ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Стамбекова Асель Серкебаевна

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы 1973 жылы педагогика және психология (мектепке дейінгі) кафедрасы болып құрылып, университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты 1988 жылы жекелей әдістемелер кафедрасы болып аталды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Ж.А.Әбішева тағайындалды.

01.09.2003 ж. оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы деп өзгертілді. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Т.В.Ким тағайындалды.

2006 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент  Г.Н.Жолтаева қызмет атқарды.

2014 жылдың қыркүйек айынан бері кафедра меңгерушісі болып Стамбекова Асель Серкебаевна тағайындалды.

2014-2015 оқу жылына оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы мен оқу-қосымша персоналы жөнінде мағлұмат: кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Стамбекова Асель Серкебаевна (28.01.1981); п.ғ.д., профессор Нұғысова Айтжамал (15.07.1936); п.ғ.д., профессор Дюсембинова Райфа Кыдыровна п.ғ.к., доцент Ханина Надежда Николаевна (27.03.1963); п.ғ.к., доцент Жолтаева Гульнар Нурболатовна п.ғ.к., доцент Бөрібекова Фарзана (05.08.1951); ф.ғ.к., доцент Ғалиева Айгүл Нұрсаитқызы (27.06.1980);  ф.ғ.к., доцент Асылова Раушан Омарқызы (13.01.1975); аға оқытушы Каймульдина Шолпан Садуқызы (25.02.1958); аға оқытушы Есімханова Райгүл Қажымұқанқызы (21.06.1962); аға оқытушы Ибрагимова Қарлығаш Кәрібозқызы (04.01.1946); аға оқытушы Батырғалиева Әбзел Сраилқызы (11.05.1958); аға оқытушы Бүркітбаева Анар Жанарбекқызы (25.03.1969); аға оқытушы Майлыбаева Гүлмира Сабырқызы (07.02.1968); аға оқытушы Ержанова Гүлнұр Жарболғанқызы (27.10.1982);  (18.04.1983); аға оқытушы, магистр Тажинова Гульнар Амангелдіқызы; (24.081971); аға оқытушы, магистр Исабаева Зауреш Мұратқызы (20.08.1988); аға оқытушы, магистр  Альменбетова Қарлығаш Жапсарбайқызы (21.02.1985); аға аға оқытушы, магистр Азанбекова Гульназ Турысбекқызы; магистр оқытушы Алипбаева Анар Асхатовна (28.09.1988);  оқытушы Шатырбаева Гүлнар Жақыпқызы (08.03.1962); лаборант Ешмухаметова Рашида Санатбековна (28.04.1969). Кафедраның сапалық  көрсеткіші  53% құрайды.

Кафедраның жалпы стратегиялық мақсаты: ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде оқытудың кредиттік жүйесін енгізу арқылы бәсекеге қабілетті, ҚР білім беру жүйесінің ерекшеліктерін жетік меңгерген мамандар даярлауды қамтамасыз ету.

Мақсатты жүзеге асыруда кафедра келесі негізгі:

  • оқу-әдістемелік жұмыс;
  • ғылыми-әдістемелік жұмыс;
  • академиялық ұтқырлық;
  • жас мамандармен жұмыс;
  • тәрбие жұмысы бағыттарында әрекет жасайтын біртұтас ұжым.

Аталған бағыттарға сәйкес «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология» мамандықтары бойынша әдістемелік секциялар жұмыс жасайды.

Кафедраның атқаратын міндеттері:

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
  • студенттер бойында өзіндік оқу әрекетінің дағдысын дамыту;
  • студенттер бойында өмірдегі белсенді көзқарасты қалыптастыру;
  • кафедра оқытушыларының ғылыми-тәжірибелік әрекетін ұйымдастыру:
  • оқу үрдісін ғылыми әдістемелік қамтамасыздандыру;
  • оқытушылар біліктілігін жетілдіру;
  • кафедраның ғылыми-тәжірибелік байланысын кеңейту.

Кафедра 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010500 – «Дефектология» мамандықтары бойынша бакалавриатқа және 6М010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6М010500 - «Дефектология» мамандықтары бойынша магистратураға жетекшілік етеді.

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген түлекке «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • педагогикалық;
  • педагогикалық-ұйымдастырушылық;
  • педагогикалық-басқарушылық:
  • ғылими-зерттеу.

5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген түлекке «Дефектология» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. «Дефектология» мамандығын бітірген түлектер мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық (дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін таңдау және іске асыру);
  • басқару - өндірістік (әдіскер-дефектолог, арнайы мекемелерді басқарушы);
  • жобалық (арнайы білім беретін мекемелердің нақты типіне жалпы білім беретін оқыту бағдарламаларын бейімдеу; дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларға оқыту-тәрбиелеу және түзете-дамыту, көмек көрсету жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру);
  • педагогикалық (таңдаған мамандығы бойынша: олигонофренопедагог, сурдопедагог, логопед, мектепке дейінгі арнайы педагог, МШ ерте жастағы балаларға көмек көрсету маманы);
  • диагностикалық кеңес берушілік (МШ балаларды анықтау, олардың ата-аналары және педагогтармен әдістемелік кеңес беру жұмысын жүргізу).

Білім берудің 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы мен ЖМУ –дың 2020-шы жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасы аясында жоғары сапалы білімді, бәсекеге қабілетті, халықаралық және отандық стандарттар талабына, Болон үрдісінің қағидаларына сәйкес келетін магистранттар мен РhD доктараттарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында «Магистратура бағыты» бойынша 2011 жылы ҚР МЖМБС сәйкес 6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6М010500-Дефектология мамандықтары ашылды.

6М010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және 6М010500 – «Дефектология» мамандықтары бойынша магистратураның ғылыми және педагогикалық бағытында бітірген магистрантқа «Педагогика ғылымдарының магистрі» және бейіндік бағытында бітірген магистрантқа «Білім магистрі»  академиялық дәрежесі беріледі. 6М010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6М010500 – «Дефектология» мамандықтары бойынша магистранттар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • педагогикалық-ұйымдастырушылық;
  • педагогикалық-басқарушылық:
  • жобалық;
  • диагностикалық;
  • ғылими-зерттеу.

Магистратураның оқыту процесінде инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады. Мысалы п.ғ.д., профессор             А.Нұғысова «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер ұйымдастыру әдіснамасы мен әдістемесі» пәнін жүргізу барысында креативті оқыту технологияларын, проблемалық оқыту технологиялары бойынша жұмыс жүргізеді. Дефектология мамандықтарының магистранттары  «Жалпы білім беретін мекемелердің бастауыш сыныптарында психикалық дамуы тежелген балаларды интегративті түзете-дамыта оқыту» тақырыптағы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асыруға қатысады. Магистранттар 2012 жылы Ресейдің Санк-Петербург қаласындағы «Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институтында», 2013 жылы Омбы қаласындағы «Омбы гуманитарлық академиясында»,  2014 жылы Белорусия қаласындағы Белорусия  мемлекеттік  университетінде  халықаралық іс-тәжірибеден өтті. 2013 жылы Алипбаева Анар Польша қаласының Варшава университетінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алып келді. 

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыты: Инновациялық тұрғыдан оқыту мен тәрбиелеу: теория және әдістеме. Мақсаты: инновациялық технологияларды оқу-тәрбие процесіне енгізудің әдістемелік шарттары мен заңдылықтарын анықтау. Бұл бағытта «Болашақ бастауыш сынып мұғалімін математиканы оқытудағы диагностикалық іс-әрекетке даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздері» (Жолтаева Г.Н), «Аңшылық пен саясатшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмұны» (Асылова Р.О.), «Мектептің бастауыш сатысында математиканы оқыту процесінде практикалық мазмұнды есеп арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту» (Стамбекова А.С.) «Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлау» (Ф.Бөрібекова) т.б. тақырыптарда зерттеулер жүргізілуде.

Соңғы 3 жылда кафедраның ПОҚ 30-дан астам әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, электронды оқулықтар дайындады. Мысалы, П.ғ.к., доцент Г.Н.Жолтаева «Болашақ мұғалімдерді 12 ж. білім беруге көшу жағдайында кәсіби іс-әрекетке даярлау» атты оқулығы баспадан шықты (Талдықорған, 2012 ж. ).

П.ғ.к., доцент Ф.Б.Бөрібекованың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» атты оқулығы шықты (2014 ж. көлемі 22,5 б.т., таралымы 1000 дана).

2011-2014 ж. аралығында кафедраның ПОҚ өздерінің ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесін Халықаралық және республикалық конференцияларда (200-ден астам мақала) және Scopus and Thomson Reuters импакт-фактор журналдарында (10 мақала) жариялайды.

Кафедра оқытушылары өздерінің біліктіліктерін арттыруда Халықаралық ғылыми семинарлар (Болгария, Украина, Ресей, Германия және т.б.) мен ғылыми тағылымдамадан өтеді.  Атап айтқанда, п.ғ.к., доцент А.С.Стамбекова мен аға оқытушы А.Ж.Бүркітбаева 06.11-14.11.2013 ж. Психологиялық және әлеуметтік жұмыс бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік институтында ғылыми тағылымдамадын өтті.

2012-2014 ж. кафедра оқытушылары А.С.Стамбекова, Г.Н.Жолтаева, А.Ж.Бүркітбаева, Г.Ж.Ержанова «Жалпы білім беретін мекемелердің бастауыш сыныптарында психикалық дамуы тежелген балаларды интегративті түзете-дамыта оқыту» тақырыбында Қазақстан Республикасының Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша №0110РК00340 тіркеу нөмірімен 29 млн. қаржы ұтып алды.  Ғылыми жобаның жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

М.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің коррекциондық педагогика және психология институтының директоры (Украина) профессорВ.Н.Синевпен Г.Н.Жолтаеваның кездесуі

П.ғ.к., доцент А.С.Стамбекова мен аға оқытушы А.Ж.Бүркітбаева Санкт-Петербург қ. (Ресей ) мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік оңалту  орталығымен тәжірибе алмасуда

Кафедра оқытушылары Г.Н.Жолтаева, А.С.Стамбекова, Г.Ж.Ержанова «Болашақ мұғалімдерді шағын жинақталған мектеп жағдайында жұмыс істеуге даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты 2013-2015 ж. аралығына арналған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекететтік университетінің ректорының гранттық ғылыми жобасын жеңіп алды.

Кафедра жетекшілік ететін мамандық студенттері ҒЗЖ белсенді қатысады. Атап айтқанда:

2012 ж. Тараз қаласында 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойыншаөткен ІҮ Республикаликалық пән олимпиадасында п.ғ.к. А.С.Стамбекова және ф.ғ.к. Р.О.Асылова жетекшілігімен «Шамшырақ» командасы 2 орын алды. Командаға «Креативті команда» номинациясымен, команда капитаны А.Касымбаева «Үздік топ жетекшісі» атты дипломмен марапатталды. 

Павлодар  қаласының 2013 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша өткен V Республикалық пән олимпиадасында аға оқытушы З.М.Исабаеваның жетекшілігімен «Жетісу жауқазындары» командасы жүлделі 2 орын алды.

2013 ж. Түркістан қаласында өткен Ү Республикалық пән олимпиадасында п.ғ.к. А.С.Стамбекова және ф.ғ.к. Р.О.Асылова жетекшілігімен «Ақжелкен» командасы жүлделі 3 орын алды, сонымен қатар командаға «Ең өнерлі топ» номинациясы берілді.

2012–2013 ж. п.ғ.к., доцент Н.Н.Ханинаның жетекшілігімен 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының Нр-211 топ білімгерлері Макагонова А., Нурова А. «Формирование коммуникативных умений универсальных учебных действий у младших школьников через проектную деятельность» тақырыбындағы ғылыми жоба жазып, гранттық қаржыландыруға ие болды.

2010-2011 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҰАО жүргізген «Бакалавриат мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын ең табысты жүзеге асыратын Қазақстанның ЖОО» рейтингі бойынша Дефектология мамандығы 2-ші орынға ие болды.

Білімгерлер мен кафедраның ПОҚ-ның құрамының академиялық ұтқырлықты дамыту жоспарына сәйкес республика және ТМД елдерінің ЖОО білім бағыттары мен тәжірибе алмасып, зерттеу мақсатында партнерлік қарым-қатынастар қалыптасуда.

К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика және бастауыш оқыту психологиясы кафедрасының доценті, п.ғ.к. Г.Б. Барышникова, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д. О.В.Плахотник студенттер мен магистранттарға дәріс оқыды.

2011-2012 оқу жылында «Дефектология» мамандығының студенті Бостанова Н. Абай атындағы ҚазҰПУ-де ішкі академиялық ұтқырлық аясында білім алды. К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» студенттері К.Цивилева мен Т.Бегджанова, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан Ж. Дәуеева оқыды.

2012-2013 оқу жылында К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» студенттері Морозова Е. және Насупкина Е. және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан Чмаева Ж., Кемелбек Н. 1-ші жартыжылдықта оқыды. «Дефектология» мамадығының студенті Салимбаева А. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алды.

2013-2014 оқу жылында 2-ші жартыжылдығында К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» студенттері С.Маслова, О.Новикова, В.Зуболомова. Н.Сухонина академиялық ұтқырлықпен университетімізде болды.

Кафедрада Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен, Алматы үздіксіз білім беру университетімен, Түзету педагогикасының ғылыми-практикалық орталығымен өзара ынтымақтастық жайында жасалған келісім шарттар бар. Келісім шарттарға сәйкес өзара тәжірибе алмасу, оқу-әдістемелік көмек көрсету, бірлесіп конференциялар өткізу, т.б. жұмыстар жоспарланған. Сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы облыстық көмекші мектеп интернаты, нашар еститін және естімейтін балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты, Талдықорған қаласының № 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 орта мектептерімен, Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Рақышев атындағы №3 мектеп-интернаты, медициналық колледж, политехникалық колледж, № 3, № 42, №45 балабақшаларымен келісім шарт құрған. Аталған білім беру мекемелерінде студенттер кафедра бойынша іс-тәжірибелерден өтеді. Кафедра оқытушылары ол мекемелер қызметкерлеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді, бірлескен семинарлар, конференциялар жүргізіледі.

Кафедра жетекшілік ететін мамандықтарды әр жылы педагогика ғылымдарының кандидаттары  Стамбекова Асель, жоғары категориялы мұғалімдер Байдильданова Бақыт, Турысбекова Динара, «Астана kz» КВН командасының мүшесі Лукманов Кумар, облыстық көмекші мектеп-интернатының оқу жұмысы меңгерушісі Нам Александра, «Дефектология» журналының бас редакторы Ерболат Арайлым, т.б. тәмамдаған.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image