ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Факультет деканы              

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы            

тарих ғылымдарының кандидаты

2001 жылдан І.Жансүгіров атындағы университетте деканның тәрбие, оқу ісі жөніндегі сұрақтар бойынша орынбасар қызметін, ал 2012 жылдан Гуманитарлық факультет деканы, 2015 жылы Мәдениет және өнер факультетінің деканы қызметін атқаруда.
Дене шынықтыру факультеті 1988 жылы құрылып, 2006 жылы Жаратылыстану және  дене шынықтыру факультетіне, ал 2008 жылы Мәдениет және өнер факультетіне ауыстырылды. Әрекеттері қазіргі заңнамалармен және ЖМУ Жарғысымен реттелетін Мәдениет және өнер факультеті университеттің білім беретін құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бүгінгі танда факультетте күндізгі және сырттай оқу түрінде «Бастапқы әскери дайындық», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» атты 4 мамандық бойынша 866 білімгер оқиды. Мәдениет және өнер факультеті құрамына 3 кафедра кіреді: «Бастапқы әскери дайындық», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және дизайн». Оларда 43 оқытушылар қызмет етеді, оның ішінде: 5 ғылым докторлары, 5 профессор, 8 ғылым кандидаттары, 7 доцент, 24 аға оқытушылар және 14 магистр. Факультет дәрістер мен іс-тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін арнайы бастапқы әскери дайындық, «Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері» мен «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс» пәндері бойынша кабинеттермен, кескіндеме, сурет және дизайн аудиторияларымен, ату тирімен, саппен жүру аланымен, бөгеттерден өту жолымен,  екі спорттық ойын залдарымен, тренажерлық залмен, гимнастикалық залмен, күрес және бокс залдарымен, стандарттық футбол аланы, ұзындыққа секіретін, гранат лақтыратын, жүгіретін секторлары бар стадионымен, Балқаш көлі жағасында орналасқан «Құлагер» атты жазғы сауықтыру лагерьімен, Қарабұлақ кентінде орналасқан 100 орындық коттедждегі «Қарлығаш» туристік базасымен қамтылған.

Факультетте спорттық-сауықтыру жұмыстарға, әлеуметтік белсінділікке, рухани байлыққа үлкен назар аударылады. Оған өткізген шаралар (жарыстар, көркемөнерпаздар байқаулары, ғылым, спорт және өнер салаларындағы атақты адамдармен кездесулер және т.б.) үлес қосады.

Ғылыми зерттеулер біздің мемлекетіміздегі және нақты біздің аймақтағы мәдениет және өнер салаларындағы гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, жаратылыстану, техникалық өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған:

  • оқу-тәрбиелік үрдіске өз және пайдаланған шығармашылық жұмыстар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін еңгізу;
  • біріккен шараларды, көрмелерді  жақын шетелдегі жоғары оқу орындармен, жоғары оқу орындарына дейінгі, кәсіби даярлық мекемелермен, шығармашылық қоғамдық ұйымдармен,  қорлармен ұйымдастыру арқылы білімгерлердің шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
  • алдынғы қатарлы ғылыми-педагогикалық жоғары оқу орындарыаралық тәжірибені жинақтау;
  • бастапқы және негізгі мектеп оқушыларының дене шынықтыру мен қимыл даярлықтары деңгейің зерттеу;
  • орта және жоғары мектеп оқушыларының дене шынықтыру тәрбиесіндегі денсаулықты сақтау жүйесіндегі инновациялық-шығармашылық технологиялар;
  • жалпы білімберу мектептерінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі педагогикалық жағдайлары;
  • жаттығулар кезіндегі әскери қызметкерлер мен спортсмендердің дене шынықтыру  жағдайларының мониторингі.

Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиясында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру деген міндетті республика дамуындағы алғашқы жеті ұзақмерзімді басымдылықтың біреуі деп белгілеген. Факультет қалаған ғылыми бағыттары мемлекет басшысы, білім және ғылым министрі, ЖМУ ректоры ерекше назар аударған тәрбие жұмыстары бағыттарына үндес екенің атап айтқанымыз жөн. Ол келесі бағыттар:

  • қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
  • ұлтаралық қатынастырды нығайту;
  • дінге деген көзқарас;
  • құқықбұзушылықтың алдын алу;
  • рухани құндылықтарды дамыту.

Әр жылдары халықаралық және республикалық жарыстарда,  Қазақстан Республикасы, Азия, Әлем және Олимпиадалық ойындарда әртүрлі  спорттық аландарда жүлдегерлер мен женімпаздар болған оқытушылар мен білімгерлер факультеттің мақтанышы болып отыр. Жиырма бес жыл ішінде факультет мыңнан астам жоғары педагогикалық білімі бар мамандарды даярлады. Біздің көптеген түлектеріміз білімберу, мәдениет, спорт жүйелерімен қатар мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, қарулы күштер органдарында, кедендік қызметте және басқа да қоғамдық өмірдің салаларында Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет елде де жемісті жұмыс атқарып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттау орталығының (ҰАО) өткізген бакалавриат мамандықтары бойынша білімберу бағдарламарын іске сәтті асыру рейтинг нәтижесі бойынша факультеттің «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ІІІ орынға, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы ҮІ орынға иеленді.

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Ратаев Ардан
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Айдарханов Аян

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image