ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Университеттің  кітапханалық –ақпараттық  орталығының  миссиясы ( КАО) – университеттің  қоғамдық    оқыту  саласындағы,  білім беру  және ізденістерді,  ағымдық және перспективалық  ақпараттық  қажеттіліктермен  қанағаттандыру  мақсатын  қамтамасыз ету үшін  қорлар қалыптастыру  және  қызмет көрсетуді  қолдау, дамыту  және  қордың  түгелдігін сақтау.

 КАО директоры– Мурыгина Светлана Ивановна.

Кітапханалық –ақпараттық  орталығы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Кітапханалық –ақпараттық  орталық  үш бөлімнен тұрады: кітапхана, баспа бөлімі және мұражай.

  Кітапханалық –ақпараттық  орталықтың  ресурстарын қалыптастыруда, профессорлық-оқытушылар   құрамына   және студенттердің   кәсіби қажеттілігіне керекті,   кітапхана 3 функционалды секторды құрайды: жинақтау және ғылыми өңдеу, анықтама библиографиялық жұмыс және кітапханалық процесстерді  автоматизациялау секторы, қызмет көрсету секторы. 

Университеттің  кітапханалық –ақпараттық  орталығында  көлемді   анықтамалық  материалдар, анықтама сөздіктері, құралдары, біртілдік және екітілдік энциклопедиялар жинақталған.  Кітапхана  қорын   толықтыру  дәстүрлі  әдістермен қатар  уақытылы ресурстық көмек ретінде түрлі  гранттармен толықтырылады және де  кітапхана   көмек ретінде сыйға тартылған  әдебиеттерді  қабылдайды.

Кітапхананың  электрондық  каталогі    оқулық кітаптарды, мерзімдік басылымдарды, бейне таспаларды,    басқа түрлі материалдарды іздестіруде, CD қазақ, орыс,  ағылшын тілдерінде көмек  ретінде қолданылады. Каталог әрбір пайдаланушыға қажетті әдебиеттердің тізімін реттеу мүмкіндігін ұсынады.

     Университетте   Ingenta, Oxford Journals Online, Oxford Reference online, Cambridge Journals Online базаларына кіру  желісі  камтамасыз етілген.

Университет желісінен компьютер арқылы  кез-келген уақытта  байланыс  жасауға болады.

Баспа бөлімі– баспаға дейінгі дайындық секторы болып саналады.  Университеттегі  баспа жұмысы  университеттің негізгі жұмыс бағыты  болып  табылады және  университеттің құрылымдық  бөліміне кіреді.

Баспа ісінің негізі болып  университеттің перспективалық жоспарына сәйкес   қажетті   оқу-әдістемелік әдебиеттерді  тақырыптық жоспарлау және кафедралардың   ағымдағы жылға  арналған басылымдар    жоспарлары болып  табылады.

Баспа қызметі – университет жұмысының басым бағыттарының бірі. Баспа қызметін университеттегі құрылымдық бөлімнің бірі  баспа бөлімі жүзеге асырады. Баспа бөлімі баспалық өнімдерді кәсіби деңгейде шығаруды мақсат етеді.

Баспа бөлімінің басты міндеті– ғылыми еңбектерді, оқулық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, басқа да баспалық өнімдерді ұйымдастырып, оларды университеттің кәсіби білім беру ісінде қойған мақсат міндеттеріне сәйкес басып шығару болып табылады.

Баспа қызметінде шығарылатын оқу-әдістемелік әдебиеттердің тақырыптық жоспары баспа қызметінің перспективалық жоспарына сәйкес жасалады. Баспа жұмысының жоспары кафедралардың ағымдағы жылға оқу-әдістемелік құралдарын шығару жоспары негізінде жасалады.  Факультеттердің баспалық қажеттілігіне жоспар құру – оқу жоспарына және әрбір пәннің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуіне және студент контингентін анықтау арқылы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда баспа бөлімінің техникалық мүмкіндігі мен шығармашылық потенциалы жеткілікті.

Бүгінде  университетте  голландық ОСЕ компаниясының Осе Varioprint 6160 заманауи қондырғысы  жұмыс істейді. Бұл құрылғы кітап, брошюра шығаруға арналған жоғары жылдамдықты сандық баспахана. Басу жылдамдығы минутына 160 бет. Сандық баспаның ерекшелігі басуға дейінгі дайындық  жұмысынан бастап, материалды басып шығарғаннан кейінгі өңдеуді де жүзеге асырады.  Жоғары жылдамдықтағы сандық құрылғы баспа өнімдерін неғұрлым сапалы және қысқа мерзімде дайындап шығарады.

Осе Varioprint 6160 құрылғысын алғаннан бері баспа өнімдерінің сапалық әрі сандық көрсеткіші  өсіп отыр.

 Университеттегі  сапалы және тиімді  оқу және ғылыми  жұмыстар  баспа ісінің көмегін қажет етеді.  Орталық  қызметкерлерінің   жұмысы  шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға  бағытталған.

          

 

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Ратаев Ардан
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image