ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136
Гуманитарлық факультет  деканы 
Рысбеков Қадыр Қойшыбекұлы 
философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Факультетте  білім беру лицензиясын иеленген 8 мамандық бар
Факультет мамандықтары
Бакалавриат
5В011400-Тарих мамандығы 
5В011900-Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығы
5В012100-Аударма ісі мамандығы
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы
5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы
5В050400-Журналистика мамандығы
Магистратура
6М011700-Қазақ тілі мен  әдебиеті мамандығы
6М011400-Тарих мамандығы
Докторантура
6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Тарих кафедрасы – университет іргесі қаланғаннан бастап құрылған алғашқы кафедралардың бірі. 1973 жылы 31 мамырда Талдықорған педагогикалық институтының құрамында марксизм-ленинизм кафедрасы атауымен ашылды. 
Тарих кафедрасында «Тарих және құқық», «Тарих және география», «Тарих, құқтану және экономика негіздері» мамандықтары дайындалған. 2004 жылдан бастап тек 011400 (5В011400) «Тарих» мамандығы бойынша білімгерлерді дайындайды. Біліктілік талаптарына сәйкес 050114 (5В011400) – Тарих мамандығын бітірушілерге «Тарих бакалавры» біліктілігі берілді. 
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына: 15 маман кіреді: 1 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, оның ішінде 3 доцент, 7 магистр.
2009 жылғы 1-қыркүйектен бері кафедра меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының кандидаты Е.О. Буланов атқарады.
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
Филология және журналистика кафедрасында қазіргі таңда 
2 ғылым докторы, профессорлар Т.С.Сыдықов, М.М.Иманғазинов, 
2 академиялық профессор М.К.Бисенқұлов, Э.В.Ли,  14 ғылым кандидаты, доценттер С.Қ.Қожағұлов, Қ.Б.Сарбасова, Ш.Ә.Қыяхметова, Д.С.Аңсабаев, М.Т.Жақыпбекова, Т.Д.Абжаков, Н.Ж.Сералиева, Б.Н.Есимкулов, Б.А.Әуелбекова,И.Г.Щербовских,
Л.А.Чалтикенова, Г.Т.Сырлыбаева, К.Ш.Жүнісбекова, аға оқытушылар М.Б.Құрманов, Т.Кәрім, 4 магистр Г.С.Сүлейменова, Д.Мүлік, Д.Б. Есімбекова А.Т.Сейдахмет, оқытушы Ү.Д.Өмірзақов
1 философия докторы PhD А.М.Рахимова, жұмыс жасайды. 
1998 жылы институттың «Қазақтану» және «Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі»  кафедралары қосылып, жаңа  «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы құрылды, оны 2002 жылға дейін ф.ғ.д., профессор Қ. Қалиасқарұлы, 2002-2006 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.д., профессор Т. С. Сыдықов басқарды. 2005 жылдан кафедра Қазақ филологиясы болып атауы өзгерді. 2006-2007, 2008-2009 жылдары кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ. Б. Сарбасова, 2007-2008 жылы кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Т. Д. Абжақов басқарды. 2009 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент Қожағұлов Сайлау Қажыбекұлы. 
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ  КАФЕДРАСЫ
Ағылшын тілі кафедрасы 1996 жылы қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің филология факультетінде құрылған.  Кафедра 15 жыл бойы 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»  білім бағдарламасы бойынша мамандар дайындауда. Ағылшын тілі негізгі тіл ретінде, ал екінші шетел тілі ретінде  неміс,  кәріс, қытай, түрік  тілдері оқытылады. 
2012 – 2013 оқу жылынан бастап «Аударма ісі» мамандығының қосылуына, 2014-2015 оқу жылында кафедра «Шетел тілдері» кафедрасымен біріктіріліуіне байланысты Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы атауы берілді. Кафедра меңгерушісі ретінде аға оқытушы, магистр Рустам Қайырбекұлы  Тұманбаев тағайындалды. Мамандықтар оқу-әдістемелік, заман талабына сай  мульти-медиялық құралдармен  жабдықталған. Білімгерлерге өздік жұмыс жасауға  Ресурс орталығы қызмет етеді.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image