ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ   ФАКУЛЬТЕТІ   

 

   

5В012000 “КӘСІПТІК БІЛІМ”


   Біліктілігі: Кәсіптік білім бакалавры «Кәсіптік білім» мамандығының түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
- орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, жұмысшы мамандықтарының жиынтығы бойынша арнайы технологияның жалпы техникалық пәндерінің оқытушысы;
- еңбек технологиясының мұғалімі;
- үйірмелердің жетекшілері;
- жоғары және орта кәсіби оқу жүйесінде өндірістік оқытудың шебері;
- ғылыми-зерттеу мекемелері, конструкторлық бюро және өндіріс кәсіпорындарының инженері;
Бітіруші түлектердің кәсіптік қызмет объектісі: жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік – техникалық мектептер, колледждер, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары оқу орындары, зауыттар, ғылыми-зерттеу ұйымдары.

 

 5В010100 – «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ»


   Бiтiрушiнiң кәсiптiк қызмет объектiсi: мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесi, мектепке дейiнгi ұйым, шағын орталықтар, педагогикалық колледж,  бiлiмдi басқару департаментi, бiлiм жетiлдiру институты.

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша кәсіби қызметінің саласы мектепке дейінгі ұйымдарда білімдік-тәрбиелік қызмет болып табылады.

Бакалаврға «5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



   5В010200 –«БАСТАУЫШ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»


   Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің  бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.

  Кәсіби  қызметінің  түрлері         

5В010200– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы  бойынша  бакалаврлар  мынадай  кәсіби  қызмет  түрлерін  атқара  алады:

- диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу; 

-  ұйымдастырушылық-технологиялық  (педагогикалық  технологиялар

негізінде  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру);

-  педагогикалық басқару  («субъект-субъектінің»  өзара  әрекеті, білім беру менеджменті); 

-  жобалау  (бастауыш мектептегі  білім  беруді  моделдеу);

-  ғылыми-зерттеу  (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс,  пеадгогикалық  тәжірибені зерттеу, рефлексия).


   5В010300 – «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»

 

            «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:

- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері;

-  жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде  лицецейлер, гимназиялар, шағын комплектілі мектептер, санаторилік мектептер, спотрт мектептері, балалар үйі;

- арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар);

- бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер);

- орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).

 «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бакалавры; тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу;  білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын жасау болып табылады.

 

  5В010500 – «ДЕФЕКТОЛОГИЯ»


   Біліктілігі: Дефектология бакалавры
Кәсіби қызметінің объектілері

«5В010500 – Дефектология» мамандығы  бакалаврдың кәсіптік қызмет объектісі мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау; ғылыми - зерттеу ұйымдары бола алады.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

5B010400 «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ»


   Біліктілігі: Алғашқы әскери дайындық бакалавры.
«Алғашқы әскери дайындық» мамандығының түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
- орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, алғашқы әскери дайындық мұғалімі;
-орта мектептерде патриоттық тәрбие жұмысын үйымдастырушы;
- әскери және спорт үйірмелердің жетекшілері;
- арнайы әскери кешендерінде әдіскер.
Оқытуды ұйымдастыру: Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің нұсқауына сәйкес кредиттік оқу жүйесін іске асырып, кафедра оқытушылары осы мамандықта оқытылатын пәндерден дәріс және іс-тәжірибе сабақтарын өткізеді, педагогикалық және кәсіптік іс-тәжірибелерді жүргізеді.

   5B010600 «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ»


   Біліктілігі: Музыкалық білім бакалавры
Бұл мамандықтың түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
-орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде музыка пәнінің мұғалімі;
-арнайы музыка мектептерінің оқытушысы;
-музыка үйірмелерінде, театр, хор, халық аспаптар ұжымында жетекші;
-арнайы музыкалық мекемелерде әдіскер.
Оқытуды ұйымдастыру: Музыкалық білім кафедрасында кәсіптік деңгейлері жоғары, музыкалық шеберлігі шыңдалған ұстаз-ғалымдар қызмет етеді. Олардың ішінде композиторлар одағының мүшесі, өнертану ғылымының докторы, профессор, халық ағарту істерінің үздіктері, мәдениет қайраткерлері, Республикалық конкурс – фестивальдарының лауреаттары, ғылым кандидаттары мен доценттері, аға оқытушылар мен оқытушылар бар. Міндетті және элективті курстар бойынша оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, тест сұрақтары дайындалып, олар оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылады.

 


   5B010700 «БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ»


   Біліктілігі: Бейнелеу өнері және сызу бакалавры
Бұл мамандықтың түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
-орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің оқытушысы;
-орта мектептерде өнер пәнінің мұғалімі;
-қол өнер үйірмелерінің жетекшілері;
-өнер музейлерінде және көрмелерде әдіскер, таныстырушы

                                     

5B010800 «ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ»


   Біліктілігі: Денешынықтыру және спорт бакалавры.
Осы мамандықтың түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
-орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, дене шынықтыру мұғалімі;
-арнайы спорт мектептерінде жаттықтырушы;
-спорт үйірмелерінің жетекшілері;
-арнайы спорт мекемелерінде әдіскер.
Оқытуды ұйымдастыру: Жалпы білімдік пәндер, міндетті пәндер және элективті курстар бойынша оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, тест сұрақтары дайындалып, олар оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылады. Мемлекеттік стандарт, типтік бағдарлама, оқу жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылады, оқытылатын пәндерден дәріс және іс-тәжірибе сабақтары өткізіледі, педагогикалық және жаттықтырушылық іс-тәжірибелер жүргізіледі.

 

   5B042100 «ДИЗАЙН»


   Біліктілігі: Дизайн бакалавры.
Бұл мамандықтың түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
-белгілі бір мекемеде немесе өндіріс орындарында графикалық дизайнер;
-жарнама агенттіктерінде дизайнер;
-сәндік киім үлгілерінің дизайнері.
Оқытуды ұйымдастыру: Кафедрада оқытылатын негізгі пәндерден оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, тест сұрақтары дайындалып, дәріс және іс-тәжірибелік сабақтар, педагогикалық, арнайы, технологиялық, үзіліссіз іс-тәжірибелер өткізіледі. Кафедрада ҚР Суретшілір одағының мүшелері, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, халық ағарту істерінің үздігі, доцент, магистр, аға оқытушылар және оқытушылар қызмет атқарады.

 

 

 

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

5В011000 - «ФИЗИКА»


   Біліктілігі: Физика бакалавры
- Бұл мамандықты бітірушілер жалпы білім беретін орта мектептер мен орта дәрежелі арнайы оқу орындарында оқытушы болып қызмет істей алады.
Мамандықты үздік бітіргендерге 2 жылдық магистратураға оқуын жалғастыруға жолдама беріледі. Оны бітіргендер жоғары оқу орындарында оқытушы болады.

 

В010900 – «МАТЕМАТИКА»


   Біліктілігі: математика бакалавры
- колледждерде,
- гимназияларда
- мектептерде сабақ береді;
- ғылыми зерттеу саласында - ғылыми институттарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Білім беру бағдарламасын толық игерген бітірушілер өз білімдерін одан әрі жетілдірулеріне мүмкіндіктері бар, яғни «Математика» және «Экономика» бағыттары бойынша магистратурада оқуына болады.

 

5В011100- «ИНФОРМАТИКА»


   Біліктілігі: Информатика бакалавры
- білім беру (педагогикалық) саласында – орта оқу орындарында информатика мұғалімі;
- өндірістік-технология саласында – программалаушы, информатика және ақпараттық технология саласындағы маман;
- ғылыми-зерттеу саласында – ғылыми қызметкер.
Оқуды әрі қарай жалғастыру мүмкіндіктері:
магистратурада “Информатика”, “Ақпараттық жүйелер”, “Математика” бағыттары бойынша.

 


   5В011200-«ХИМИЯ»


   Біліктілігі: Химия бакалавры
- Емдеу орталықтарында, колледждерде, гимназияларда және мектептерде сабақ береді;
- ғылыми-зерттеу – кәсіби бағыт бойынша әртүрлі мекемелерде жұмыс жүргізе алады (лабораторияларда, институттарда, университеттерде).

  5В011300–«БИОЛОГИЯ»


   Біліктілігі: Биология бакалавры
- Әр түрлі оқу орындарындағы биология мұғәлімі ретіндегі оқыту жұмысы (мектеп, лицей, гимназия, колледж т.б)
- Әр түрлі мекемелердегі мамандандырылған тәртіп бойынша ғылыми зерттеу жұмысы.

   5В011600 - «ГЕОГРАФИЯ»


   Біліктілігі: География бакалавры

«5В060800 - «ЭКОЛОГИЯ»


   Біліктілігі: Экология бакалавры
- «Азия-электрик» зауытында,
- «Басқуат» орталық жылу кешенде,
- Текелі қаласындағы «Казцинк» комбинатында,
- облыста орналасқан қант зауыттарында жұмыс істей алады.
- Көл сай» көлі рекреациялық туристік аймағына,
- «Қойлық» тарихи-археологиялық аймағына,
- «Тамшы бұлақ» туристік аймақтарында;
- Жалпы білім беретін оқу орындарында геграфия пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істей алады.
 

   5В070300 – «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»


   Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры
- өндірістік-технология саласында – тиімді ақпараттық жүйелер құру және әртүрлі мекемелердің ақпараттық ресурстарын басқаруды ұйымдастыру;
- жобалау саласында – ақпараттық жүйелерді жобалау, оларды іске қосу, адаптациялау, сол сияқты оның жұмысының тиімділігін талдау;
- ғылыми-зерттеу саласында – ақпараттық жүйелерді құрудың теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу.


   5В073100 –«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ»


   Біліктілігі: Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бакалавры
- өндірістегі төтенше жағдайларда жұмысшыларды басқарады,
- жер-су ресурстарының инженерлік қорғауын жасайды,
- төтенше- құтқару қызметін атқарады,
- қоршаған ортаның мониторингін, аудиті мен экологиялық экспертизасын жасайды,
- төтенше жағдайларда өндірісті басқару, жоспарлау және ұйымдастыру қызметін атқарады.

 


5В073200 - «СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ»


   Біліктілігі: Стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры
- стандарттау бойынша инженер; сертификаттау бойынша инженер;
- инженер- метролог; техник-метролог;
- инспектор; ғылыми қызметкер;
- сапа бойынша менеджер;
- жалпы және кәсіби орта білім беретін мекемелерде педагог ретінде жұмыс жүргізе алады.
Мамандықты үздік дипломмен бітірушілер оқуын 2 жылдық магистратура
да жалғастыруға мүмкіндік алады.

 

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

 

5B011900 – «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ»


   Біліктілігі: Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының бакалавры

-   Оқу үрдісін ұйымдастыру:Кәсіби қызметінің саласы:

-   білімдік;

-   эксперименттік-зерттеу;

-   ұйымдастыру-басқару;

-   элеуметтік-педагогикалык;

-   оку-тәрбиелік;

-   оку-технологиялық кызметі.

            Кәсіби қызметінің түрлері:

-          мектепке дейінгі окыту және тәрбиелеу ұйымдары;

-          бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

-          мамандандырылған мектептер;

  -   техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары.

 

 

5В011400- «ТАРИХ»


«Тарих» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі.

Кәсіби қызметтің нысаны :

        Бакалавр өзінің мамандығына сәйкес мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде және орта білімді кәсіптік оқу орындарында Қазақстан тарихы, жалпы тарих және гуманитарлық пәндерден сабақ бере алады. Сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес жұмыс орындарында (басылымдарда, біліктілікті жоғарылататын институттарды), консультация беруші фирмаларда, оқу орындарында (лаборант, менеджер, консультант, кабинет меңгерушісі және т.б.) қызмет атқара алады.

       Кәсіптік бағдар беру қызметі:

- Қазақстан тарихы, жалпы тарих, мұражайтану;

-      археология; этнология; мұрағаттану.



   5B011700 – «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»


   Біліктілігі: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавры

            Оқу үрдісін ұйымдастыру: Кәсіби қызметінің саласы: білім беру, тәрбиелеу, ұйымдастыру жұмыстары, әдеби-мәдени, бұқаралық-ағарту қызметтері салаларында.

            Кәсіби қызметінің түрлері:

-       білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда;

-       ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкері);

-       әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

-       ұйымдастыру-басқару (мамандығына тікелей қатысы бар орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, мекемелерде)

-       әдеби кеңесші;

-       баспахана редакторы ретінде.



   5B011800- «ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»


   Біліктілігі: орыс тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавры
Оқу үрдісін ұйымдастыру: мамандық бакалаврлары келесі қызмет түрлерін орындайды:
- педагогикалық;
- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жалпы орта мектептерде, орта арнайы білім мекемелерінде, кәсіби мектептерде, әр түрлі курстарда;
- эксперименттік зерттеу;
- зерттеуші мұғалім ретінде, сондай-ақ әр түрлі фондтар мен жобалардың қызметкері ретінде;
- бірлестік-бақылау;
- редакторлық;
- баспа редакторы ретінде;
- дикторлық;
- бұқаралық ақпараттық құралдары қызметткері.

 

5B012100 – «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»


Біліктілігі:қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының бакалавры

            Оқу үрдісін ұйымдастыру: Кәсіби қызметінің саласы:  білім беру, тәрбиелеу, ұйымдастыру жұмыстары, әдеби-мәдени, бұқаралық-ағарту қызметтері салаларында.

            Кәсіби қызметінің түрлері:

-       білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда;

-       ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкері);

-       әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

-       ұйымдастыру-басқару (мамандығына тікелей қатысы бар орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде)

-       әдеби кеңесші;


   5B012200 – «ОРЫС  ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»

 

   Біліктілігі: Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавры
Оқу үрдісін ұйымдастыру: Кәсіптік салаларда атқарылатын қызметтер:
- білім беру;
- ғылым;
- мәдениет;
- жалпы ақпараттық құрал;
- баспа ісі ;
- мемлекеттік қызмет және т.б.
Орта білім беретін мектептер, орта мамандық бірлестіктер, кәсіби мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.
Кәсіби қызметтің пәндері:
- синхрондық және диахрондық құрылымдық жүйедегі орыс тілі және тіл білу;
- тарихи дамудағы және қазіргі жағдайдағы орыс тілі.

   5B020700 – «АУДАРМА ІСІ»


   Біліктілігі: Аударма ісінің бакалавры

Кәсіби қызметінің нысаны:050207 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша

      бакалавриатты бітірген түлек мынадай салаларда қызмет атқара алады:

-       административті – басқару жүйесі саласы;

-       білім және ғылым саласы;

-       мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;

-       халықаралық қатынас саласы;

-      баспа ісі саласы;

-      бұқаралық- ақпаратты құралдар саласы;

-      ақпараттық-сараптама саласы және басқа салаларда.

 

  

5B050400 – «ЖУРНАЛИСТИКА»


Біліктілігі: журналистика мамандығының бакалавры

            Оқу үрдісін ұйымдастыру: Кәсіби қызметінің саласы:  бұқаралық баспасөз, коммерциялық жүйе, медиа-коммуникациялық және зерттеу құрылымы қызметтері салаларында.

            Кәсіби қызметінің түрлері:

-       отандық, шетелдік, электрондық баспаханалар;

-       баспахана редакторы ретінде;

-       мемлекеттік және тәуелсіз ұйымдардағы жаңалықтар қызметі;

-       полиграфиялық кешендер;

-       БАҚ қызметкері, жарнамалық агенттіктер, дикторлық;

-       Инновациялық жүйелер

 

 

ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІ 

 

5В030100 «ҚҰҚЫҚТАНУ»


   Біліктілігі: Құқықтану бакалавры
Оқу үрдісін ұйымдастыру:
Заң факультеті «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгерлерді дайындайды. Оқу үрдісінде студенттер Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары бойынша терең білім алады.Студенттер құқық қорғау органдары - сот, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті, дипломатиялық қызмет, коммерциялық құрылым қызметкерлеріне қажетті арнайы курстарды жан - жақты меңгереді.
Заң факультетін бітірген маман құқық қорғау органдарында, прокуратурада , сот ,әділет және ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, қорғаушы, нотариус, заң кеңесшісі болып қызмет істей алады.
Заң факультетінің түлегі өзінің біліктілігін білім және ғылым саласында да жүзеге асыра алады.

 

5В011500 «ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ»


    Біліктілігі: Құқық және экономика негіздері бакалавры
Оқу үрдісін ұйымдастыру:
«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқу - тәрбие үрдісін толық қамтамасыз ететін , білім жүйесін ұйымдастыруға қатысатын, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес білім технологиясын жетілдіретін педагогика мамандарын дайындайды. Оқу үрдісінде студенттер Қазақстан Республикасының құқық салалары мен экономикалық ілімдер бойынша білім алады.
Бітірушілер орта мектепте, лицейде , гимназияда, кәсіптік оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, құқық негіздері, экономика негіздері пәндерінен дәріс беруге құқылы.

 

ҚАРЖЫ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

5В050600 «ЭКОНОМИКА»


   Біліктілігі: экономика бакалавры
Ұйымдар және фирмалар, қызмет түрлері, меншік нысандары және қатысушылардың дәрежелеріне байланысты (отандық және шетелдік компаниялар):
-қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);
-мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар;
-жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімдіктері);
-ұлттық және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.
-ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері;
-халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;
-Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі;

 

 

5В050700 «МЕНЕДЖМЕНТ»


   Біліктілігі: менеджмент бакалавры
Ұйымдар және фирмалар, қызмет түрлері, меншік нысандары және қатысушылардың дәрежелеріне байланысты (отандық және шетелдік компаниялар):
-қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);
-мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар;
-тауар рыноктары, өндірістік және тұтыну тауарлары;
-жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімдіктері);
-ұлттық және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.
-салааралық кешендер;
-халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;


 

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»


   Біліктілігі: есеп және аудит бакалавры
Қаржы – банк саласы (банктер, Қазнашылық, қаржы полициясы, салық органдары):
-ұйымдар және фирмалар қызмет түрлері, меншік нысандары және қатысушылардың дәрежелеріне байланысты (отандық және шетелдік компаниялар);
-акционерлік қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар;
-бизнес және кәсіпкерлік;
-қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомствалар және агенттіктер);
-кәсіпорынды басқару жүйесінің ұйымдық бөлімшелері;
-мемлекеттік органдар (әкімдіктер, министірліктер, құқық қорғау органдары).
-ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері;
-халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;
-Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі;


   5В050900 «ҚАРЖЫ»


   Біліктілігі: қаржы бакалавры
Қаржы – банк саласы (банктер, Қазынашылық, қаржы полициясы, салық органдары);
-акционерлік қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар;
-қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);
-кәсіпорынды басқару жүйесінің ұйымдық бөлімшелері;
Мемлекеттік органдар (әкімдіктер, министірліктер, құқық қорғау органдары).
-ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері;
-халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;
-Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі;


   5В051000 «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ»


   Біліктілігі: мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.
Келесі салаларда қызмет атқарады:
-ҚР Парламентінің аппараты;
-ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері;
-мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар;
-қаржы және экономиканы басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);
-ғылыми - зерттеу институттары мен ұйымдары;
-әр түрлі экономикалық құрылымдар.


   5В051100 «МАРКЕТИНГ»


   Біліктілігі: маркетинг бакалавры
Келесі салаларда қызмет атқарады:
-ұлттық және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.;
-ғылыми - зерттеу институттары мен ұйымдары;
-әр түрлі экономикалық құрылымдар;
-мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар;
-әлеуметтік қызметтер;
-қонақ үй, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары;
-туристік фирмалар, экскурсиялық бюролар;
-халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері;
-транспорт және коммуникациялар, қойма шаруашылығы;
-маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, бәсекелестер, ақпарат;
-қызмет көрсету, жарнама, “паблик рилейшинз”;
-қоғамдық тамақтану саласы;
-туристік ұйымдар.


5В090400 «ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ЖҰМЫСЫ»


   Біліктілігі: тұрмыстық қызмет және сервис бакалавры.
Келесі салаларда қызмет атқарады:
-жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімдіктері);
-білім саласы (ЖОО, колледждер);
-қоршаған ортаны қорғау мекемесі;
-жалпы білім беру мекемелері (гимназия, колледж);
-қызмет көрсету, жарнама, “паблик рилейшинз”;
-сервистік қызмет көрсету ұйымдары (жеткізу, тасымалдау және т.б.);
-қоғамдық қызмет көрсету саласы (химиялық тазалау, жалға беру ұйымдары, жөндеу қызметі және т.б.).

 


   5В090800 «БАҒАЛАУ»


   Біліктілігі: бағалау бакалавры.
Келесі салаларда қызмет атқарады:
-эксперттік-бағалаушылық;
-аналитикалық;
-ұйымдастырушылық-бағалаушылық;
-кеңес берушілік;
-кәсіпкерлік;
-ұйымдастырушылық-технологиялық;
-білім берушілік (педагогикалық).

 

5В090200 – «ТУРИЗМ»


   Біліктілігі: Туризм бакалавры
- туризмға байланысты мемлекеттік басқару органдарында;
- туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда;
- туризмнің инфраструктуралы объектісінде жұмыс істей алады;

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Айдарханов Аян
  • Ратаев Ардан
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Қазақстан тарихы

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image