ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі - қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізу арқылы білім мен мәдениетті және қолданбалы ғылымды дамытуға бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыруды университеттегі ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі жүзеге асырады.

Университеттің ғылыми-зерттеужұмысы қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізу арқылы білім мен мәдениетті, ғылымды дамытуүшінгранттық мемлекеттік қаржыландыру келісім шарт негізіндебағытталған.

Жыл сайын университеттің профессорлық-оқытушы құрамы ҚР БҒМ ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру байқаулары аясында әр түрлі бағыттағы бюджеттік қолданбалы және іргелі зерттеулердіорындау үшін қатысады.

Сонымен қатар университет ғалымдары баска ЖОО-да және ҒЗИ ғылыми жобалардың орындаушылары болып табылады («Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылды аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты», аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, К.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті):

  1. «Разработка эколого-экономической оценки применения инновационных технологий в орошаемом земледелии» - ЖШС «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылды аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» - бірлескен орындаушылар:  Кантуреев М.Т.; Калдияров Д.А.; Байтаева Г.Р.; Шарипов А.К.
  2. «Решение новыми математическими методами нелинейных дифференциальных и интегро-дифференциальных уравнений фундаментальных и прикладных задач механики твердого и деформируемого твердого тела» - «К.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» - бірлескен орындаушы: Калжанова Г.К.
  3. «Проблемы правового регулирования продовольственной безопасности в РК» - «әл-Фараби атыдағы Қазақ ұлттық университеті» – бірлескен орындаушы: Л.К.Еркинбаева
  4. «Сбор, систематизация и публикация традиционного этнографического наследия казахского народа»-«әл-Фараби атыдағы Қазақ ұлттық университеті»»-бірлескен орындаушы:  Байгабатова Н.К.
  5. «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті»-«Ш.Уәлиханов атындағы этнология және тарих институты» -  бірлескен орындаушы:  Байгабатова Н.К.
  6. «Қазіргі заманғы қазақ диаспорасының мәдениеті: дәстүрлі негізі және болып жатқан инновациялары» (Қытай және Монғолия этникалық топтардың мысалында) »- Ш.Уәлиханов атындағы этнология және тарих институты» - бірлескен орындаушы:  Байгабатова Н.К.

Университет оқытушылары жыл сайын халықаралық, республикалық гранттарды иелену байқауларына қатысады. 

2013 ж. «ЖОО үздік оқытушы» байқауының ҚР ҒБМ грант иегерлері:

  1. з.ғ.к., доцент Сериев Б.А.
  2. э.ғ.к., доцент Абдибеков С.У.

2014 ж. «ЖОО үздік оқытушы» байқауының ҚР ҒБМ грант иегерлері:

  1. з.ғ.д., профессор Дусипов Е.Ш.
  2. э.ғ.д., профессор Шарипов А.К.
  3. з.ғ.к., доцент Беисов Е.Ж.

Университетте ғылыми ізденіс кластері қызмет атқарады, оның құрамына 3 орталық және 5 лаборатория кіреді.

Ғылыми-ізденіс кластері университеттің структуралық бөлімшесі болып табылады және магистранттар, докторанттар мен ПОҚ-на қазіргі заманға сай ғылыми-ізденіс жағдайын жасайды.

Ғылыми орталықтар:

  1. «Ілиястану»  ғылыми-практикалық орталығы
  2. «Ғылым философиясы және өлкетану» зерттеу орталығы
  3. Аймақтық жастардың ғылыми-инновациялық зерттеу орталығы

Ғылыми-зерттеу лабораториялар:

  1. «Математика және жаңа технологиялар»ғылыми зертханасы.
  2. «Адам психофизиологиясы» ғылыми зертханасы.
  3. «Аймақтық экологиялық зерттеулер» ғылыми зертханасы
  4. «Геофизикалық ортаның биофизикалық мониторингі» ғылыми зертханасы.
  5. «Виртуалды зертхана».

Кластер қызметі негізінен қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін іс-тәжірибеге енгізу және интеллектуалды жеке меншік объектілеріне құқықтарын орындау болып табылады. Сонымен қатар университеттің профессорлық – оқытушы құрамының инновациялық, ғылыми-ізденіс қызметін орындау үшін ықпал етеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу негізінен жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық пәндер аясында болашақ мамандарды айқындайды.

Университет кафедраларының жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде оқу-құралдар, ұсыныстар, арнайы семинарлар және енгізу актілері негізінде  орындалады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2013-2014 оқу жылында 1 халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 3 республикалық, 1 аймақтық конференциялары өткізілді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  2013 жылдың 25-26 қазанында «Білім-ғылым-қоғам: өзараықпалдастық мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция мақсаты – білім мен ғылымның даму стратегиясын әлемдік одақтардың және жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау болды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 6-7желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Жансүгіров тағлымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция мақсаты – І.Жансүгіровтың шығармашылығын оқу және білім, экономика, ақпараттық технология, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарының негізгі актуалды мәселелерін ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында талқылау болды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 7-8 ақпанында «Инновациялық технологияларды білім беру процесінде ендіру – сапалы білім негізі» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізілді.

2014 жылдың 13-14 наурызында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ҚР Ғылым және білім министрлінің қолдауымен «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты Республикалық ғылыми практикалық конференциясы өткізілді, конференция мақсаты білім, экономика, ақпараттық технология, жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарының дамуының өзекті мәселелерін 2014 жылдың 17 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына айтқан жолдаудың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» сәйкес талқылау болды. Конференцияға Қазақстанның және Ресей Федерациясының ЖОО-ның білімгерлері, магистранттары, докторанттары, жас ғалымдары қатысты

Өткен оқу жылында профессорлық-оқытушы құрамы республикалық және халықаралық деңгейде 799 ғылыми мақалаларын жариялады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) оқу үрдісінде мамандарды даярлауда негізгі  міндеті болып табылады,

Жоғары білімді мамандарды даярлау, ғылыми дайындық деңгейін көтеру, дарынды жастарды айқындау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы және дамыту жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Жастардың шығармашылық және ғылыми потенциалын орындау мақсатында Университетте Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) өз қызметін атқарады. СҒҚ құрамын университеттегі 7 факультет өкілдері құрайды. Әр факультетте СҒҚ мүшелері ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін студенттік ғылыми үйірмелер, проблемалық топтар негізінде жұмыстарын атқарады,

Студент ғылыми-зерттеу қызметін атқара отырып ғылыми үйірме қызметі аясында алатын мүмкіндіктері:

  1. Ғылыми-практикалық конференцияларына, форумдарға, самиттерге, конгресстерге қатысуға;
  2. Ғылыми үйірмелер аясында ғылыми, ғылыми-практикалық және аналитикалық зерттеулерді  жүргізуге;
  3. Ғылыми үйірмелер аясында жобалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге;
  4. Ғылыми зерттеу гранттық байқауларға қатысуға;
  5. Ғылыми мақалаларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғылыми басылымдарында жариялауға; 

2013-2014 оқу жылында университетте 29 студенттік ғылыми үйірмелер, 5 проблемалық топтар қызмет атқарды. Студенттердің, магистранттардың ҒЗЖ нәтижелері семинарларда, конференцияларда апробациядан өтеді, курстық, диплом жұмыстары негізінде қорғалады және материалдар жинағында жарық көреді.  

2013 жылдың 19-20 сәуірінде қаржы-экономикалық факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2050: жас ғалымның көзқарасы» атты білімгерлер мен магистранттардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция барысында 200 студент, магистрант өздерінің  ғылыми мақалаларын конференция жинағында жариялады.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттік командалары жыл сайын Республикалық студенттік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.

2013-2014 оқу жылында 95 студент 16 пәндік республикалық олимпиадаларға қатысты. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ командаларының жүлделі орындарды:

- «Педагогика және психология» («Дарын» ғылыми-практикалық орталығында өткен), «Экономика және құқық негіздері» (І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.) мамандықтары бойынша 1 командалық орын; 

- «Музыкалық білім» (Ресей, Астрахань каласы) мамандығы бойынша                            1 индивидуалды орын;

- «Музыкалық білім»  (І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.) мамандығы бойынша 2 индивидуалды орын;

- «Есеп және аудит» (І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»(С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.), «Алғашқы әскери дайындық» (Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды қ.) мамандықтары бойынша 2 командалық орын;

- «Экономика»(І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.), «Бейнелеу өнері және дизайн» (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.), «Химия» (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.) мамандықтары бойынша 3 командалық орын;

- «Құқытану» (әл-Фараби атыдағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.) мамандығы бойынша 3 индивидуалды орын.

Республикалық олимпиадалар нәтижесі:

- Педагогика және психология факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Сандыбаев Ж., Салимова А., Елеева В., Омарова А., заң факультетінің «Экономика және құқық негіздері» мамандығының студенттері  Турсынова М., Шынасилова А., Рахимова А. командалық сайыста 1 орын иеленді

-Жеке дара сайыста 1 орын иегерлері - Педагогика және психология факультетінің «Музыкалық білім» мамандығының Азат Дауыл, каржы-экономикалық факультетенің «Туризм» мамандығының  Аббасов А. иеленді;

- Жеке  дара сайыста 2 орын иегері - педагогика және психология факультетінің, «Музыкалық білім» мамандығының студенті Жұмабеков А. 

- Командалық сайыста 2 орын иегерлері – қаржы-экономикалық факультетінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері Ким Р., Байкоржин Д., Орынбаева А., педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері Ким Д., Дюсенбаева А., Цуканова М., Журекова А., мәдениет және өнер факультетінің «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының  студенттері  Молдахмаетов Ш., Ельтаев Д., Ержигитов А. иеленді.

- Командалық сайыста 3 орын иегерлері - қаржы-экономикалық факультетінің «Экономика» мамандығының студенттері Михеев А., Чатыбай Д., Уйсимбекова Д., Кудайбергенова Р., Сайлауов М.;  мәдениет және өнер факультетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» мамандығының студенттері Ахметов А., Сарсенбаева С.; жаратылыстану-техникалық факультетенің студенттері «Химия» мамандығының студенттері Аяз Райхан, Кадылхан М., Серикканов А. иеленді.

- Жеке  дара сайыста 3 орын алған заң факультетенің «Құқықтану» мамандығының студенті Ибраев А. иеленді.

- Қаржы-экономикалық факультетенің студенттері «Есеп және аудит» мамандығының студенттері Адильбекова А., Букейханова А. (Т.Рысқұла атындағы ҚазЭУ, Алматы қ.) «Үздік бизнес идея»;  «Туризм» мамандығының студенттері Каукеев С., Акбуазова А., Буланова В., Даулетов Д., Сапарова А. «Үздік команда капитаны» (әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.); Педагогика – психология факультетенің,  «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Салимова А., Малтаева А., Ахтанова А., Муханова А., Ахтанова А. «За волю в победе» (К.Яссауи атындағы ҚТХУ, Түркістан қ.); «Дефектология» мамандығының студенттері Ахметова А., Масимова Г., Мырзахметова М. «Ең үздік видеоролик» (Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды қ.) номинацияларын иеленді

Барлық республикалық пәндік олипиада қатысушылары мақтау қағаздарымен, қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – талантты студент-жастарды айқындау және болашақ мамандар ретінде кәсіби шеберлігін дамыту болып табылады. Пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының ЖОО 20 командалары қатысты, атап айтқанда әл-Фараби атында ҚазҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қостанай педагогикалық университеті, А.Яссауи атындағы ҚТХУ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Букетов атындағы ҚарМУ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті және т.б.  2013-2014 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадада «Экономика және құқық негіздері, «Есеп және аудит», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Алғашқы әскери дайындық», «Экономика», «Химия» мамандықатырының  7 командалары командалық сайыста және 3 студент жеке дара сайыста жүлделі орындарға ие болды. Олар 2 – «Музыкалық білім, 1 – «Құқықтану» мамандығының студенттері иеленді. Олимпиада нәтижесінде 4 диплом – І дәрежелі, 4 - ІІ дәрежелі, 4 – ІІІ дәрежелі және 28 студент әр түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Соңғы жылдары зерттеу қызметіне университет білімгерлерінің қызуғышылықтары артуда. Республикалық байқаулардың студенттік ғылыми жобаларына жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық ғылымдар аясында шамасымен 30 студент аяқталған ғылыми-зерттеу проектілерімен қатысты.

2013-2014 оқу жылында қаржы-экономикалық факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері Досаев К., Молдабеков А. (ЖМУ энактусы, Инновациялық жобаның тақырыбы: «Бесінші элемент») Алматы қаласында өткізілген (Отель Риц Палас) «Start-up» жобалық байқауында қатысу сертификатын және физика-математика факультетенің студентері, «Физика» мамандығының студенттері  Н.Жайлаубаева, А.Нурланкызы, жоба тақырыбы: «Велосипед тұрақтары» атты жобамен жастар арасында өткізілген әлеуметтік жобалар бойынша  республикалық  байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

2013-2014 оқу жылында университет білімгерлері «Жас ғалым – Отанға!»» атты аймақтық байқау нәтижесі бойынша Алматы облысы әкім грант иегерлері атанды:

  1. Тақырыбы: «Жоғарғы оқу орындрында діни сауаттылықты көтеру және деструктивті діни ағымдарға жол бермеу тәсілдері». Автор: Кайырбек Г.Е., физика-математика факультетінің «Информатика» мамандығының 4 курс студенті;
  2. Тақырыбы: «3D графика мүмкіндіктерін қолданып бағдарламаларды жасау және оны  оқу процесінде қолдану». Автор: Еренғайыпов С.Т. физика-математика факультетінің «Информационные системы» мамандығының 2 курс студенті;
  3. Тақырыбы: «Шағын жинақталған мектептерде жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жолдарын зерттеу (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы). Жоба авторы: Даниярулы Алишер, физика-математика факультетінің «Математика» мамандығының  4 курс студенті.
  4. Тақырыбы: «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері». Жоба авторы: Ратаев Ардан – заң факультетенің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті.
  5. Тақырыбы: «Болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін жасыл бақ және университет ауласын көгалдандыру арқылы қалыптастыру». Жоба авторлары: Улдахан Ш.М., Аскарбекова К.Б. – жаратылыстану-техникалық факультететінің «Биология» мамандығының 2 курс студенттері;
  6. Тақырыбы: «Көксу кен орнында өндірілетін шунгит ауыз су мен өндіріс қалдықтарын тазартудағы мүмкіндіктер», жоба авторы: Айдарханов А.Т.– жаратылыстану-техникалық факультететінің «География»мамандығының 3 курс студенті;
  7. Тақырыбы «Формирование коммуникативных умений универсальных учебных действий у младших школьников через проектную деятельность», жоба авторы: Нигматулина К.М. – педагогика-психология факультетенің «Бастауыш мектеп әдістемесін оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті.

ҒЗЖ жандандыру мақсатында жыл сайын ЖМУ-де ректор гранты бойынша «Инновация» ғылыми-зерттеу жобалар байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының білім мен ғылымның бағыттарын дамыту барысында айқынды инновациялық жобаларды іріктеу және Алматы облысының әлеуметтік -экономикалық дамыту мақсатында ғылымды, білімді, өндірісті интеграциялау негізінде аймақтық ғылыми ізденісті дамыту болып табылады

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің болашақ мамандарды даярлауда оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу қызметі негізгі приоритетті даму бағыты болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы олардың шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына, туындаған теориялық және қолданбалы мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.

ЖОО оқу үрдісінде оқыту, тәрбиелеу, өндірістік іс-тәжірибе ғылыми-зерттеу жұмысының синтезі болып табылады. Сонымен қатар СҒЗЖ жүйесі ғылым мен білім берудегі ЖОО қызметінің жаңа шарттарына, көпжылдық тәжірибеге, шетел тәжірибесінің интеграциясына, болашақ мамандарды оқытуда әлемдік стандарттардың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Айдарханов Аян

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image