ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Философия және саясаттану кафедрасының өзіндік құрылу және даму тарихы бар. Ол 1973 жылы марксизм-ленинизм кафедрасы болып қалыптасты. Сол кезеңде мынадай керемет педагогтар жұмыс істеген: Сырғабаев Ш.Ю., Ботвич И.П., Хажиев Д.Х., және т.б.

1980 жылы философия және саясиэкономия кафедрасы болып бөлініп шықты. Өздерінің талмас еңбектерінің арқасында кафедраның оқытушылары біздің оқу орнын бітірушілерге осында тәрбиеленіп, педагог-тұлға болып қалыптасуына және еліміздің түрлі аймағында қызмет етуге ықпал етті.

1992 жылы философия және саясаттану кафедрасы болып өзгертілді. Әр кезеңде бұл кафедрада өз ісінің шеберлері:  ф.ғ.к., П.Г. Ким, э.ғ.к., М.А.Касымов, ә.ғ.д., Б.Н. Кылышбаева  сынды ғалымдар жұмыс жасады.

Қазіргі таңда кафедра өз іс әрекетінде дәстүрлілікті, дәйектілілікті және новаторлықты сақтап қалған. Кафедраның міндет етіп қойғаны Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың және білім беру саласындағы талап етіліп қойылған тәжірибелік нәтижелерді жүзеге асыру. Бұл бәрінен бұрын, жоғары деңгейде ойлай алатын, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік тәрізді қасиеттерге ие болған тұлғаларды қалыптастыру. 

Кафедра оқытушылары университеттің барлық факультеттерінде қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша философия, саясаттану, әлеуметтану және құқық негіздері пәндерін жүргізеді. Осы курстар бойынша тәлімгерлердің үлгерім рейтингі үнемі жоғары деңгейде болады. 

Уақыттың әр кезеңінде кафедраға меңгерушілік еткен тарих ғылымының кандидаты, доцент А.К. Катенов, философия ғылымының кандидаты, доцент Қ.Қ. Рысбеков және басқалар. Қазіргі уақытта кафедраны басқарып отырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қалханова Альфия Нұрқасқызы. 2010 жылы ол, «Қазақстандағы мемлекеттік-саяси идеологияның құрылуы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.  Альфия Нұрқасқызы саяси ғылымдар мәселелері және кафедраның басқа да бағыттары бойынша ғылыми іс әрекеттерді жүйелі түрде іске асыру қабілетіне ие.

Кафедра оқытушыларының оқу іс-әрекетіндегі жұмысының негізгі бағыты әдістемелік шеберлікті арттыру, инновациялық технологияларды игеру және енгізу, оқу-әдістемелік құралдарын шығару және кафедра пәндері бойынша жекелеген тақырыптарға ұсыныс жасау болып табылады.  

Кафедраның оқытушылары жалпы кафедраға қарасты «Таным мәселесі» ғылыми тақырыптарымен жұмыс жасайды, ғылыми тақырыптарды игеру бойынша жеке жұмыстар өткізеді, ғылыми монографиялар жазады.

Сонымен бірге, кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді, оларды студенттік ғылыми конференцияларға дайындайды, қиын топтар мен ғылыми үйірмелердің жұмысын басқарады (аға оқытушы Г.Д. Исағалиева – мәселе топ «НУС»,  философия ғылымының кандидаты, аға оқытушы А.Қ. Берікова – ғылыми үйірме «Философ», тарих ғылымдарының кандидаты, доцент К.Н. Аликенова – ғылыми үйірме «Саясаткер»).

Бүгін де кафедрада философия ғылымының докторы, профессор А.Қ. Қасабек, философия ғылымының кандидаты, доцент К.Н. Аликенова, философия ғылымының кандидаттары - С.К. Рахипова,  К.К.Рысбеков, Л.С.Нұрбосынова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Катенов, кафедрамыздың жетекші оқытушысы Г.Д. Исағалиева, әлеуметтану магистрлері В.Т.Еңсеева және А.Н.Игенбай жұмыс жасайды.  

Философия және саясаттану кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия кафедрасының меңгерушісі -  философия ғылымының докторы, профессор Ж.А. Алтаевпен, ҚР БҒМ ғылым Академиясына қарасты философия институтының – директоры А.Н. Нысанбаевпен серіктестік қатынас орнатқан.

Бүгінгі күні кафедраның ғылыми біліктілік деңгейі 80% құрайды. Кафедра ұжымы бір-бірімен достық қарым-қатынаста, анықталған бір мақсатқа бірігіп, бар ынта-шынтасымен жұмыс жасауға әзір тұрады.  

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image