес Басқармасының бастығы; Александр Гунькин – «Алға» ЖШС-нің бас бухгалтері, инженер-программист; Мехмет Гонулташ – «Casper Computer» ЖШС компьютерлік фирмасының негізін қалаушы.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image