ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Информатика кафедрасының меңгерушісі
Жанатбекова Назым Жанатбеккызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

1985 жылы университеттің физика-математика факультетінде «Информатика және есептеуіш техникасы»  кафедрасы құрылды. Ең алғаш кафедра меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Т.Ермеков тағайындалды.  1991-2009 жж. кафедраны  физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Тұрмағамбетова К.В., аға оқытушы Нүриденова К.Н., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Уалиев Н.С., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент  Нысамбаев Ж.Н., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Смагулова Л.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Байдильдинов Т.Ж.  басқарды.

Қазіргі кезде кафедрада 13 профессорлық оқытушылар құрамы және 1 көмекші персонал қызмет етеді. Олардың ішінде 1 педагогика ғылымдарының докторы; 4 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 доцент; 6 педагогика ғылымдарының магистры; 2 білім магистры.

Кафедраның негізгі мақсаттары:

•         халықаралық стандрат талаптарына сай білім деңгейлері жоғары білімгерлерді даярлау;

•         сапалы және қолжетімді білім үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

•         білімгерлердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін электрондық оқыту құралдарының мүмкіндіктерін қолдану.

 Кафедра жұмыстарының негізгі бағыттары

•         оқу үрдісінжәне сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

•         ғылыми зерттеу жұмысы және   халықаралық  байланыс;

•         кадрлық менеджмент  және біліктілікті жоғарлату.

Кафедра 5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттерін даярлайды. 5В011100 –Информатика мамандығы ACQUIN аккредиттеу Кеңесі (Германия) арқылы  28.09.2011 – 30.09.2016 аралыққа халықаралық аккредитация сертификатын иеленді.

Кафедраның меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жанатбекова Назым Жанатбекқызы атқарады. 2001-2004 жж. ЖМУ –нде «Педагогика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2007 жылдың желтоқсан айында «Қазақ халық педагогикасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамытудың педагогикалық шарттары (математика сабақтарының мысалында)» тақырыбында 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Доцент Байдильдинов Талғат Жарылқасынұлы 1997 жылдың желтоқсан айында «Дербес компьютерлерді пайдаланып жалпы білім беретін 10-11 сыныпта алгебра және анализ бастамаларын оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында 13.00.02 – Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Доцент Мукажанов Еркат Бигалиевич 2007 жылдың желтоқсан айында  «Термиялық өңдеудің 47XHM қоспасының құрамы мен механикалық қасиеттеріне әсері» тақырыбында  01.04.07 – конденсацияланған күй физикасы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Аға оқытушы Қыдырбаева Ғалия Тұрыспаевна 2010 жылдың ақпан айында «Колледж оқушыларының өзіндік іс-әрекетінде электрондық оқыту кешенін қолдану әдістемесі» (информатиканы оқыту мысалында) тақырыбында 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Аға оқытушы  Уразова М.С., аға оқытушы Қойшыбекова А.Қ. университет көлемінде өткен «Жас ғалым – Отанға» атты конкурста «І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Ғылым, инновациялық технологиялар және халықаралық байланыстар» бөлімінің ақпараттық порталын құру» атты та

қырыбымен университет ректорының гранты иегері болды.

Осы уақыт аралығында кафедраның оқытушыларынан тәлім-тәрбие алған студенттер бүгінгі күндері еліміздің түпкір-түпкірінде ұстаздық етіп, әртүрлі ұйымдарда қызмет жасауда. Олардың ішінде бірнешеуі кафедрада қызмет жасауда (Жанатбекова Н.Ж., Байдильдинов Т.Ж., Қыдырбаева Ғ.Т. Забиева К.К., Уразова М.С., Хаймулданов Е.С.,.Қойшыбекова А.Қ. Терликбаева Л.Ж. Жексембаева Р.Н., Нургазинова А.А., Сейтпаев М.Ж т.б. ).

Біліктілікті жетілдіру:

-       доцент Жанатбекова Н.Ж., аға оқытушы Хаймулданов Е.С. Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде біліктіліктерін жатілдірді (28.05.2012 – 09.06.2012)

-       аға оқытушы Уразова М.С., аға оқытушы Қанапьянова З.Н. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде біліктіліктерін жетілдірді (15.11.2012-27.11.2012)

-       доцент Жанатбекова Н.Ж. Дюссельдорф қаласында біліктілігін жетілдірді. (Германия, 26.11.2012-09.12.2012)

-       аға оқытушы Қойшыбекова А.Қ. Дюссельдорф  қаласында біліктілігін жетілдірді (Германия, 25.11.2013-06.12.2013)

- кафедраның ПОҚ  «Информатикаға кіріспе», «Ағылшын тілі» курсын «Интуит» Ұлттық ашық университетінде оқып шықты  (Москва қ.)

- Кафедраның ПОҚ «Электрондық үкімет және электронды қызмет» атты семинар курсын өтті («Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі)

- кафедраның ПОҚ  Thomson Reuters&Scholy Research семинарына қатысты

-  кафедраның ПОҚ «Электрондық оқыту: формалары, әдістері, технологиялары» оқыту семинары бағдарламасын игерді.

- кафедраның ПОҚ «Smart public administration and e – government» курсын меңгерді.  (Чехия)

- кафедраның ПОҚ «Білімгерлерді компрессивті оқытуға дайындау» семинарына қатысты (Курск қ.)

- кафедраның ПОҚ «Қашықтықтан оқыту технологиялары» курсы бойынша білімдерін жетілдірді.

         Кафедраның негізгі бағыты міндетті пәндер циклы - информатиканы университет бойынша барлық мамандықтарда және университеттегі басқа мамандықтарда информатика бағытындағы пәндер бойынша элективті курстар жүргізеді.

    Кафедрада студенттерге арналған «Білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдары» (жетекшісі: Жанатбекова Н.Ж.), «Analysis of information» (жетекшісі Байдильдинов Т.Ж.) атты проблемалық топтар, «Компьютерлік графика мүмкіндіктері» (жетекшісі: Қойшыбекова А.Қ.),  «Қолданбалы бағдарламалар» (жетекшісі: Забиева К.Қ.), «Delphіпрограммалау ортасы» (жетекшісі: Хаймулданов Е.С.) үйірмелері, «Орта мектепте информатика курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» (жетекшісі:Уразова М.С.) ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.  

Сонымен қатар кафедрада оқу-әдістемелік жұмыс та оң жолға қойылған.  Кафедраның ПОҚ оқу-әдістемелік құралдары баспадан шығып, оқу үрдісінде тиімді пайдаланылуда: Жанатбекова Н.Ж. «Қазақ халық педагогикасы арқылы бастауыш сынып  оқушыларының ақыл-ойын дамыту» (оқу құралы, 2009); Байдильдинов Т.Ж. «Введение в теорию обучения информатике» (оқу құралы, 2012);  Жанатбекова Н.Ж., Уразова М.С. «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі» (оқу құралы, 2013), Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» (оқулық, 2014),  Қойшыбекова А.Қ. «Деректер қорын басқару жүйесі» (оқу – әдістемелік құрал, 2014)  жарық көрді.  Байдильдинов Т.Ж. «Информатиканы оқыту технологиялары мен әдістемелері» (электрондық оқулық, 2013)

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Ратаев Ардан
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image