ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

«Жаратылыстану-техникалық» факультеті 2012 ж. құрылды. 

Жаратылыстану –техникалық  факультетінің деканы 

Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы

техника ғылымдарының докторы, физика және ФОӘ кафедрасының профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (МАИН), Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі. 

Телефон:22-27-35

Элетрондық почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Факультет құрамында 3 кафедра жұмыс істейді: «Жаратылыстану пәндер кафедрасы», « Техникалық пәндер кафедрасы», «Кәсіптік оқыту». Бұл кафедралардың барлығы да бітіруші кафедралар:   

- «Жаратылыстану пәндер кафедрасы»-кафедра меңгерушісі биология  ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Оксикбаев Б.Қ. Кафедра 5В011200-«Химия», 5В011300-«Биология»  5В011600 – «География», мамандықтары бойынша бакалавр дайындайды, ;                                

- « Техникалық пәндер кафедрасы» - кафедра меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, доцент Қанағатов Ж.Ж.. Кафедра 5В060800 – «Экология», 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология»  мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды.               

- «Кәсіптік оқыту» - кафедра меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Рахимбеков А.Ж. Кафедра 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бакалавр және магистрларды, мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: әлемдік білім беру, ғылым және ақпараттық интеграция жағдайында жаңа генерациядағы жоғары кәсіби, адамгершілік сапаға ие тұлғалы кадрлық және ғылыми ресурстармен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Негізгі миссиясы – азаматтық жауапкершілігі бар, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындау.

Қазіргі таңда факультетте 51 оқытушы мен профессорлар білім беруде.

 ғылым доктор ( ф.-м.ғ.д.,) – 1

ғылым кандидаттары (б.ғ.к., г.ғ.к.,т.ғ.к., ф.-м.ғ.к., п.ғ.к.) – 24

магистрлер (педагогика ғылымдарының магистрлері, білім магистрлері) – 21

аға оқытушы - 5

Факультете  оқытушыларының ғылыми дәрежелігі 50%.

Ғылыми-зерттеушілік қызметі

Факультете кафедра бойынша Қазақстан Республикасы үшін ғылыми зерттеу, инновациялық қызметтердің басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындалады.

1. ҚР БҒМ 2011-2014 жж. арналған «Балқаш көлі суында қалыптасқан тұздың физико-химимялық заңдылықтарын және оған Іле өзенінің әсерін зерттеу» атты грант негізіндегі жобасы. Жетекші орындаушысы – Джетимов М.А.

2. ҚР БҒМ 2011-2014 жж. арналған «Жоғары білікті спортшылардың психофизиологиялық жағдайын бақылау және кәсіби іріктеудің әдістерін жасау» атты грант негізіндегі жобасы. Жетекшісі Джанкулдукова А.Д.

3. 2012 жылы ректордың «Инновация» гранты негізінде  кафедраның «Алматы облысы аймағындағы шегірткелер (фаунасы, экологиясы, зияндылығы) және олармен күрес шараларын жетілдіру» атты жобасыжеңіп шыққан. Жетекшісі Акмуллаева А.С.

4. Коосор кенорны мен Алакөл қазаншұңқырындағы емдік батпақтар құрамындағы биологиялық белсенді заттардың адам денсаулығына әсерін зерттеу.

5. Жетісу жануарлары мен өсімдіктерінің биологиялық алуатүрлілігін зерттеуде кафедра оқытушылары табиғи орта компоненттеріне өнеркәсіптік лас заттардың әсерін экологиялық бағалауды зерттеу бойынша бөлімін орындайды. Зерттеліп жүрген аймақтың флорасы мен фаунасының әралуандылығын зерттеуді жалғастыруда.

6. Салыстырмалы анализ топырақ ластануының мониторингі, Алтынемел  МҰТС  су және атмосфералық ауа  қорықтағы  ережелері    бойынша жүргізіледі;

7.Салыстырмалы анализ топырақ ластануының мониторингі,  Жоңғар Алатауы  МҰТС  су және атмосфералық ауа, биоалуантүрлілік қорықтағы  ережелері    бойынша жүргізіледі;

8. Ұлттық бақтардың экожүйесiнде туристтiк – рекреациялық  қызметін Алматы облысындағы  Алтынемел және Жоңғар МҰТС әсерiн геоэкология бағалау;

9. Алматы облысының сорбенттерiн су сапасын   жоғарылату үшін  қолдану.         Факультеттің барлық кафедраларында студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмедегі студенттердің ғылыми жұмыстары республикалық конкурстарға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталынуда. 2014 жылдың наурыз айында Химия мамандығының білімгерлері республикалық пән олимпиада жүлделі 2-орын алып келді, жетекшісі Джетимов М.А. Факультетте оқу үрдісінде пайдалынатын 7 мамандырылған  лабораториялық бөлмесі бар. Лабораториялар қазырғы заманауи құралдармен жабдықталған

Факультеттің ішкі және сыртқы байланысы

Еліміздің,  алыс және таяу шетел мемлекеттерінің ірі ЖОО-мен ғылыми байланыстар жүргізілуде:Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Варшава университеті (Польша Республикасы); Латвия университеті (Латвия); Прага университеті (Чехия Республикасы);София университеті (Болгария Республикасы);

 Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша факультет білімгерлерлері еліміздің, алыс және жақын шетел ЖОО-да білім алуда. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша  5В073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының студенті  Динислан Д., Чехия агротехникалық университетіне(Чехия),5В011300-«Биология»  мамандығының студенті  Шойбекова А.,Uniwersytet Warszawski (Польша, Варшава) университетінде білім алып қайтты.  Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтына Какенова А., Даривхан А., 5В011300- « Биология» мамандығының студенттері білім алып кетті.                                                                                                         Осы 2014-2015 оқу жылында «Биология » мамандығының арнай топ студенттерін –  БҚ 311 тобының студентірі , София университетіне  (Болгария)  сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша жіберу жоспарланып отыр.                                                                       Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бойынша шетелдің ЖОО-нан ғылым докторлары, профессорлары, білімгерлерге дәріс оқуда. Латвия университетінең профессор Атис Янович Скудра дәріс оқып, тәжірибелермен алмасты.

Бітірушілер мемлекеттікті қоса алғанда, мектептерде,  байланысты кез келген компаниялар мен ұйымдар бөлімдерінде жұмыс істей алады.

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image