ҚазақшаРусскийEnglish

Меню








Warning: Parameter 3 to mb_videobot() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/v-6393.webspace/www/zhgu.edu.kz/libraries/joomla/event/dispatcher.php on line 136

Жетекшісі: Тукенова Наталья Иембергенқызы, қашықтықтан оқыту технологиялар институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Телефон: 8(7282) 22-17-79.
Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Қызмет ету саласы:
Қашықтықтан оқыту технологиялары студенттерге  білім  берудегі университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің (ЖМУ) құрылымдық бөлімшесі ретінде 2011 жылы оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологияларын (ҚОТ) тиімді қолдану мақсатында қашықтықтан оқыту технологиялары институты (ҚОТИ) құрылды.
Оқу үрдісі  заманауи білім беру технологияларына негізделген, студент ЖМУ-нің білім қоры мен тестілік бақылау жүйесін Интернет арқылы пайдалана алады.
ҚОТИ оқу үрдісінің технологиялық қамтамасыздандырылуын жүзеге асырады, әрі оқытушылар құрамына қашықтықтан оқыту технологияларын меңгертеді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
1. Тұрғылықты мекен-жайындағы (уақытша мекеніндегі) негізгі қызметінен ажырамай-ақ, бірінші немесе екінші жоғары білім алу мүмкіншілігі;
2. Жеке оқу жоспары бойынша білім алуға мүмкіндік;
3. Оқу қарқынын өзі таңдай алуы;
4. Өзге қалалардағы студенттердің оқу орнына қатынасудағы жол мен Талдықорған қаласында  мекендеу шығындарын  оңтайландыру мүмкіншілігі;
5. Қорытынды аттестациядан сәтті өткеннен кейін, мемлекеттік үлгідегі диплом (жоғары білім туралы диплом) беріледі.
Білімді пайдалана отырып, студент келесідей мүмкіндіктерге ие болады:
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне қолжетімділік;
Оқытушыға (тьюторға) сұрақ қою және кеңес алу;
Бақылау (курстық) жұмысты (сондай-ақ электрондық нұсқада) жіберіп, оған оқытушының сын-пікірін алу;
Білімінің қорытындысын  бақылау  сынақ,емтихандарының тест түрінде өтуі;
Сессия кестесін  білу;
Оқу үрдісі жөніндегі ақпарат  қамтылатын жаңалықтар форумын көру;
ЖМУ-нің электронды кітапханасын пайдалану;
Оn-line жүйесінде студенттер және оқытушылармен байланысу.
ҚОТ институтының қызметінің негізгі бағыттары:
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару;
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үрдісін ақпараттық-техникалық қамсыздандыру;
Ақпараттық білім қорларының дерекқорын құру;
Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды (АКТ) тиімді пайдалануда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің әкімшілік, инженерлік-техникалық және ғылыми-педагогикалық кадрларын қайта дайындауға қатысу;
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік қор:
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің электрондық кітапханасы;
электрондық дәрістер, электрондық оқулықтар және құралдар;
курстық кейстер;
бейнедәрістер және бейнематериалдар;
Интернет ресурстары;
аудиоматериалдар.
ҚОТ бөлімі қамтамасыз етеді:
оқу үрдісіне заманауи оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдар мен автоматтандырылған оқу жүйелерінің бағдарламалық қамсыздандырылуы мен ақпараттық-техникалық және ақпараттық-кітапханалық жүйелерді еңгізу;
қашықтықтан оқыту технологиялары құралдарын әзірлеу және еңгізу;
оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды және  дидактикалық материалдарды электрондық тасымалдалдаушыларды әзірлеу;
электрондық кітаптар, мультимедиялық курстар, әдістемелік құралдар және басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеу, алу және игеру;
тестілеу жүйелері мен өзге де білімді бақылау құралдарын, ҚОТ үшін қажетті ақпараттық қорларды қолдану әдістемесін әзірлеу және енгізу;
білім алушалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу үрдісінде телекоммуникация құралдары арқылы араласуын ғылыми және әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру;
ақпараттық жүйеде білім алушылардың ағымдық оқу үлгерімі мен аралық бақылаулары жалғандық пен бұрмалаудан шектеулі рұқсат етілген электрондық әдістер арқылы қорғалуын, тәуелсіз бағаланылуын, жұмыстарын  аумақтық аттестациялық комиссияларда көпшілік алдында қорғауын ұйымдастыру.
ҚОТ институтын енгізуде  күтілетін  нәтижелер:
1. Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудағы оқытушылардың біліктілігін көтеру.
2. Педагогикалық ұжымның білім беру  үрдісінде қолданылатын инновацияларды ескере отырып, білім кеңістігінің негізін құру.
3. Жаңа технологияны пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.
4. ҚОТ арқылы оқитын студенттердің білім сапасы барлық пәндер бойынша дәстүрлі оқитын студенттердің  білім сапасынан артық.
5. Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін  және ғылыми-зерттеу жұмысының деңгейін көтеру.
6. Еңбек нарығында бәсекеге қабелетті түлек дайындау.

Кіру/Тіркеу

ЖМУ мақтанышы

  • Мадиканов Абылайхан Кайратович
  • Балғабай Фариза Нұржанқызы
  • Айдарханов Аян
  • Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы
  • Сабырбай Нұршат  Қанатұлы
  • Спанова Жания Айтқалиқызы
  • Ратаев Ардан

Пайдалы сілтемелер

  • Қазақстан тарихы
  • image
  • image
  • ONLINE-EXPO 2017
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қатысу статистикасы

Online Expo-2017

  • image