ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі 2007 жылыҒылым және халықаралық байланыстар бөлімімен бірге құрылып, 2009 жылы жеке Жоғары оқу орынан кейінгі білім біру бөлімі ретінде бөлініп шықты. Сол жылы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау бөлімінің бастығы ретінде Дүсіпова Тынған Жақсылыққызы тағайындалды.

2012 жылы университет құрылымының өзгеруіне байланысты аталған бөлім Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институты болып қайта құрылып, Институттың директоры қызметіне физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Д.Н.Нұрғабыл тағайындалды. Дүйсебек Нұрғабылұлының басшылығымен Институттың жұмысы толықтай жолға қойылып, нормативтік-құқықтық базасы, сапа мененджмент жүйесі жаңартылды.

2014 жылынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Рысбеков Қадыр Қойшыбекұлы атқарып жүрді.

2015жылы қантар айынан бастап Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институтының директоры психология ғылымдарының  докторы, профессор Наубаева Хапиза Танирбергенқызы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау Институты І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік, ғылыми және әкімшілік құрылымы болып табылады және ғылыми-педагогикалық, бейіндік бағыттарда магистратнтар мен докторанттарды (PhD) даярлайды.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институты мақсаты – өндіріс орындарына, жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу орталықтарына жоғары білікті магистрлер мен докторлар (PhD) дайындап шығару болып табылады.

МАҚСАТЫ:

Кредиттік технологияға сәйкес докторантура PhD және ғылыми-педагогикалық, бейіндік бағыттағы магистратура бағдарамалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлау және мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін жоғарлатудың тиімді жүйесін қалыптастыру, кәсіби білім мен дағдыларды арттыруға жағдай жасау.

МІНДЕТІ:

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институтының алдында магистратура бағдарламасын сапалы жүзеге асыру үрдісінде маңызды міндет тұр – ол ғылым мен экономиканың жаһандану кезеңінде бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлаудың қолайлы жүйесін қалыптастыру және экономика, жаңа технология, ғылым мен қоғамды жетілдіру проблемаларын шешудегі қабілеттерді жаңаша дамыту және Болон процесіндегі Дублинск дескрипторы аясында жаңа формациядағы мамандарды даярлау сапасын арттыру.

БАҒЫТТАРЫ:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру.

2. Факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтармен үйлестіру.

3. PhD докторантура мен магистратура мамандықтары бойынша оқу үдерісін реттеуде факультеттер мен кафедраларды нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

4. Жоғары оқу орнының ішкі нормативтік құжаттарды құрастыруда жоғары оқу орнының үлесі.

5. МЖБС талаптары бойынша докторантура мен магистратура негізінде оқу жұмыс жоспарларын сараптау.

6. Оқытушылар мен магистрлердің, магистранттардың кәсіби білімін арттыру мақсатында алыс және жақын шет елдерде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;

7. Магистранттарды  академиялық ұтқырлық бойынша білім алуын жолға қою.

8. Мамандардың біліктілігін артыруда жаңа форма – ваучерлік-модульдік жүйені пайдалану ;

9.Мамандарды қайта даярлау үшін келсім-шарттар жасау.

10. Мамандарды даярлау мен біліктілікті жоғарылату жұмыстарын ұйымдастыру.

ҚЫЗМЕТІ:

В настоящее время ведется планомерная и всесторонняя политика по подготовке квалифицированных  кадров высшего разряда, магистрантов и докторантов. Қазіргі уақытта жоғары санатты мамандар, магистрлер мен докторлар даярлау бойынша жоспарлы және жан-жақты жұмыс жүргізіледі. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің магистратурасында білім алу тек күндүзгі бөлімде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- ғылыми-педагогикалық (2 жылдық оқу)

- бейіндік (1; 1,5 жылдық оқу)

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алу  бұл – магистранттарға негізгі білім бере отырып, ғылыми жұмыспен айналысуға  және ғылыми-педагогикалық қызмет атқаруына, сонымен қатар ЖОО-да оқытушылық қызмет атқаруына құқық береді. Оқу барысында магистрант теориялық курсты меңгеріп, практикадан өтеді және диссертациялық жұмыс жазады.

Бейіндік бағыт бойынша білім алу бұл – кәсіби бағыттағы салаға бағытталған бағдарлама. Диплом алу үшін бір жыл ішінде магистрант теориялық бағдарламаны игеруі керек. Сонымен қатар практика өтіп, магистрлік диссертацияны жазып оны қорғап өтуі қажет.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің келесі мамандықтары бойынша Мемлекеттік лицензия алған:

 1.     Магистратура

 Мамандық шифры

Мамандық атаулары

6М010100

Мектепке дейінгіоқыту және тәрбиелеу

6М010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6М010300

Педагогика жәнепсихология

6М010500

Дефектология

6М010600

Музыкалық білім

6М010800

Дене шынықтыру және спорт

6М010900

Математика

6М011100

Информатика

6М012000

Кәсіптік оқыту(сала бойынша)

6М011400

Тарих

6М011500

Құқық және экономика негіздері

6М011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

6М030100

Құқықтану

6М050600

Экономика

6М050700

Менеджмент

6М050800

Есеп және аудит

6М050900

Қаржы

6М051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

 2.     Докторантура

 Мамандық шифры

Мамандық атаулары

6D010300

Педагогика и психология

6D011700

Казахский язык и литература

6D030100

Юриспруденция

6D050600

Экономика

2014 жылғы 10-24 ақпан аралығында ғылыми және педагогикалық бағытта оқитын «Тарих», «Құқықтану», «Экономика», «Құқық және экономика негіздері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Есеп және аудит» мамандығының 48 магистранттары ғылыми жетекшілері заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Сериев және ЖООКББ және МҚД институтының маманы С.Калыкованың бастауымен Түркияда (Стамбул қаласында) Фатих университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2014 жылғы 2-16 наурызда «Информатика», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және спорт», «Математика» және «Дефектология» мамандықтарының магистранттары (барлығы – 44) екі ғылыми жетекшілерімен бірге Белорусияда, Минск қаласында Белорусия Мемлекеттік университеті мен Белорусияның мәдениет және өнер мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификаттарымен келді.

2014 жылғы 12-27 сәуірде 21 магистрант пен 1 ғылыми жетекші Ресей Федерациясының Омск қаласындағы Омск гуманитарлық академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

Магистратураға оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) оқу орны директорының атына өтініш;

2) ЖОО бітіргендігі туралы құжаттардың нотариалды тіркелген  көшірмесі;

3)келесі бағдарламалар бойынша тапсырған тест сертификаттарының көшірмесіTest of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, 560баллдан кем болмауы керек),  International English Language Tests System (IELTS, 6.0кем болмауы керек), Grundbaustein DaF (межелікбалл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, межелікбалл - С 1), Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, межелікбалл - В 2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, межелікбалл - С 1), Тest de connaisances de français (TCF, межелікбалл - кемінде400);

4) жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын  құжат (еңбек еткен адамдар үшін);

5) алты сурет (3x4см), скоросшиватель, конверт;

6) медициналық анықтама –086-У формасы, (нарко және психдиспансердің мөрімен бірге) + көшірме, RW-ға қан тапсыру, Ф-графия(түп нұсқасы), егу картасының көшірмесі;

7) төлқұжатының көшірмесі;

8)ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі(бар болса).

9) тест тапсырудың төлем ақысын жасағанының түбіртегі;

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың қөшірмесімен бірге құжаттардың түпнұсқасын алып келу қажет. Құжаттарыңыздың түпнұсқамен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін, түпнұсқалы құжаттарды өздеріңізге қайтарып береміз.

Магистратураға қабылдау емтиханы 1-20 тамыз аралығында  өтеді. Ал 31 тамызда оқуға тускен магистранттар тізімі жарияланады.

Доктарантураға түсушілер жоғары оқу орнына келесі құжаттар тізімін тапсырады:

1) оқу орны директорының атына өтініш;

2) шетелдік және отандық кеңесшілермен бірлесіп талқыланған диссертациялық жұмыстың жоспарының қисыны келтіру керек;

3) төлқұжатыңыздың көшірмесі;

4) ЖОО бітірген деген  құжаттардың нотариалды тіркелген  көшірмесі мен түпнұсқасы;

5)  келесі бағдарламалар бойынша тамсырған тест сертификаттарының көшірмесі, Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, межелік балл - кемінде 560),  International English Language Tests System (IELTS, межелік балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (межелік балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, межелік балл - С 1), Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, пороговый балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, межелік балл - С 1), Тest de connaisances de français (TCF, межелік балл - кемінде 400);

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

7) алты сурет (3x4 см), скорошеватель, конверт;

8) медициналық анықтама 086-Уформасы, (нарко және психдиспансердің мөрімен бірге) жәнекөшірме, RW-ға қан тапсыру, Ф-графия(түп нұсқасы), егу картасының көшірмесі;

 9) жеке іс парағымен еңбек қызметін растайтын  құжат(еңбек өткен адамдар үшін);

10) тест тапсырудың төлемақысын жасағанының түбіртегі;

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың қөшірмесімен бірге құжаттардың түпнұсқасын алып келу қажет. Құжаттарыңыздың түпнұсқамен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін, түп нұсқалы құжаттарды өздеріңізге қайтарып береміз.

БАЙЛАНЫС   ТЕЛЕФОНДАРЫ:

040000 Талдықорған қаласы

Жансүгіров к-сі, 187а

ЖМУ № 3 оқу ғимараты, 1-қабат;

Абая к-сі 27, (Қабанбай батыр қиюлысы)
тел: 8 (7282) 40-10-21; 8 (7282) 22-23-21 (вн.31-21; 31-04)

 e-mail:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Айдарханов Аян
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image