ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

«Педагогика және психология» факультетінің тарихы 1978 жылдан басталады. Бастапқы кезінде ол музыка-педагогика факультеті деп аталды.

1980 жылы музыка-педагогика факультеті екі факультетке: музыка-педагогика және мектепке дейінгі педагогика факультеті болып бөлінеді. 

1987 жылы мектепке дейінгі педагогика факультетінде екі жаңа бөлім ашылады.

1994 жылы педагогика және психология факультеті құрылды.

1996 жылы музыка-педагогика факультеті қайта құрылды.

2008 жылы «Педагогика және психология» факультеті құрылды.

Факультет миссиясы:Болон декларациясы талаптары негізінде бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлау

Факультет әкімшілігі

Педагогика және психология факультетінің деканы -  педагогика ғылымдарының  кандидаты, доцент Сочин Сергей Анатольевич

Оқу істері және тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары - магистр, аға оқытушы Абдеева Светлана Бикасымовна

Ғылыми және кәсіптік бағдар беру жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары - аға оқытушы Батырғалиева Абзел Сраиловна.

Факультеттің профессорлық – оқытушылар құрамы

Жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы-19,ғылым докторы-1, ғылым кандидаты-7

Педагогика және психологиякафедрасы-14,ғылым докторы-2, ғылым кандидаты-5

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы-20, ғылым докторы-2, ғылым кандидаты-6

Музыкалық білім кафедрасы-21, ғылым докторы-1, ғылым кандидаты-5

Факультет бойынша барлығы: 74 ғылым докторы-6, ғылым кандидаты-23

Ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық ынтымақтастық

Факультет оқытушылары ғылыми-ізденіс жұмыстарын  Scopus, and Thomson Reuters, импакт-фактор журналдарында ғылыми мақалаларын жариялаумен қатар, Халықаралық, республикалық ғылыми  конференцияларға  үзбей  қатысады.

Факультеттің профессорлық оқытушылар құрамы жыл сайын әртүрлі бағыттағы бюджеттік қолданбалы ғылыми зерттеулер байқауларына қатысып, 2012-2014 жылдардағы ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі бойынша ЖМУ-нің профессорлық оқытушылар құрамы 7 ғылыми жобаны жүзеге асырса, соның ішінде педагогика және психология факультетінен 2 ғылыми жоба ғылыми зерттеудің гранттық қаржыландыру байқауында  мемлекеттік грантты иеленді.

Университет ректоры тағайындаған  «Инновация - 2013»  байқауында:  жасерекшеліктер педагогикасы және психологиясы кафедрасының оқытушылары: Ахмедиева К.Н., Шужебаева А.И., Шмидт М.А., Мусина Т.С «Білімгерлердің психоэмоционалдық және тұлғалық бағыттарын дамытудың ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбымен,  оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушылары: Жолтаева Г.Н.,Стамбекова А.С., Абишева Э.Д   «Болашақ мұғалімдерді шағын жинақталған мектеп жағдайында жұмыс істеуге даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында  қаржылық гранттың жеңімраздары.

Факультет тәжірибе алмасу, бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында психология және әлеуметтік Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (РФ), Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина), К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ), Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария),Беларусь мәдениет және өнер мемлекеттік университетімен (Белорусь), Варшава университеті (Польша), Анкара университеті (Турция), Палатцк университеті (Чехия) келісім-шарттар жасалды.

  Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында профессор Абишев Н. А. К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер мен магистранттарға дәріс оқыды

Факультетте К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Барышникова, доцент  Т.Г. Шкатова,Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Сийка Чавдорова-Костова, доцент Вася Делибалтова,Т.Шевченко  атындағы мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д., профессор О.В. Плахотник өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

2014-2015 оқу жылында  Болгария мемлекеті,  Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы,профессор Сийка Чавдорова-Костова, Түркия мемлекеті, Анкара университетінің  PhD докторы Фатьма Мзгаджи, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің донценті, психология ғылымдарының кандидаты В.В. Чистов, ағылшын тілінде студенттер мен магистранттарға дәріс оқуға  арнайы шақыртылды.

Украина мемлекеті ,  М.Драгомонов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің коррекциялық педагогика және  психология  институтының директоры профессор  В.Н.Синев пен п.ғ.к., доцент Г.Н. Жолтаеваның кездесуі.

 

К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Барышникова.

Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университетінің доценті Вася Делибалтова университеттің 40-жылдығына орай ұйымдастырылған «Еуразия кеңістігінде білім мен ғылымды ұштастыру

мәселелері мен перспективасы»

атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қонақтарымен

Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша факультет білімгерлерлері еліміздің, алыс және жақын шетел ЖОО-да білім алуда.

Шетелдік жоғары оқу орындарында «Педагогика және психология» мамандығының магистранты С.Мукашева, А.Алипбаева Варшава (Польша) университетінде,  «Педагогика және психология» мамандығының магистранттары А. Ибадилаева, Г.Исмаилова, С.Ким,«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті М.Зайцев Палатцк (Чехия) университетінде, «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті Қырықбай Ж. Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университетінде,«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс  студенті Махагонова Анастасия К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетіндедәріс алса, магистранттар  Ә.Нүрекенова мен Г.Джандарбекова Малайзияда MSU университетінде ғылыми машықтанудан өтіп келді. 

Академиялық ұтқырлық аясында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері жыл сайын білім алуда.

Факультет студенттері республикалық, облыстық, қалалық, университетшілік «Талдықорған шұғыласы», «Абай әлемі», «Әсет әндері», «Айтыс»т.б.с. сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.Факультет Қазақстан Республикасының серіктес ЖОО-мен ынтымақтастықта мақсатында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен «Білім берудегі инновация: мәселелері мен перспективалары», «12-жылдық мектеп жұмысында педагогикалық кадрларды даярлау» атты тақырыптарда  онлайн-семинар жүргізу дәстүрге айналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және этникалық психология кафедрасының профессоры Н.Қ. Тоқсанбаева, доцент  М.Н. Құнанбаевалардың ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсы бойынша факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамына көкейкесті мәселелер бойынша семинарлар өтілді.

Факультет оқытушыларының кәсіби біліктіліктерін жетілдіруі келісім шарттарға сай жүзеге асуда.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Тәрбие жұмысы факультеттің оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Жоспар мемлекеттiк жастар саясатының мақсат-мiндеттерi және принциптеріне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»Заңында белгіленгенжастар саясатының негізгі бағыттары мен  жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесуге сәйкес бекітілген  модульдерге сәйкес жүргізіледі.

Факультетте студенттерінің  бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, болашақ мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында факультетте  үйірме-клубтар мен шығармашылық топтар: «Жас журналистер» клубы, «Қызғалдақ» қыздар клубы, «Қызықты психология» клубы, «Қаршыға» домбыра ансамблі, «Фантазия» ти тобы, «Наз» вокалды квартеті, «Мөлдір» вокалды аспапты ансамблі, халықтық студенттік хор, «Жетісу» халық аспаптар оркестрі, Орыс  халық аспаптар оркестрі   жұмыс істеуде.

Факультет студенттері республикалық, облыстық, қалалық, университетшілік «Талдықорған шұғыласы», «Абай әлемі», «Әсет әндері», «Айтыс»т.б.с. сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Өнертану ғылымдарының кандидаты Р.К. Алсаитованың жетекшілігіменАстрахан қаласында өткен  «Голоса Золотой степи» халықаралық этнофестиваль-байқауында 3-курс студенті  Азат Дауыл 1- орын иеленсе, 2 курс студенті  Кадилжан Кайсар «Сольное народное пение» номинациясы бойынша  лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтілетін  Жоғары оқу орындары арасындағы республикалық  пәндік олимпиадаларында  мамандықтар бойынша құралған командалар үнемі жүлделі орындарға ие болуда.

2011-2012, 2012-2013, 2013-20141 оқу жылында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын  «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты ҮІІ, ҮІІІ, IX республикалық педагогикалық олимпиадаларының  І дәрежелі диплом жүлдегерлері команда жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сыдықова Б.Т.

 

«Қызықты психология»клубының ұйымдастыруымен  өткізілген кезекті  байқаулар мен дебаттар   

 

«Қызғалдақ» қыздар клубының  мүшелері

 

 

 

Облыс, қала көлемінде өтілетін мәдени іс-шараларға факультет студенттері белсене атсалысады.

Қала көлемінде өтілген мәдени-іс шаралардан көрініс

 Факультеттің материалдық-техникалық базасы:

Педагогика және психология факультеті  №3 оқу ғимаратында  (Қабанбай батыр, 27) орналасқан. Студенттердің кәсіби білімдерін жетілдіру мақсатында «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» ғылыми-зерттеу ортылығы, оқу зертханалары, вертуалды зертханалар,  интернет желісі (WiFi) орталықтандырылған электронды  ақпараттық жүйелер, үлкен концерттік зал мен дыбыс жазу студиясы заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image