ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Жалпы мағлұматтар

Физика-математика факультетінің ірге тасы 1973 жылы Талдықорған педагогикалық институтында құрылды және қазіргі кезде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің негізгі факультеттерінің бірі.

Құрылған күннен бастап қазіргі күнге дейін факультет даму үстінде. Соңғы жылдары факультетте білім алатын студенттер саны арта түсті. Сондай-ақ жаңа ғылыми-зерттеу бағдарламалары пайда болып, жылдан-жылға саны артуда, материалдық базасы да кеңеюде. Білімгерлер таңдаған бағыты, мамандығы бойынша кредиттік технология бойынша сапалы білім алып, іргелі пәндердің жаңа бағыттарында ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктеріне ие болып отыр.

Физика-математика факультетінің ұжымында білім беру процесінде және заманға сай ғылыми зерттеу жұмыстарының даму жолында көптеген жоспарлары бар. Профессор-оқытушылар құрамының осы жоспарларды орындау жолында жеткілікті мүмкіндіктері бар.

Факултеттің негізгі мақсаты – іргелі ғылымдар аймағы бойынша жоғары дәрежелі мамандарды даярлау.

Негізгі миссиясы – азаматтық жауапкершілігі бар, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындау. Бұл миссияны жүзеге асыру үшін заманауи технологиялар мен бағдарламаларды меңгерген, ғылыми-педагогикалық және зерттеушілік дағдыларын бойларына сіңірген әлеуметтік жауапкершілігі зор және еңбек нарығында әлемдік талаптарына сай кәсіби мамандар даярлауда жатыр.

Факультет әкімшілігі

Физика-математика факультетінің деканы

Қыдырбаева Ғалия Тұрысбайқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты

телефон: 8 728 225 46 81   қос. 2233

kidirbaeva @gmail.com

 

 

Факультет  деканының  орынбасарлары
  • Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жиембаев Ж.Т.,  п.ғ.к.,Ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
  • Деканның ғылыми және кәсіби бағдар беру жұмыстары жөніндегі орынбасары Хаймулданов Е.С., п.ғ.м.,Информатика және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы
Оқу жүйесі және тәрбие жұмыстары
Факультетте жоғары білімді мамандарды даярлау көп сатылы оқу жүйесі бойынша жүргізіледі:
  •  Бакалавриат;
  • Магистратура.

Факультет төрт кафедрадан тұрады:

  • Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
  • Физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
  • Ақпараттық технологиялар  кафедрасы
  • Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
 
Физика-математика факультетінің «Математика», «Физика», «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» бакалавр мамандықтары және «Математика», «Информатика» магистратура мамандықтары 2011 жылы еліміздегі педагогикалық мамандықтар арасында бірінші болып Халықаралық аккредиттеу ACQUIN (Германия) агенттігінен аккредитациядан өтті.

 

    

    

Қазіргі таңда факультетте 55 оқытушы мен профессорлар білім беруде.

· ғылым докторлары (т.ғ.д., ф.-м.ғ.д., п.ғ.д., PhD) – 7

· ғылым кандидаттары (т.ғ.к., ф.-м.ғ.к., п.ғ.к.) – 20

· магистрлер (педагогика ғылымдарының магистрлері, білім магистрлері) – 29

Факультет өзінің жұмыс істеу мерзімінде «Математика», «Физика», «Математика және физика», «Физика және математика», «Математика және информатика», «Физика және информатика», «Қолданбалы математика», «Математика, физика және химия», «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша 10000-нан астам жоғары білімді мамандар дайындап шығарды. Бітірушілердің көпшілігі Талдықорған өңірі мен Алматы облысында, сондай-ақ республика аймағында орта және арнаулы орта оқу орындарында, жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс атқарады, сонымен бірге Талдықорғанның, Астананың, Алматының және республика бойынша әр түрлі кәсіпорындарында, есептеу орталықтарында және басқару аппараттарында қызмет істейді. Сондай-ақ,  факультет алыс және жақын шетелдерге қазіргі нарықтық қатынастарға сай мамандар дайындайды

 

 

Факультетте «Білімгер» студенттік газеті белсенді түрде шығарылып тұрады. Газет шығарумен білімгерлер айналысады. Әр білімгер газетте мақаласын жаза алады.

 

Кітапханадағы электронды зал Интернет желісіне қосылған.

Университет «Жасыл ел» Жастар еңбек жасақшыларының ұйымдастыруымен өткен «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты экологиялық сенбілікте факультет білімгерлері әрқашан алдыңғы қатарда.

Сонымен қатар факультет білімгерлері университеттегі «өзін-өзі басқару» апталық акциясының көшбасшысы болып саналады.

Жыл сайын факультет университет оқытушылары арасында «Көңілді сайыстар» спорттық жарыстарын өткізеді.

5. Ғылыми-зерттеу қызметтері.

Гранттық қаржыландыру  негізінде 2011-2014 уақыт аралығында «Сравнительный анализ и мониторинг загрязнения атмосферного воздуха, почв, вод в антропогеннонарушенной буферной зоне в условиях заповедного режима Жонгар-Алатауского, Алтынемельского Национальных природных парков», 2012-2014 уақыт аралығында «Исследование адаптивных методов построения тестовых систем с последующим проектированием многофункциональной адаптивной системы онлайн тестирования», 2012-2014 уақыт аралығында «Исследование физико-химических закономерностей солеобразования  воды  озера Балхаш и влияние на него реки Или» ғылыми жобалары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Математика және механика» институтының іргелі  ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша «Исследование решения краевых задач для систем дифференциальных уравнений, сингулярно возмущенные краевые задачи для обыкновенных и интегродифференциальных уравнений» жобасыорындалыпжатыр.

Ұлттық ақпараттандыру  орталығының іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша “Внедрение системы электронного обучения в организациях среднего и технического профессионального образования” жобасы орындалуда.

Факультеттің барлық кафедраларында студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмедегі студенттердің ғылыми жұмыстары республикалық конкурстарға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталынуда. Факультетте оқу үрдісінде пайдалынатын 7 физикалық лабораториялық бөлме, 1-«Математика және математикалық білім» лабораториясы, 1- виртуалды оқыту лабораториялық бөлмесі және 5 компьютерлік класс бар.

    

Факультет негізінен білім беру жүйесінің мамандарын дайындайтындықтан қала мен облыстың мектептерімен тікелей байланыста. Бұл байланыс әдетте мектептерде қосымша сабақ беретін, кіші академияның жұмысына қатысатын оқушыларды дайындайтын, ғылыми констультанттар, мектеп мұғалімдерінің кандидаттық диссертацияларына ғылыми жетекші болып істейтін, пәндік олимпиадалардың әділ қазылар алқасына мүше болатын, сол сияқты кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізетін мұғалімдер арқылы іске асырылады.

6. Факультеттің ішкі және сыртқы байланысы

Еліміздің,  алыс және таяу шетел мемлекеттерінің ірі ЖОО-мен ғылыми байланыстар жүргізілуде:

-          Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті;

-           Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

-           Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

-           Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институты;

-          Қазақстан Республикасының ғылым академиясының институттарымен байланыс дамуда,

-          Иоффе атындағы Россия ғылым академиясының физика техникалық институты (Санкт-Петербург қаласы);

-          Россия ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің математика институты (Новосібір қаласы);

-           Новосибир мемлекеттік техникалық университеті;

-          Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті (Украина, Киев);

-          Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институты;

-          Лодзи техникалық университеті (Польша Республикасы);

-          Internationale Akademie fϋr Management und Technologie (Германия),

-          Czech University of Life Sciences Prague (Прага),

-          Афина техникалық институты (Греция),

-          Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті (Ресей, Курск),

-          Рига техникалық университеті (Латвия).

7. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша факультет білімгерлерлері еліміздің, алыс және жақын шетел ЖОО-да білім алуда. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 5В011100-«Информатика» мамандығының студенті С.Ханин Uniwersytet Warszawski (Польша, Варшава) университетінде, Пенсильвания Стэйт Юниверсити (Pennsylvania State university) университетінен Дагилова Камила, 5В011000-«Физика» мамандығының студенті С.Конакбаева Латвия техникалық университетінде (Рига), 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті С.Еренғайыпов Czech University of Science (Чехия) университетінде білім алып қайтты. Осы 2014-2015 оқу жылында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының арнай топ студенттерін –  ИСС 311 тобының студенті Слямқызы Д., ИСС 211 тобының студенттері Абжаков А. және Кабдуалиев Д. Чехия агротехникалық университетіне (Чехия), «Физика» мамандығының ФҚ 411 топ студенті Қуатбек А.  (АҚШ) сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша жіберу жоспарланып отыр.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінен «Ақпараттық жүйелер» мамандығында Ә. Нұртасқызы, Г.Кеңесбек, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтына «Информатика» мамандығының студенті Д.Алдабергенов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Математика» мамандығының студенті  Е.Минали барып, білім алып келді. 

    

  

Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бойынша шетелдің ЖОО-нан ғылым докторлары, профессорлары магистранттар, білімгерлерге дәріс оқуда.Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінен ф.-м.ғ.д., профессор А.Н.Станжицкий, п.ғ.д., профессор О.В.Плахотник, Czech University of Life Sciences Prague университетінен PhD Милош Ульман, Ресей, Курск, Оңтүстік-Батыс университетінен ф.-м.ғ.д., профессор В.П.Добрица дәріс оқып, тәжірибелермен алмасты.

Әр оқу жылына факультет еліміздің және шетелдердің ЖОО-нан магистранттарға, білімгерлерге дәріс оқу үшін ғалымдарды шақыруды жоспарлап отырады.

    

  

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image