ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі өз жұмысында "Мемлекеттік сатып алу" туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 Заңын басшылыққа алады.

Құрылымдық бөлімшенің бастығы:Әмірова Райхан Әзімбайқызы

Телефон:8(7282) 22 – 00 – 66

E – mail: goszakup@vuz – zhgu.kz

Бөлімшенің құрылымы:

1)    Бөлімшенің бастығы

2)    Экономист

3)    Сарапшы

4)    Маман

 Жоспарлау және мемлекеттік сатып алубөлімінің қызмет аясы:

Бөлімінің стратегиялық мақсаты:

1.            Студенттердің оқуына және оқытушылардың жұмыс жасауына оңтайлы жағдайлар жасау. Кітапханалық қорды толықтыру, безендіру-жөндеу жұмыстарын жүргізу, студенттер мен оқытушыларды спорттық мүлікпен, оқу материалдарымен, техникалық құралдармен, жиһазбен, қажетті зертханалық жабдықтармен қамтмасыздандыру.

2.            Университеттің оқу-зертханалық базасын дамыту. Оқу-зертханаларды сатып алу. Үстел, орындықтар, шкафтар, стеллаждар, кереуеттер, асхана үстелдерін, орындықтар мен парталарды, кереуеттік тумбаларды және тағы басқа да жиһаздары сатып алу.

3.            Оқытудағы техникалыық құралдарды дамыту. Компьютерлер, көшіргі аппараттар, сканерлер, интерактивті тақталар, ноутбуктар, серверлік шкафтар, сезгіш планшеттер сатып алу және де лицензиялық бағдарламалармен қамсыздандыру, сонымен қатар негізгі құралдарға сервистік қызмет көрсету.

4.               Ғылыми-техникалық ақпараттың қажеттілігін қанағаттандыру үшін дүниежүзілік және отандық ғылымның қазіргі табыстары туралы ақпараттармен оқытушыларды және  студенттерді қаматамасыздандыру. Кітапханалық қорды жаңартып отыру.

5.          Жалпыға міндетті, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық мамандықтарға, техникалық ғылыми және технология бойынша, мамандық бойынша, құқық және құқықтану, өнер, ғылыми және бизнеске арналған оқулықтарды сатып алу.

6.          Оқытушылар мен студенттердің шығармашылық даму жағдайын қаматамасыздандыру, оқу ғимараттарының, дәрісханалардың, жатақхана және оның ауласында, кітапханада, спорт бөлмелерінде және стадионда жөндеу және безендіру жұмыстарын жүргізу.

 Жоспарлау және мемлекеттік сатып алубөлімінің негізгі мақсаты мен қызметінің міндеті:

·        Университеттің мемлекеттік сатып алу аясындағы негізгі бағыты мен саясатын құру.

·        Мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау, тауар сатып алу, қызмет көрсету деңгейін көтеру;

·        Университеттің материалдық және басқа да құндылықтарын тиімді және оңтайлы қолданылуын қадағалау және талдау.

·        Мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік ұйымдар және басқа да   ұйымдар мен жеке тұлғалар алдында университеттің мүддесін ұсыну.

Мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің негізгі атқаратын қызметі:

-        Құрылымдық бөлімшелердің материалдық қажеттіліктерге өтінімдерін қарастыру.

-        Қаржылық жылға сәйкес жоспарды әзірлеуге қатысу.

-        Қаржылық жылға сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну.

-        Мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының заңыны сәйкес жүзеге асыру.

-        Мемлекеттік сатып алу барысында Университетпен жасасқан шарт бойынша міндеттеменің орындалуын қадағалау.

-     Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің құжатық іс-қағаздарын жүргізуде, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңының сақталуын қадағалау.

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу өзінің қызмет аясында келесідей қызметтерді атқарады:

-Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін дайындау.

-     Мемлекеттік сатып алуда конкурспен өткізілетін құжаттарды қосымшалармен әзірлеу.

-     Университеттің интернет-қорында және мемлекетттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды орналастыру.

-     Мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылатын шарттарды дайындау және шарт жасасу.

-     Мемлекеттік сатып алу веб-порталында шарт тізіліміне орналастыру.

-     Университеттің интернет қорында конкурстық құжаттарды алған, конкурсқа қатысуға ұсыныс берген, баға және т.б. ұсыныстар жасаған өнім берушілерді тіркеужәне тіркеу журналын жүргізу.

Бөлімнің стратегиялық бағыты университеттің материалдық-техникалық негізін дамыту болып табылады.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Ратаев Ардан
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image