ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136
        Кафедраның қысқаша тарихы. 2008 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-да қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының іргесі қаланды. Кафедра ашылғаннан бастап болашақ заңгерлерге білікті ғалымдар дәріс оқып, педагогикалық қызмет атқарды, олар: 

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ә.Е. Бектұрғанов, заң ғылымдарының докторы, профессор Л.Қ. Еркінбаева, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ш. Дүсіпов, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Т. Таймерденов, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Беисов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.С. Тыныстанова, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Сериев,Досымбет Калдарбек з.ғ.к., доцент, Беков Кайрат Абдукаримұлы з.ғ.к., доцент,Мукажанов Ахметжан Камзанұлы з.ғ.к., Қойшыбайұлы Қуаныш Ph.D. философия докторы, Алтынбекқызы Алуа Ph.D. Сонымен қатар, кафедрада аға оқытушылар Б.Е. Молдабеков, Е.С. Белгібеков, М.Қ. Каукеев, И.С. Амреева,  оқытушылар Д.Н. Бекежанов, Е.Н. Нұрділданов, А.Т. Өзенбаева білім беру қызметін атқаруда.

Сапалық  көрсеткіші  50% құрайды

          Кафедра оқытушылары университеттің барлық факультеттеріне «Құқық негіздері» курсы бойынша дәрістер жүргізеді. Бұл қоғамдық маңызы бар пән бойынша студенттердің үлгерімі әрқашанда жоғары.
        Кафедра меңгерушісі туралы мәлімет. Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасына 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сериев Болат Абдулдаұлы меңгеруші болып тағайындалды.

          Сериев Болат Абдулдаұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, базалық мамандығы – «Заңтану». 2008 жылы «Қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі» мамандығы бойынша «Еңбек заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс жүргізуге жәбірленушінің өкілі ретінде адвокаттың қатысуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Заңгер этикасы» атты оқу құралы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің құқықтық тетіктері» атты әдісмелік құралы, «Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» ғылыми монографияның авторы.

          Кафедра негізгі бағыты. Кафедра жұмысының негізгі бағыты – оқытушылардың білім беру ісінде әдістемелік шеберлігін шыңдау, инновациялық құралдарды меңгеру және жұмыста пайдалану, берілетін пәндердің тақырыптарына оқу-әдістемелік құралдар мен кепілдемелер дайындау, сондай-ақ «Құқықтану» бакалаврлары мен «Заңтану» магистрларын дайындау.

          Кафедра жанынан Алматы облыстық соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының қаржылық қолдауымен ашылған Сот мәжілісі залы жүйелі жұмыс жасайды. Сот мәжілісі залында Талдықорған қалалық соты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар бойынша сот процестерін өткізіп отырады.
 
          Кафедраның Криминалистикалық зертханасы өз деңгейінде жұмыс жасауда. Зертхана қазіргі заманғы техника және ақпараттық-технологиямен қамтылған. Криминалистикалық зертханада заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Беисов, кафедраның аға оқытушысы, полиция полковниктері Б.Е. Молдабеков, Е.С. Белгібеков дәріс жүргізеді.
          Кафедраның ғылыми жұмысы. «Нұр-Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы, Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен жыл сайын дәстүрге айналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференция ұйымдастырып отырады.
 
          Алматы облыстық балаларды қорғау Департаментімен бірлесе отырып, кәмелет жасына толмағандардың қылмыстылығын алдын алу мәселелері бойынгша зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

          Кафедра білімгерлерінің ғылыми жұмыстары.
          «Құқықтану» мамандығының студенттері кафедраның доценті С.С. Тыныстанованың ғылыми жетекшілік етуімен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президентінің қорының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік ғылыми жұмыс» байқауында бас жүлде алынды.

          Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының бастамашылығымен құрылған Алматы облыстық Ішкі істер департементі Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасымен келісілген заң факультетінің білімгерлері арасында «Жас қыран» құқықтық тәртіп жасақтары жұмыс жасайды.

          Кафедра оқытушылары әркезде студенттердің ғылыми жұмыстарына бастама болып келеді. Оларды студенттік ғылыми конференцияларға дайындайды. Ғылыми үйірмелер құрып топтармен жұмыс жасайды. Аға оқытушы Д.И. Ашимова және оқытушы Ж.Н. Сарсеқұлов «Әділ сот», оқытушы Е.С. Белгібеков, А.Т. Өзенбаева «Криминалист» атты ғылыми үйірмелер үйлестіріп, жұмыс жасайды.
          Кафедраның әріптестігі мен халықаралық байланысы. Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы әр кезде Ресей Федерациясының Сібір Федералдық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұттық университеті, Л.Гумелеев атындағы Евразия ұлттық универсиеті қызметтестік жұмыстар атқаруда.

          Ресей Федрациясының Сібір Федериалдық университетінде аға оқытушы Б.Е. Молдабеков, з.ғ.м., аға оқытушы Т.Е. Уразымбетов, з.ғ.м., оқытушы Д.Н. Бекежанов іс-тәжірибеден өтіп қайтты.
          Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы ұжымы облыстық құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар атқаруда. Алматы облыстық сотының төрағасы М.Т. Таймерденов, Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Ж.Х. Кембаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаментінің төрағасының бірінші орынбасары А.С. Байкенжиев және т.б. қонақта болып, заң факультетінің оқу-тәрбие жұмысымен танысып тұрады.

          Бүгінгі күні кафедраның ғылыми дәрежелігі – 45%. Кафедра ұжымы барынша тату, бірлігі күшті, белгілі мақсатта жұмыс істеуге мүдделі оқытушылардан құралған ұжым болып табылады.

          Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы оқытушы-профессорлық құрамының жетістіктері:

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Айдарханов Аян
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Ратаев Ардан
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы

Пайдалы сілтемелер

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image