ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

 

 «Кәсіптік білім»  кафедрасы   1989 жылы  «жалпытехникалық пәндер» мамандығының негізінде   иженер-экономикалық  факультетінде, ауылшаруашылық және техника, білім саласындағы сұраныстар бойынша жоғарғы деңгейлі кәсіби мамандарды дайындау үшін ашылды. Кәсіптік білім кафедрасында қазіргі уақытта: 1 академиялық профессор,   6  ғылым кандидаттары (оның ішінде 1 Балтық педагогикалық академиясының мүше-корреспонденті А.Ж.Рахимбеков, 5 доценттер ), 3 аға оқытушылары қызмет атқарады. Кафедра оқытушыларының ғылыми дәрежелігі 62 %.

Кафедраның құралдары мен сайман-жабдықтары толық түрде:

  • электротехника және радиоэлектроника,ЕТ жәнемикропроцессорлар зертханасының;
  • студенттік тігін шеберханасының;
  • оқу-өндіріс шеберханасының оқу үрдісіне қазіргі заман технологиялары бойынша жабдықталған.

Рахимбеков Айтбай Жапарович – кафедра меңгерушісі, Балтық педагогикалық академиясының мүше – корреспонденті, доцент, ф.-м.ғ.к.,профессор 14.06.1953 жылы  Қызылжар ау ылы,Талдықорған облысында, Гвардия ауданында көп балалы жанұяда дүниеге келді. 1970 жылы  Д.И.Менделеев атындағы МХТИ, содан кейін 1977 жылы Қазақ химико – технологиялық институтын  «электрохимиялық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша – инженер-химик квалификациясын үздік дипломмен тәмамдады.

  1986 жылы «Жартылай өткізгіштердегі оттегін қатты тотықты суперионды өткізгіштермен басқару» тақырыбы бойынша 01.04.10 «Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер» мамандығы саласында РҒА ССРО Ленинград қаласындағы А.Ф.Иоффе атындағы институтында ғылым кандидатының диссертациясын қорғады. Оқу, білім саласындағы еңбектері үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, БжҒМ құрмет грамоталарымен марапатталды. Ғылыми еңбектерінің бағыттары: жартылай өткізгіштердегі оттегін қатты тотықты суперионды өткізгіштермен басқару саласында, вакуумдегі жартылай өткізгіштер қабыршықтарын синтездеу, фазалық трансформациялық интерференциялық қасиетті  нанотехнологиялардағы қабыршықтарды зерттеу.

    Оның оқу-әдістемелік еңбектері 5В012000 «Кәсіптік білім», «Физика», «Физика және информатика», саласындағы мамандарға арналған  электрондық оқулықтар, «Жылу техникасы», «Гидравлика», «Материалдар кедергісі», «Мамандыққа кіріспе», «Машинатанудың теориялық негіздері» сияқты оқулықтар, курстық және дипломдық жұмыстарға арналған әдістемелік құралдар. Негізгі оқу құралдары: «Кванттық механика», «Тәжірибелер нәтижелерін өңдеу», «Оқушыларды политехникалық пәндерге үйрету әдістері», «Жылу техникасы», «Молекулалық физика», «Жаратылыстану концепциясының бағыттарын зерттеу» курстарына арналып басылып шықты.

    Қатты тотықты суперионды өткізгіштерді зерттеу нәтижесі бойынша оның ғылыми еңбектері жүзден асқан халықаралық, ТМД, ҚР кеңістігінде ғылыми басылымдарда жарыққа шығып, «Вакуумтығызды қосылыстар» атты ойлап табушылық авторлық өндіріске енгізілген куәлігі бар. Студенттердің ғылыми жұмыстарымен және оларды пәндік олимпиадаларға дайындаушылық еңбегі ҚР президентінің алғыс хатымен құттықталынған.

Студенттерді оқыту кредиттік технология жүйесі бойынша ҚР МБЖС 5.03.001-2004, 3.08.270-2006 саласындағы типтік және жұмыстық бағдарламалармен жүргізіледі.

Кредиттік технология бойынша  студенттер өздерінің элективтік мамандандыру пәндері бойынша:

  • кәсіби өндірісінде (кәсіптік білім педагогы (cала бойынша);
  • машина құрастыруда;
  • металлургиялық өндірісте;
  • құрылыста;
  • ауылшаруашылығындағы өндірісте;
  • ауылшаруашылық және агрономияда;
  • ауылшаруашылығын механизациялау және автоматизациялауда;
  • қызмет көрсету өндірісінде (тұрмыс шаруашылығында қызмет көрсету, тігін бұйымдарын құрастыру және модельдеу, ақпараттық технологиялар, электротехника және радиоэлектроника) жұмыс істей алатын мамандарға сәйкес оқу үрдісін тәмамдайды.

5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығын тәмамдаған білімгерлер:

  • кәсіптік оқыту педагогы;
  • жалпы техникалық және арнайы пәндерді орташа және кәсіптік мектептерде, колледждерде, лицейлерде оқытатын мұғалім ретінде;
  • арнайы және ғылыми конструкциялық бюроларда инженер ретінде қызмет атқара алады.

Кафедрада: «Электроникс», «Инженер» студенттік ғылыми қоғамдар жұмыс істейді (ғылыми жетекшілер  доц., т.ғ.к. С.С.Алмухамбетов, доцент, п.ғ.к. А.А. Курманбаев). Студенттердің ғылыми жетістіктері жыл сайын университет іргесінде, халықаралық және ТМД кеңістігінде басылымдарға жарияланып шығады. 4 курс студенті  Рахимбекова Н.Т. (ғыл.жет., доц., ф.-м.ғ.к. Рахимбеков А.Ж.) Өскемен қаласында өткен студенттік ғылыми конференцияларда  2006,2007,2008 ж.ж.  І жүлделі орынға ие болды;

Астана қаласында,2007 жылы мамыр айында өткен «Ғылым және жастар» конференциясында Рахимбаева А., (ғыл.жет. доц., т.ғ.к. Алмухамбетов С.С.), Оразтаева Д. (ғыл.жет.,доц.,ф.-м.ғ.к. Рахимбеков А.Ж.) І орынға ие болып ҚР Президенті  Н.А. Назарбаевтың алғыс хатын алды.

Қазіргі таңда кафедра өзінің халықаралық байланыстарын және қызметтерін алдынғы қатардағы жоғарғы оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста:

  • А.Ф.Иоффе атындағы РҒА Санкт – Петербурге қаласындағы инстутпен;
  • Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ;
  • Қ.Сатпаева атындағы ҚазҰТУ;
  • М.Әуезова атындағы ОҚМУ;
  • Абай атындағы ҚазҰПУ.

Кредиттік  технология бойынша студенттерді оқыту жүйесінде кафедраға жыл сайын  ҚазҰТУ академигі, проф, ф.-м.ғ.д.  А. Н.Тюреходжаев, Абай атындағы  ҚазҰПУ проф, ф.-м.ғ.д. А.И. Купчишин, проф, ф.-м.ғ.д. Б.А. Кожамкулов, ОҚМУ кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі Ю.К. Камалов дөңгелек стөлдерде, арнайы дәріс оқуға шақырылады. 

Қазіргі таңда кафедра түлектері кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде, олар: доцент, п.ғ.к. Курманбаев А.А., доцент, п.ғ.к. Бекболганов Е.Ж., доцент, п.ғ.к. Онгарбаева Ш.У., кәсіптік білім магистрі Мамилина С.Қ., І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-де қызмет атқарады. Өзінің жиырма жылдан астам тарихында кәсіптік білім кафедрасы екі мыңнан астам жоғарғы квалификациялы мамандарды дайындап шығарды.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Ратаев Ардан
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Айдарханов Аян
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image