ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы Д.А. Турсынбаева, магистр, аға оқытушы. 

1973 жылы Талдықорған қаласында тұңғыш рет ашылған бірден-бір жоғарғы оқу орны – Талдықорған педагогикалық институты студенттер қабылдап, өз жұмысын бастады. Алғашқы кезде ол - физика-математика және филология - екі факультеттен құралды. Физика-математика факультетінде физика және математика кафедралары ұйымдастырылды.

Физика кафедрасының бірінші меңгерушісі болып, 1967 жылы Москваның физика-техникалық институтын, содан кейін осы институттың аспирантурасын бітіріп, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған Базар Ќабдошұлы Дамитов істеді. Бұл кезде кафедра құрамында Алматыдан КазПИ-дің аспирантурасын бітірген Пошанова Дүйсегүл мен Новосибирск университетін бітірген Геффель Александр ғана болды.

1974-1976 жылдары кафедраға Алматыдағы КазГУ-ден физика-математика ғылымдарының кандидаты Сақыбаев Разах пен Ленинградтан аспирантура бітіріп, кандидаттық диссертация қорғаған Ағұлықов Айдар, Томск университетінің түлегі Крамер Петр, Талдықорғандағы мектеп-интернаттың тәжірибелі мұғалімі Серғазин Тілеубек, Алматыдан Абай атындағы КазПИ-дің аспирантурасын бітіріп Намазбаев Ќанабек, Новосибирск университетінің түлегі Гельверт Андрей келіп қосылды.

Кафедраның алғашқы екі-үш жыл ішінде оқу ісіндегі атқарған жұмыстары орасан зор болды. Осы аралықта біртіндеп механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика және атомдық физика, астрономия зертханалары, физиканы оқыту әдістемесі, оқытудың техникалық құрал-жабдықтары кабинеттері құрылды. Бұл зертханалардың материалдық-техникалық негізін Кеңес Одағы мен Республикамыздың М.В. Ломоносов атындағы ММУ, С.М. Киров атындағы ҚазМУ, Ќарағанды университеті сияқты орталық оқу орындарынан көмек ретінде келген аспаптар мен құрал-жабдықтар құрады.

1977 жылы кафедраға жас мамандар Абдіғалымов Елтай, Тоқарбаев Темір келіп қосылды. Осы жылдың жазында институттың алғашқы түлектері бітіре бастады.

1978 жылы физика кафедрасы екіге бөлінді: теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасын Жамбыл қаласындағы Технологиялық институттан келген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Жапаров Жомарт, ал жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасын Алматы ядролық институтынан ауысқан физика-математика ғылымдарының кандидаты Нүрпеисов Жамбыл меңгерді. Бір жылдан кейін Ж. Нүрпеисовті бұрын КазМУ-де істеген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұманов Кеңес ауыстырды. Бұдан кейін кафедралар бірнеше рет қайта құрылды. Әр жылдары теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасын Сақыбаев Разах (1979-1984, 1986-1990), Иконников Владимир (1984-1986), Қожамқұлов Болатхан (1991-1996); физика кафедрасын – Жәнібеков Елгелді (1981-1983), Оразалиев Өтеген (1983-1988), Рахымбеков Айтбай (1989-1996); физика-математикалық пәндер әдістемесі кафедрасын - Абдіғалымов Елтай (1987-1989), Намазбаев Ќанабек (1995-1996). 1996 жылы үш кафедра бірігіп «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» деп қайта құрылды, оны Рахымбеков Айтбай (1996-1998), Намазбаев Қанабек (1998-2004, 2008-2011), Шакенов Манат (2004-2006), Қалжанова Гүлмира (2006-2008), Шакенов Манат (2011-2012), Исаева Светлана Касымовна (2012-2014) меңгерді. 2014 жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарушысы Д.А. Турсынбаева тағайындалды.

Кафедра тарихындағы ерекше атап өтетін нәрсе кафедраның бұрынғы меңгерушілері Б.К. Дамитов пен Ж.Ж. Жапаров кейін физика-математика факультетінің деканы, проректор және ректор дәрежелеріне көтеріліп, жауапты міндеттер атқарды.

Осы уақытқа дейінгі аралықта кафедра мамандарының саны жағынан да, сапасы жағынан да өсті. Егер алғашқы жылдары кафедрада 2-3 ғылым кандидаттары ғана істесе, қазіргі кезде олардың саны 8. Әсіресе жас оқытушылардың өсуіне кафедра факультет, университет тарапынан ұдайы жағдайлар жасалынып отырылады. Осының нәтижесінде жас оқытушылар Ќазақстан Республикасы мен Кеңес Одағының басқа республикаларының орталық қалаларындағы оқу орындарында аспирантура бітіріп, кандидаттық диссертациялар қорғады, оның ішінде: әр кезендерде Алматыға Ќожамкулов Б.А., Мальтекбасов М.Ж., Киевке Абдіғалымов Е.Ш., Ленинградқа Рахымбеков А.Ж., Тоқарбаев Т.Т., Шакенов М.Б., Мурадов А.Д. аспирантураа жіберілді. Кейін осы аталғандардың барлығы да ғылым кандидаттары болды және доцент атағына ие болды.

Кафедраның көптеген оқытушылары кандидаттық диссертацияларын ізденуші болып қорғады: Акитай Б.Е., Құлтасов К.А., Андасбаев Е.С., Исаева С.Қ., Пошанова Д.П., Калжанова Г.К., Филько С.А., Есенғабылов И.Ж.

2011 ж. Андасбаев Е.С. техника ғылымдарының докторы ғылыми атағын алды.

Физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгеруші қызметін атқарушы Д.А. Турсынбаева, ядролық физика магистрі, аға оқытушы. 2008 жылы бакалавриатты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінің «Физика» мамандығын бітірді. 2012 жылы магистратураны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің «Ядролық физика» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылдан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің физика-математика факультетінің, физика және ФОӘ кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.

18 ғылыми мақаласы бар. «Физические методы исследования биоэлектрических потенциалов и функциональных состояний человека»атты ғылыми жоба жетекшісі. 2012 жылы жастар арасында ең үздік ғылыми жұмысы үшін республикалық байқауда 3 орынмен, 2013 жылы «Жастар көзқарасы 2013» республикалық жастар әлеуметтік байқауында 3 орын алды. 2014 жылы профессор Е.С. Андаспаевпен студенттерге ғылыми жетекшілікпен Қуатбек Арай және Сулейменов Ержан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесі – «Болашақтың ғалымдары» атты Республикалық конкурста үздік ғылыми жұмысы үшін дипломмен және медальмен марапатталды.

  

 

Қазіргі кезде физика және ФОӘ кафедрасында 11 оқытушы, 3 аға лаборант, 1 оқу ісінің шебері және 1 кафедра лаборанты жұмыс істейді. Профессор-оқытушы құрамында бір техника ғылымдарының докторы, 5 ғылым кандидаты: олардың екеуі академиялық профессор, бес доцент, екі аға оқытушы және үш оқытушы бар.

Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы  т.ғ.д., профессор, Намазбаев Қанабек Таубекұлы п.ғ.к., доцент, ак.профессор, Сакибаев Разах Сакибаевич ф.-м.ғ.к., доцент, ак.профессор, Қалжанова Гүлмира Кеңесқызы ф.-м.ғ.к., доцент, Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы  п.ғ.к., доцент, Филько Светлана Анатольевна ф.-м.ғ.к., доцент, аға оқытушылар - Сакибаева Бела Разаховна, информатика магистрі, Турсынбаева Динара Ахметовна, ядролық физика магистрі, оқытушылар – Тулегенова Дарина Төлешқызы, математика магистрі, Тулендинов Талғат Бағдатұлы, физика магистрі, Тулегенов Дамир Төлешұлы, информатика магистрі, Кастеева Гульмира Далелхановна, информатика магистрі.

Сапалық  көрсеткіші 55% құрайды

Кафедрада жалпы физикадан 7 оқу зертханалары бар: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, кванттық физика, мектеп экспериментінің техникасы мен әдістемесі, астрономия. Олардың барлығы да жаға құрал-жабдықтармен және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде зертханалық жұмыстардың әдістемелік өңдемелерімен қамтамасыз етілген.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары:

2012 жыл: «Исследование физико-химических закономерностей солеобразования  воды  озера Балхаш и влияние на него реки Или» ғылыми жоба жетекшісі Е.С. Андасбаев

2012 жыл:«Сравнительный анализ и мониторинг загрязнения атмосферного воздуха, почв, вод в антропогеннонарушенной буферной зоне в условиях заповедного режима Жонгар-Алатауского, Алтынемельского Национальныхприродныхпарков» ғылыми жобаны орындаушы Е.С. Андасбаев

2012 жыл: «Исследование адаптивных методов построения тестовых системс последующим проектированием многофункциональной адаптивнойсистемы онлайн тестирования» ғылыми жобаны орындаушы Е.С. Андасбаев

2013 жыл:«Метод кинетической силы в численном моделировании динамики разреженного газа»ғылыми жобаны орындаушы С.А.Филько.

2013 жыл: «Разработка тренинга «Нейролингвистическое программирование – как инструмент повышения

эффективности преподавания», ғылыми жоба жетекшісі Филько С.А.

2013 жыл: «Физикалық приборлар мен қондырғыларды және техникалық модельдерді конструкциялау және дайындау», ғылыми жоба жетекшісі Намабаев К.Т.

2014 жыл: «Физические методы исследования биоэлектрических потенциалов и функциональных состояний человека», ғылыми жоба жетекшісі Турсынбаева Д.А.

2014 жыл: «Исследования влияния электронного облучения на электрические свойства диэлектриков», ғылыми жоба жетекшісі Тулендинов Т.Б.

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image