ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136
         Қысқаша тарихи анықтама: 2008 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті заң факультетінде мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы құрылды.
          Заң факультетіндегі мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып заң ғылымдарының кандидаты, доцент Көпбасарова Гүлнұр Кенжебайқызы болып сайланды.
          Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының қалыптасу кезеңінен оның басында белгілі ғалымдар тұр: заң ғылымдарының докторы, профессор – Ә.Е. Бектұрғанов; заң ғылымдарының докторы, профессор – Е.Ш. Дусипов; заң ғылымдарының докторы, профессор – Л.К. Еркінбаева.
          Қазіргі кезде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 19 адамнан тұрады, оның ішінде: 3 з.ғ.д, профессор; 5 з.ғ.к., доцент, 8 аға оқытушы, 1 оқытушы атап айтсақ, ҚР ұға корреспондент-мушесi, заң ғылымдарының докторы, профессор - Ә.Е. Бектұрғанов; заң ғылымының докторы, профессор – Е.Ш. Дусипов; заң ғылымдарының докторы, профессор – Л.К. Еркінбаева; заң ғылымдарының кандидаты, доцент - Г.К. Көпбасарова, Чингаева Бахтыгуль Кененсарықызы з.ғ.к., доцент, Н.Ш. Шеримова, Карабеков Нурлан Наурызбайұлы з.ғ.к., доцент, ; құқық магистрлері – А.Б. Жуниспаева, А.А. Альшуразова, Ж.Т. Шаймуханова; тәжірибелі аға оқытушы - А.Б. Досымбек. Жалпы кафедраның дәрежелілігі 54% құрайды
          Теориялық мәселелерді зерттеудің дұрыс таңдалған ғылыми және методикалық әдістемелері кафедраның қызметкерлері мен магистрларына құқықты өзекті мәселелерімен, нарықтық экономиканы реттеудің, оны дамытуды өзекті мәселелерімен терең зерттеуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде Қазақстанның заң ғылымының дамуына үлес қосуда.
 
         Кафедра меңгерушісі туралы мағлұмат: кафедра меңгерушісі болып - заң ғылымдарының кандидаты, доцент Көпбасарова Гүлнұр Кенжебайқызы.

          1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі заң факультетінің «Заңтану» мамандығына түсті, 2002 жылы жоғарыда аталған университетті үздік оқып бітірді.

          2003-2004 ж.ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасында стажер-ізденуші болды.

          2004-2007 ж.ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде аспирантураның күндізгі бөлімін оқып бітірді.

          27 маусым 2008 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор Ә.Е. Бектұрғановтың жетекшілігімен кандидаттық диссертацияны мына тақырыпта қорғады: «Правовое регулирование трансграничных экологических загрязнений в Республике Казахстан».

          Марапаттаулары:

          01.09.2010 жылы «Егеменді Қазақстанның дамуына әлеуметтік және рухани үлесін қосқандығы үшін» мақтау қағазымен марапатталды.

          15.05.2010 жылы тіркелген номері №23-04-266 халықаралық семинарда квалификациясын жоғарлату мақсатында «академиялық Болон процесінде» сертификат алды.

          2010 жылы «Жастар - Қазақстан халқының бірлігін қолдайды» жалпыұлттық форумге қатысқандығы үшін сертификат алды.

          17.04.2010 жылы «Сот практикасында жер заңдарын қолдануға» қатысқандығы үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Қадағалау Коллегиясының Председателі А.Смолина және Бремен қ.(ФРГ) университетінің құқық докторы Х.И. Шремена және Бремен қ.(ФРГ) аумақтық судиясы Г.Шинстгермен бірге сертификат алды.

          2010 жылы наурыз айында Талдықорған қаласының маслихат секретарі М.Бопазова жастарға азаматтық позициясын жоғары білгірлігін көрсеткені үшін мақтау грамотасымен марапатталды.

          2008 жылы 1 қыркүйекте з.ғ.к., д. Г.К. Копбасарова «Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасына» аға оқытушы болып жұмысқа орналасты, 2008 жылы 2 желтоқсанда осы кафедраның меңгерушісі болып тағайындалады.
 
          Оқу жұмысының бағыты мен нәтижелері:

          2010 жылдың қыркүйек айынан бастап студенттік ғылыми үйірме «Фемида» қызмет етеді. Үйірменің жұмысы мемлекеттік құқық (шет елдердің конституциялық құқығы) және халықаралық құқық бағыттары бойынша жүргізіледі. Ғылыми жетекшісі (төрайымы) құқық магистрі, аға оқытушы С.Г. Қожахметова.

          2010 жылы 13-25 желтоқсан айында Сібір федералды университетінің Заң институтында А.М. Байжуманова, А.Қ. Қожатаев магистранттары ғылыми стажировкадан өтті. Стажировканы арнаулы бағдарламамен өтті, лекцияға қатысты, қітапханада жұмыс істеді және басқа да іс-шаралармен айналысты.
          Кафедраның және студенттердің ғылыми жетістіктері:

          Кафедра оқытушылары ғылыми конференцияларға, ғылыми теориялық семинарларға қатысады.

          Кафедра аға оқытушысы, құқық магистрі С.Г. Қожахметованың жетекшілігімен 3-курс студенті А.Мусекенованың «Правовые основы защиты прав беженцев» атты тақырыпта ғылыми жұмысы 28 қаңтар – 28 наурыз 2011 жыл ҚР тұңғыш президентінің фонды студенттік үздік ғылыми жұмыс конкурсына ұсынылып, 12 мамыр 2011 жылы «Үздік ғылыми жұмыс» диплом мен медаль иеленді.

          12-13 сәуір 2011 жыл ҚР жоғарғы оқу орындары 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттердің ІІІ Республикалық пәндік олимпиадасына 4-курс студенттері А.Расбекова, А.Ерболатқызы, М.Қоныспаева қатысып жүлделі І орынды иеленді, ғылыми жетекші Құқық және экономика негіздерінің магистрі А.Б. Жуниспаева.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Айдарханов Аян
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image