ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Тарих кафедрасы университет іргесін қалағаннан бастап құрылған алғашқы кафедралардың бірі. 1973 жылы 31 мамырда Талдықорған педагогикалық институтының құрамында марксиз-ленинизм кафедрасы атауымен ашылып, меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Р.А. Солодиллова болды. 1977 жылы 24 тамызда кафедра екіге бөлінді: философия және саясиэкономия кафедрасы; КПСС және ғылыми коммунизм кафедрасы. Тарихшы мамандар соңғы кафедраның құрамында болды. 1991 жылдың 18 наурызында КПСС және ғылыми коммунизм кафедрасының атауы саяси тарих және социализм теориясы деп өзгертілді. Кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Садықов болды. Сол жылдың 19 қыркүйегінде кафедра екіге бөлінді. Саясаттану кафедрасы Д.Х. Хажиевтің басшылығымен жалпы институттың құрамына енді. Филология факультетінде дербес тарих кафедрасы құрылып, меңгерушісі А.М. Садықов болды. Алғашқы кезеңде кафедраның құрамында 6 оқытушы қызмет етті. Кафедраның іргесін қалаған оқытушылар А.М. Садықов, Ө.Ә. Теңізбаев, С.У. Ордалиева, Р.Қ. Әділбекова қазіргі уақытқа дейін университетте еңбек етуде. 1993-1998 жылдар аралығында тарих кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты З.С. Сламбеков басқарды. 1999-2005 жылдары кафедраның меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мұхатова болды. 2006-2007 жылдары меңгеруші қызметін тарих ғылымдарының кандидаты А.К. Катенов атқарса, 2008-2009 жылдары кафедраға тарих ғылымдарының кандидаты Н.Қ. Байғабатова басшылық етті. Тарих кафедрасында «Тарих және құқық», «Тарих және география», «Тарих, құқықтану және экономика негіздері» мамандықтары дайындалған. Қазіргі кезде 5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша білімгерлерді жеке дайындайды.

Тарих кафедрасы 2014-15  оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан тарихы кафедрасы деп өгерді.Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 14 маманнан тұрады: 5 ғылым кандидаты (оның төртеуі доцент ғылыми атағына ие), 8 магистр. Сапалық  көрсеткіші  50% құрайды.

2009 жылдың 1-қыркүйегінен кафедраға тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.О. Буланов басшылық етеді. Гуманитарлық факультетте «Тарих» мамандығы бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде жүз отыздан аса білімгерлер білім алады. Тарих бөлімінің білімгерлері археологиялық үйірмеде және проблемалық топта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, облыстық және республикалық конкурстарға, ғылыми конференцияларға қатысады. Кафедра оқытушылары білімгерлер арасында пән олимпиядаларын, пікір-сайыстар, кездесулер және ғылыми-танымдық ойындар өткізеді. 2012-13 оқу жылында 6М011400 - «Тарих» мамандығы бойынша магистратура бөлімі ашылды.

          Тарих кафедрасының алдыға қойған негізгі мақсаты кафедра оқытушылары мен білімгерлері арасында ғылыми жұмыстармен шұғылдануды бірінші кезекке қояды. Сонымен қатар ғылыми жұмыстармен бірге оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының бағыттарын қоса алып жүруді басшылыққа алады.

5В011400 - Тарих мамандығының бакалавры келесі салада кәсіптік қызметтерін атқаруға мүмкіндігі бар:

  • оқу орындарында (мектеп, колледж, гимназия, лицей және т.б.) тарих және аралас пәндерінің мұғалімі ретінде білім беру;
  • ғылыми зерттеу жұмыстар;
  • әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде өндірістік-басқару қызметі;

          Кәсіптік қызметтердің бағыттары:

  • тарих және жалпы тарих, мұражайтану;
  • археология, этнология, мұрағаттану.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image