ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Математика кафедрасы 1973 жылы құрылған және Талдықорған педагогикалық институтындағы физика–математикалық факультетінің  алғашқы кафедраларының бірі болған.    2008 жылы кафедра математиканы оқыту әдістемесі кафедрасымен бірікті. Отыз жылдан астам ішінде кафедра мамандарының сапалық көрсеткіштері анағұрлым өсті.   Қазіргі кезде кафедрада 13 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 3 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 6 математика магистрі бар. 

Кафедра меңгерушісі –пед.ғ.к., профессор Қожашева Гульнар Оналбаевна

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүреді:

1.  Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер

Бұл бағыт бойынша профессор, ф.-м.ғ.д. Бопаев К.Б., профессор, ф.-м.ғ.д Нургабыл Д.Н., аға оқытушылар: С.Слямжанова, А.Т.Жунусова, Д.Б.Тойбазаров, Г.Ш.Окпебаева, оқытушы К.С.Нурпеисов, магистранттар: С.Есжанова,  Г.Молдакулова, Бектегенқызы Д., Артыкбаев Б.Б., Ескендиров Б.Н., А.Калибай, Киса М., Буланов М. айналысады.   2010-2011 оқу  жылында осы бағытта жұмыс жасайтын доцент Д.Н. Нургабыл докторлық диссертация, аға оқытушы С.С.Слямжанова кандидаттық диссертация, магистранттар Г.Ш.Окпебаева, Л.Татиева, А.Бейбитбаева, Д.Тулегенова магистерлік диссертацияларын қорғады.

2.  Болашақ математика пәні мұғалімдерін дайындаудың өзекті мәселері

Бұл бағыт бойынша зерттеу жұмыстарын  пед.ғ.д., профессор Нугусова А.Н., профессор, пед.ғ.к. Кожашева Г.О., профессор, пед.ғ.д. Сеитова С.М., доцент, п.ғ.к.Тасболатова Р.Б., магистранттар Р.Е.Байжуманова, А.Акжолова, А.Нурахметова, С.Гусенова, Д.Алишеров, Б.Бейбитов жүргізеді.   2010-2011 оқу  жылында осы бағытта жұмыс жасайтын доцент  С.М.Сеитова докторлық диссертация қорғады.

3.  Алгебра және логиканың өзекті мәселелері

Зерттеу жұмыстарын бұл  бағыт бойынша доцент, ф.-м.ғ.к Омаров Ж.А., магистранттар К.Турганбаева, Б.Байтаракова орындайды. 2010-2011 оқу  жылында осы бағытта жұмыс жасайтын магистрант А. Санкайбаева   магистерлік диссертация қорғады.

Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы мамандарды оқытудың күндізгі, сырттай түрлері және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша дайындайды.

Кафедраның оқытушылары және білімгерлері халықаралық конференцияларға, олимпиадаларға, ғылыми семинарлар мен конкурстарға белсене қатысады және жүлделі орындарға ие болады.  2010-2011 оқу жылы мамандықтың студенттері мен магистранттары «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты  ІІІ Республикалық ғылыми-практикалық   конференцияға қатысты,    411МР тобының студенті Гмыза Дмитрий бірінші жүлделі орынға ие болды. Кафедра Новосибирсктегі мемлекеттік техникалық университетімен, И.Раззаков атындағы Қыргыз   техникалық университетімен,   Өзбекстандағы Гулистон Давлат Университетімен, Санкт-Петербургтегі мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыс институтымен тығыз ғылыми байланыста жұмыс жүргізеді. Университеттің математика кафедрасының профессоры  Окай Челе бей замануи математикасының өзекті мәселелері бойынша семинар өткізді.   (Туркия Республикасы, Стамбул қ.).  

«050109 - математика» және «6N0109 математика» мамандықтары 2011 ж. қазан айында арнайы аккредитацияны  ACQUIN халықаралық агенттігінде өтіп, мамыр айында сертификатын алды. 

  

Кафедра мамандарды келесімамандықтарға дайындайды:

5В010900  Математика

6М010900 Математика

Соңғы жылдары кафедрада  7 оқу құралы жарық көрді. Авторлар - К.Б.Бопаев, Г.О.Кожашева, Нугусова А.Н., Е.В.Ескендирова.

Оқытушы «Внутренний аудит СМК в сооответствии с требованиями МС ИСО 9001:2008» атты семинарға қатысып, сертификат алды(Г.О.Кожашева).  

1 оқытушы қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеру үшін үйретуші семинарға қатысып, сертификат алды(Г.Ш. Өкпебаева). 

«Математика» мамандығының түлектері біздің аймақтың ЖОО-да, мектептерінде жұмыс атқарады. Біздің кафедраның жоғары жетістіктерге жеткен түлектерінің бірі:

Е.Ж.Смагулов– педагогика ғылымдарының докторы, доцент
 

М.К.Байжұманов- физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

 

 

Л.Жапсарбаева– Еуразиялық Ұлттық Университетінің PhD докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты

 

Тасболатова Р Б.  педагогика ғылымдарының кандидаты, математика және МОӘ кафедрасының доценті

 

«Математика» мамандығының түлектері оқуын бейімдік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада жалғастыруына болады, 2013-2014 жылы 15 магистрант оқиды.

2013-2014 оқу жылында аға оқытушысы Г.Ш.Окпебаева  "оқытушы 21 ғасыр" атты республикалық конкурсында гран-при жеңді.

 

 

 

 

 

 

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Айдарханов Аян
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image